Қараджанова Машхура Расуловнаның дипломдық жұмысында қасиеттері жаңа полимерлік гидрогельдер синтезделіп, олардың физикалық, химиялық қасиеттері зерттелінген



Дата12.10.2022
өлшемі13,28 Kb.
#152798
түріДиплом
Байланысты:
Машхурага пікір (1)


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті жараталыстану факультеті, химия кафедрасы «5В011200-Химия» мамандығының 4 курс студенті Қараджанова Машхура Расуловнаның «Полиакрил қышқылы негізіндегі интергелдік жүйелердің қасиеттерін зерттеу тақырыбындағы дипломдық жұмысына

ПІКІР
Қараджанова Машхура Расуловнаның дипломдық жұмысында қасиеттері жаңа полимерлік гидрогельдер синтезделіп, олардың физикалық, химиялық қасиеттері зерттелінген. Жұмыстың тақырыбы мен мақсаты толықтай бір-біріне сәйкес келеді.


Дипломдық жұмыс стандартқа сәйкес кіріспеден, әдеби шолудан, тәжірибелік бөлімнен, нәтижелер және оларды талқылаудан, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады. Реферат 3 тілде берілген, онда жұмыстың көлемі, пайдаланылған сурет, кесте, әдебиеттер саны атап көрсетілген. Сондай-ақ рефератта кілт сөздер, зерттеу нысаны, жұмыстың мақсатымен қатар зерттеу әдістеріне де шолу жасалынған. Әдеби шолу 25 беттен тұрады, ол берілген мемлекеттік стандарттан 13 бетке артық. Жалпы мұнда полимерлік гидрогельдердің комплекс түзу ерекшеліктерін, тәжірибелік бөлімде бастапқы заттар мен еріткіштерді, ал нәтижесінде олардың физика-химиялық қасиеттерін қарастырған. Пайдаланылған әдебиеттер тізіміне келетін болсақ, ескі, жаңа әдебиеттерді жақсы қолданған, дегенмен барлығы 71 пайдаланылған әдебиет көрсетілген болса, оның бар-жоғы 32-не ғана сілтеме қойылған. Ал қалған әдебиеттерге сілтеме қойылмаған.
Жұмыс барысында орфографиялық қателеріктер көптеп жіберілген. Атап айтатын болсам кіріспесінің алғашқы сөйлемдерінің өзі қателіктермен басталған және бұл аталған қателіктер жұмыстың көптеген бөліктерінде бар. Алайда бұл қателігіне қарамастан жұмыс жоғары дәрежеде жазылған және мазмұны толықтай ашылған. Зерттеудің мақсаты, міндеті, мазмұны, әдістері жұмысқа қойылған талаптарға сай. Қараджанова Машхура тақырыпты толықтай түсіндіре, зерттей білгені үшін менің бұл жұмысқа деген қызығушылығымды оятты. Өзімнің пікірімді қорытындылай келе бұл жұмысты ары қарай да жоғары дәрежеде зерттеп, полимерлік гельдерді нанотехнологияда колдану аясын кеңітуді ұсынар едім.

Пікір беруші,


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінің 2 курс студенті Сейтхан Н.Б

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет