Үнді мұхиты
Үнді мұхитының бір аралында ғажайып бір көл бар. Оның сұлулығындай көлді ешкім көрмеген болар. Күндіз айнадай жарқырап тыныш жатады. Ал, қалай кеш батты деңіз, сол-ақ екен, көл үсті отша жанып, өртене бастайды. Кәдімгі бейне бір салют беріп жатқандай. Міне, бұрқ етіп шоқтар ұшты. Олар су үстіне сөнбеген қалпы қайта жауып жатыр. Қайсыбір жерде от сақиналар дөңгелеп, біріне-бірі соғысып атылады. Енді бір жерде шұбалаңдаған арқан тәріздес оттар көрінеді. Кәдімгі айдаһардан бір де кем емес. Егер де осындай тамашаны көріп тұрған сіз ол суға шомылатын болсаңыз, онда өзіңіз де отша жанып, жарқылдап кетер едіңізКөлдің бұлай от болып жарқырау себебі оның үстіндегі миллиардтап жыбырлап жүрген бір клеткалы организмдердің әсері екен.
Күріш
Күріш адам ағзасын жақсы тазалайтын күшті қасиетке ие. Оның түрлі сұрыптарынан тағам дайындалады. Негізгі азықтық дақылдардың бірі саналатын күріш дәнінен – спирт, крахмал алынады, сыра қайнатылады, сабанынан қағаз жасалады. Кебегі – мал азығы, одан жоғары сапалы май алуға да болады.Мамандардың айтуынша, күріш-калориясы төмен азық. Азиялықтардың мүсінінің әсем, өздерінің ұзақ өмір сүретінінің сырын
|
зерттеушілер, ол күрішті көп тұтынатындықтан, деп түсіндіреді. Күріштің құрамында көмірсулар 80, жасұнық 3 пайызды құрайды. Сол себепті, көкөністерден дайындалған тағамға күрішті де гарнир ретінде ұсынады.Сонда, күріш несімен пайдалы? Құрамында глютена жоқ болғандықтан. Глютена дегеніміз – ағзада қатты аллергиялық реакция тудыратын ақуыздар ғой. Ал, енді күріш құрамындағы ауыр көмірсулар тағаммен адам ағзасына еніп, оның бұлшық етіне жинақталады да, күш-қуатты керегінше шығарып отырады. Күріштің құрамында магний, темір, В тобының дәрумендері бар. Ақуызға бай күріш ағзаны қажетті амин қышқылдарымен қамтамасыз етеді.
|
Бүркіт
Қазақстан мен Қырғызстанда бүркітті баяғы заманнан-ақ аң аулау үшін баптаған. Ол қоян, түлкі сияқты аңдарды аулауға тез жаттығады.
Бүркіт – мекен-жай ауыстыра бермейтін отырықшы кұс. Ұясын тұрған жерінің жағдайына қарай діңі жуан ағаштардың қуысына, кұз жартастарға, мықты талдарға салады. Бүркіттің ұясы кәдімгідей орнықты кұрылыс. Оның биіктігі кейде екі метрдей болады. Табанына кепкен шөптен, жүн мен қауырсыннан жұмсақ төсеніш
|
салады.
Бүркіттің ұрғашысы еркегінен ірілеу келеді. Екеуінің де қауырсыны қара қошқыл, кей жері сарғыштау болады. Ұясына 1-3 жұмыртқа салады. Оны 45 күн басады. Басты «жылытқыш», әрине, аналық бүркіт. Әйтсе де, еркегі де болашақ ұрпағын аз уақыт та болса бауырына басып жылытады.
Балапандар алғаш ата-анасының тікелей бақылауында болады. Өмір сүрудің алғашқы әліппесін үйренеді. Үш айлығында еркін ұшып- қона алады.
|
Наурыз
Наурыз – парсы сөзі, қазақшасы «Жаңа жыл», «күн» деген ұғымды білдіреді. 22 наурыз – бүкіл Шығыс халықтарының мерекесі. Бұл – күн мен түннің теңелетін, қардың еріп, көктің шыға бастайтын кезі. Наурыз күнін адамдар жаңа жылдың басы – «Ұлыстың ұлы күні» деп атап, зор қуанышпен қарсы алған. Наурыз күні халық таза киініп, бірін-бірі құттықтап, қуаныш дастарқанын барынша мол жаяды. Наурыз – діни мейрам емес, жалпы халықтық мереке. Наурыз – табиғат мейрамы, аса зор салтанат, ұлы жиын. Адамдар бұл күні «бәріміз де табиғат перзентіміз, оны аялайық, бергеніне риза болайық»,
Бұл күні қандай күнә болса да кешірілуге тиіс, жеке адамдар арасындағы бас араздықтар да кешірілуге тиіс. Ерте кезде Орта Азия әкімдері: «Бұл күні Самарқанның көк тасы да жібиді», – деп зынданда жатқан тұтқындардың қол-аяғын босатып, кешірім берген.
Бұл күні адамдар бірін-бірі мынадай сөздермен құттықтаған: «Ұлыс құтты болсын!», «Ақ мол болсын!», «Ұлыс береке берсін, бәле-жала жерге енсін!». Сөйтіп, адамдар бір-бірінің қатесін кешіріп, татуласады, оның аяғы ойын-сауық, ән-күйге жалғасады.
Наурыз көже – азықтың жеті түрінен жасалады. Қазақстанның әр жерінде көженің құрамына салынатын азық-түлік әр түрлі болғанымен, жетіден аспауы керек. Наурыз көженің құрамына бидай, тары, күріш, ет, тұз, сүт, су қосылу керек. Бұған қыстан шыққан қазы, шұжық, сүр ет сияқты сыйлы, сыбағалы мүшелер де қосылады.
(199 сөз). «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» кітабынан
Достарыңызбен бөлісу: |