4. Елді мекен топырағының санитарлық жағдайы және елді мекендерді санитарлық тазалау.
Елді мекендерді санитарлық тазалау дегеніміз – тұрғындардың денсаулығын қорғауға және оңтайлы өмір сүру жағдайын тұдыруға бағытталған жоспарлы – санитарлық, санитарлық – техникалық және шаруашылық шараларының кешені.
Елді мекендерді тазартуға қоқыстарды жинау, шығару, залалсыздандыру және өтелдеу жатады. Қоқыстардың түрлері: қатты және сұйық, газ тәріздес болады. Сұйық қоқыстарды тазартудың екі жүйесі бар: шығару (ассенизациялық) және ағызу (канализациялық).
Канализацияланбаған елді мекендердің сұйық қалдықтары қазылған орға (әжетхана және жуынды құятын) жинақталады, ассенизатор машиналары арқылы шығарылады да топырақ әдісі арқылы залалсыздандырылады (ассенизация және көму алаңдары).
Канализацияланбаған елді мекендерде люфт - клозет дәретханасын пайдалану тиімді. Себебі, оның желдеткіш каналы арқылы ауа сыртқа шығып, иісі қолайсыз жағдай тудырмайды. Көбіне люфт – клозеттарды мектеп, дәріхана, аурухана, балалар мекемелерде және тұрғын үйлерде орналастыруға ұсыныстар беріледі. Ал сұйықтар ассенизаторлар арқылы тасымалданып, топырақ әдісі арқылы залалсыздандырылады.
Канализация жүйесінің құрылымы:
ластарды қабылдағыштар;
канализация құбырының торабы;
қарау құдықтары;
тазалау құрылымдары;
Канализация жүйесінің түрлері:
тұрмыстық – шаруашылық;
өндірістік;
ағынды сулар (атмосфералық жауын – шашындар, еріген қар сулары)
Көбіне, барлық канализация жүйесінің бірге жұмыс істегені ұтымды болады. Кей жағдайларда бөлек жұмыс жасай алады. Канализациондық құбырлар арқылы сұйық қалдықтар елді мекендерден тыс орналасқан тазалау құрылымдарына жіберіледі. Тазалау құрылымдарында сұйық қалдықтар механикалық, биологиялық тазартуға ұшырайды.
Тазалау жұмысының негізгі міндеті су тоғандарына немесе сүзу алаңдарына жіберілетін қалдық сулар су көзіне және топыраққа, жалпы қоршаған ортаға қауіп тудырмау.
Іркінді суларды механикалық тазалау – ауыз судың сапасын жақсарту әдісінен де күрделі өтеді. Жүргізу жолдары:
тор.
құмұстағыштар.
тұндырғыштар.
Бұл жолдан өткенде іркінді сулар минералды және органикалық заттардан тазаланады.
Биологиялық әдіс арқылы еріген және коллоидты органикалық заттардың залалсыздандырылуы жүреді. Биологиялық әдістің 2 түрі бар: жасанды (биосүзгіштер, аэросүзгіштер, аэротенктер), табиғи (сүзу және суландыру алаңдары).
Адамның іс - әрекетінің салдарынан жиналатын қатты қоқыстарды жинау және шығарудың бакты, баксыз түрлері болады.
Бакты түрі алмастыралмайтын және алмастырылатын жүйемен орындалады.
Алмастырылмайтын жүйеде қоқыс жинағыштағы қалдықтарды тасымалдаушы жинағышқа босатады да, орнына құяды.
Алмастырылатын – қоқыс жинағышты қоқыстармен алып кетеді де, құралды залалсыздандырады, жуады.
Баксыз жүйе – канализацияланбаған елді мекендерден арнайы транспорт көмегімен қатты қоқыстарды жинау.
Қатты қалдықтардың түрлері:
Үй қалдықтары.
Көше қалдықтары.
Өндірістік қалдықтар: - қоғамдық тамақтану мекемелері
- өнеркәсіп мекемелері
Навоз (қи).
Мал өлекселері.
Құрылыс қалдықтары.
Емдік – профилактикалық мекемелер қалдықтары.
Қатты қоқыстарды тазалау кезеңдері:
Жинау.
Шығару.
Залалсыздандыружәне өтелдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |