77
Бұл Тұжырымдама Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына; «Казақстан
Республикасың 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына»; Қазақстан
Республикасында білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына;
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Казакстан экономикалық,
әлеуметтік, саяси жаңғырудың қаркынды жолында» атты жолдауына, Болоньдегі Еуропа
елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы
ұсыныстарына сәйкес әзірленді. Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру
үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды
дамуы, сондай-ақ адамның интеллектісіне, әлаукаттылығына, оның икемділігіне,
жасампаздык іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы бола бастады.
Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі — өзгермелі әлеуметтік
және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге
белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке
тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын
мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік
жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылык, танымдық әрекетке
қызығушылығының басымдығы. Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі
тұрақты өзгерістерді ескере отырып, қоғам өміріне еркін енуіне дайындығын камтамасыз
ететін жалпы орта білімді дамытудың қарқынын арттыру кажеттілігін әлемдік тәжірибе
көрсетіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: