II. Кокцидий отряды — Соссіdіа
Бұл отряд өкілдерінің ішінен маңыздысы - токсоплазма.
Токсоплазма — Тохорlasmа gondіі — адамның және жануарлардың токсоплазмоз ауруын тудырушы, барлық жерлерде кең таралған паразит.
Токсоплазма адам ағзасының әр түрлі мүшелерінде — бас миында, скелет (қаңқа) және жұрек бұлшықеттерінде, кез ұлпасында, өкпеде, жатыр қабырғасында және ұрық қабықшаларында кездеседі.
Морфофизиологиялық ерекшеліктері.
Т оксоплазма эндозоит сатысында апельсин жемісінің бір бөліміне немесе жарты айға ұксас болады; оның өлшемі — ұзындығы 4—7 мкм, ені — 2—4 мкм. Оның ал-дыңғы жағы қысыңқы, ал артқы жағы кең және домалақтанып келген. Денесін пелликула қаптап тұрады, денесінің алдыңғы жағында конус тәрізді кұрылым — коноид болады. Оның кабырғасында ширатылған фибриллдар кездеседі. Коноид паразиттің иесі денесіне енуі кезінде тірек кызметін атқарады деп есептелінеді. Коноидтан кейін токсоплазма денесінің артына карай бірте-бірте кеңейген қалта тәрізді органоид — роптрий бастама алады. Роптрийда паразиттің жасушаға енуін жеңілдететін заттар болады. Роптрий айналасында, дененің алдыңғы жағында, онымен байланысқан және ирелендеген жіпшелер — микронемалар кездеседі.
1-коноид,
2-микрожіпшелер,
3-микротүтікшелер,
4-микропоралар,
5-майтамшылары,
6-ядро,
7-эндоплазмалык тор,
8-Гольджи кешені,
9- митохондрия,
10-роптрии.
Достарыңызбен бөлісу: |