“лат. Defectus- кемістік, грекше logos- сөз, іліғылымдарға ” педагогикалық жатады.
Кемістігі бар балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін, оларды тәрбиелеудің және оқытудың ерекшеліктерін зерттейді;
Ғылым таным саласы ретінде денесінде және психикасында кемістігі бар балаларды және оларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерімен шұғылданады;
Дефектология невропатология , генетика, психология, педагогика, тіл білімі секілді бірқатар ғылым салаларымен де тығыз байланысты. Шет елдердің көпшілігінде «Дефектология» терминінің орнына «арнайы оқыту» термині қолданылады. Ал Германияда, Австрияда, Швецияда бұл сала «емдік педагогика» деп аталады. Бұрынғы КСРО-да Дефектология жөніндегі ғылым-зерттеу жұмыстарын Мәскеудегі Педагогика ғылымдар академиясының Дефектология институтында, Киев педагогикажәне психология институтында, басқа да педагогикалық институттардың дефектология факультеттерінің кафедраларында, мектептерде жүргізілді. 1931 жылы Алматыда құлағы мүкіс, 1932 жылы көз кемістігі бар балалар үшін алғашқы арнаулы мектептер ашылды. XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап көмекші мектептер жұмыс істеп келеді. Мұндай мектептерде жұмыс істейтін арнаулы кадрлар 1976 жылдан Алматы мемлекеттік университетінде, 1984 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде даярланады. Қазақстанда табиғи кемістігі бар балалар мемлекет есебінен арнаулы мектептерде тегін оқытылады.[2]
Салалары :
Сурдопедагогика – есту қабілетінің кемістігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту
Тифлопедагогика- көру кемістігі балаларды оөыту мен тәрбиелеу
Олигофрено-педагогика- ақыл кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу
Логопедия- тіл мүкісін зерттеу мен түзету мәселелері
Дефектология
ТІЛ КЕМІСТІГІ ДЕП СӨЙЛЕУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ПСИХОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМІНІҢ БҰЗЫЛУ САЛДАРЫНАН СӨЙЛЕУШІНІҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ТӘН МӨЛШЕРДЕН АУЫТҚУЫН АЙТАМЫЗ. ЛОГОПЕДИЯ ҒЫЛЫМЫНДА ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ШЕШІЛМЕЙ КЕЛЕ ЖАТҚАН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БІРІ- ЖҮЙЕЛІ ҒЫЛЫМИ ТҰРҒЫДАН ТІЛ КЕМІСТІКТЕРІН ТОПТАСТЫРУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
Тифлопедагогика – көру кемістігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу. Көру талдағыштарының зақымдану дәрежесі көз өткірлігінің төмендеуінен байқалады. Олар соқыр және нашар көретіндер деп екіге бөлінеді.
АҚЫЛ ЕСІНІҢ ДАМУЫ ЗАҚЫМДАНҒАН БАЛАЛАРДЫ ЗЕРТТЕП, ОҚЫТУ, ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУМЕН ПЕДАГОГИКАНЫҢ АРНАЙЫ САЛАСЫНЫҢ БІРІ- ОЛИГОФРЕНОПЕДАГОГИКА.
ДЕФЕКТОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ:
Түрлі кемістігі бар балалардың дене және психикалық дамуының объективті заңдылықтары мен ерекшеліктерін терең жан-жақты клиникалық-физиологиялық және психиологиялық-педагогикалық зерттеу;
Кемістігі бар балаларды жан – жақты клиникалық, физиологиялық, психологиялық зерттеу;
Кемістігі бар балаларға арналған арнайы мекемелерді ұйымдастырып, дамытудың принциптерін жасау және негіздеу;
Кемістігі бар балаларға арналған мекемелердегі оқу – тәрбиелеу процесінің мақсаттарын, ережелерінің мағынасы мен әдістерін анықтау;
Балаларда кемістікті болдырмаудың алдын-ала профилактикалық шараларп жүйесін жасау...