Араб және қазақ тілдеріндегі коммерциялық хаттардың түрлері және тілдік сипаты
I тарауда атап өткен ресми іс қагаздары стилі саласын зерттеп жүрген ғалымдар бұл стильдің түрлерін анықтап саралағанымен, бұл топтаудың кейбір тармақшаларын зерттеген еңбектер кездеспейді. Соның ішінде коммерциялық құжаттардың бір тармағы болып табылатын іскери хаттардың коммерциялық түріне сипаттама беру жоқтың қасы. Бүл орайда орыс, шетел ғалымдары қазақ ғалымдарынан көш ілгері екенін атап өту жөн болар.
Коммерциялық хаттар тілінің тілдік белгілері әлі зерттеу объектісі бола қоймаған сала болғандықтан әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, талдау жасауға ұмтылыс жасамақпыз. Жалпы хаттарды мәтін деп алсақ, ондағы мәтін құрып тұрған тілдік белгілер - сөздер болып табылады. Ал сөзден сөз тіркесі, сөйлем құралатыны мәлім.
Лексика, фонетика, морфология, синтаксис, стилистика сияқты тіл білімінің барлық деңгейлерінің зерттеу нысанына айналатын сөз - тілдік белгілердің ішіндегі ең бастысы, негізгісі.
Біз негізге алып отырған тілдік бірліктердің синтаксистік құрылымы төмендегі интегранттардан тұрады: лексема, синтагма, сөйлем, комплекс, пассаж.
Егер бұл сөздерге деффинициялық түсінік жасар болса, лексема -лексикалық және грамматикалық мағыналардан құралған сөз. Синтагма -конгруэнтность тән синтаксистік-мағыналық толық бір құрылым немесе сөзжасамдағы семантика-синтаксистік байланыс. Комплекс - логика-грамматикалық байланысқа құрылған сөйлемшелер. Ал пассаж дегеніміз - синтаксистік комплекстер арасындағы байланыстың (когезияның) болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |