3.1 Оптикалық жүйе
Эндоскопиялық оптикалық жүйе (лапаро – немесе торакоскоп )бейнені таратудың бірінші буыны. Бұл аспаптын негізгі элементі - кішкене ғана линзалар жүйесінен тұратын оптикалық түтік. Лапароскоп адам денесіндегі қуыстардан бейнені бейнекамераға береді. Лапароскопиялық оптикалық жүйе келесі техникалық өлшемдерден тұрады:
Аспаптың диаметрі 10,5мм немесе одан кіші болуы мүмкін. 10- милиметрлік оптика оперативті эндохирургияда кеңінен таралған. 5 миллиметрлік лапароскопты балалар хирургиясында, диагностикалық іс шаралар үшін қолданады.Соңғы жылдары 1,9-милиметрлік лапароскоп құрастырылып шығарылды.
Көрудің кіреберіс бұрышы–осы бұрыш арқылы лапароскоп бейнекамераға бейнені жібереді. Орта шамамен бұл өлшем 800 аралығында болады.
Көру осінің бағыты–0,30,45,750. Егер көру осі 00 тең болса, лапароскопты торцтық немесе тік деп атайды,қалған жағдайларда лапароскопты қиғаш деп атайды. Кіру нүктесіне қарамай ол объектіні кез келген жағынан қарауға мүмкіндік жасайды. Хирургтің қолында қиғаш және тік оптикада болу керек.
24 - сурет Эндохирургиялық комплекс
Соңғы жылдары бейнетроакар мен бір рет пайдалану үшін қолданылатын лапароскоп ойлап табылды.
3.2 Бейнекамера
Оперативті лапароскопияның дамуы бейнекамералық техналогияның дамуына зор үлес қосты. Жоғарғы сапалы камера минимальді массалы, хирургиялық объектілердің кішкене ғана жағдайларын жоғарғы сезімталдылықпен, өте төменгі жарықтану болсада көрсете алады.
Қазіргі замаңғы кез келген эндобейнекамераның негізгі элементі - лапароскоп арқылы берілетін оптикалық бейнелерді электірлік белгіге ауыстыру үшін қажетті, жартылай өткізгіш фотосезімтал «кремнилік пластиналы – кристалл» болып табылады. Негізгі қызмет ету принципі жартылай өткізгіш кристаллдың сыртқы бетімен немесе бойымен зарядтарды тасмалдаудан тұрады. Бұл кристаллдың атауы - зарядтық байланысы бар құрылғы (ЗБҚ) деп аталады. Тағайындауына байланысты ЗБҚ-ны сызықтық және матрицалық деп бөледі. Аз габаритті эндобейнекамераларда матрицалық ЗБҚ - ны қолданады, мұндағы фотосезімтал пикселдік – элементтер матрицаға тармақ және бағанамен жазылады. ЗБҚ түрлі түсті бейнелерді түзу үшін әр пиксельдің үстінде кішкене ғана нақты бір түсті жарық сүзгіші орналастындай матрицаның барлық бойын түрлі -түсті жарық сүзгішімен жабады. Мұндай түстер үшеу – жасыл, алқызыл, көк, сонымен қатар жасыл түспен жарықсүзгішінің пиксельдерінің жартсы боялған,өйткені бұл оның бейнебелгі арқылы жарықтылық ақпаратын көрсетеді.
25- сурет. Лапароскоптың көру өсінің бағыты
26 – сурет. Лапароскоптың түрлері: диагностикалық,10-милиметрлік тік,
10- милиметрлік қиғаш
ЗБҚ матрицаларының негізгі сипаттамалары
минимальді жарық деңгейі
диоганальді бойынша жарық сезу өлшемі.
жарықсезгіш элементтердің саны.
белгі(сигнал) - шуыл қарым- қатынастары
электірлік қақпақ жұмысының ауқымы
Минимальді жарық деңгейі - операция кезінде тәнік (адекватты) түрде объектіні ажырату үшін, сыртқы жарықтанудың ең төмеңгі табалдырығында бейнекамера белгі береді. Қазіргі кездегі бейнекамераларда бұл өлшемдер 3 лк төмен емес. Қазіргі замандағы бір матрицалы бейнекамераларда телевизиалық стандартты S-VHS бейнесигналдың сапасын қамтамасыз ету үшін, пикселінде кристалл 470000 аз емес 1\3 дюйм (1 дюймда – 2,54 см ) болады. Бұл ретте рұқсат етілген 430 ТВЖ (телевизиондық желі) Камераларда белгі(сигнал) - шуыл қарым қатынастары 46дБ дан артық. Осы өлшем қаншалықты жоғары болса, бейненің қарайтылған аймақтарда «қоқыс» немесе «қар» түріндегі бұрмаланулар аз болады. Мұндай камералардың электронды қақпақтарының жұмыс істеу ауқымы 1\50 ден 1\10000 ға дейін жарықтанудың өзгерісіне байланысты 200 есе жоғары контрасты бейнені «бликсыз» көруге мүмкіндік жасайды.
27 сурет. Бейнетроакар («Visport») және бір рет қолданатын лапароскоп
Соңғы кезде жоғарғы деңгейлі бейнекамераларда үш ЗҚБ – матрицалы құрылғыны пайдаланады. Бұл өте жоғарғы сапалы бейнені 550 -600 ТВЖ – дан аз емес мөлшерде алуға мүмкіндік жасайды. Үш матрицалы жүйеде түрлі түсті бейнелер лапароскоптан жарық бөлуші блокқа (призмаға) түсіп, бейнелерді жасыл, қызыл, көк жасаушыларға ажыратады. Олар ЗБҚ – ның матрицаларының үшке бөлінген кристаллдарына ыдырап, әр қайсысы өздері сигнал түзеді.
Алайда бұл камералар өте үлкен, төмеңгі ауытқуы (аберрациялы) оптиканы қолдануды және аса жоғарығы жасау технологиясын қажет етеді. Осының салдарынан бұл камераларды кеңінен таралған жоқ, сонымен қатар бір кристаллды камераларға қарағанда едәуір қымбаттырақ тұрады.
Стереоскопиялық эндобейне жүйесі үш өлшемді, көлемді бейнені көргендей сезім береді. Бұл жүйенің құрамына стереолапароскоп, онымен қосымша стереобейнекамера, сигналды талдаушы электронды құрылғы, монитор және арнайы көзілдіріктер кіреді.
Стереобейнені тек назарды мониторға фокустағанда ғана ала алады. Назарды экраннан тыс алып қашу (мысалы аспаптарды ауыстыру кезінде ) жыпылықтау сияқты жағымсыз сезімге алып келеді.
Стереобейненің қарапайым моножүйеге қарағанда ешқандай артықшылығы жоқ, және барлық белгілі эндохирургиялық операциялар екі өлшемді бейнелермен жасауға болады. Сонымен қатар стереоқұрылғыны бағасы дәстүрлі құрылғылардан бірнеше есе қымбатырақ тұрады.
Практикалық тұрғыда қарағанда барлық қазіргі замаңғы бейнекамералар және лапароскоптар су өткізбейді, сондықтан оларды»сайдекс» және «вер –кон»ерітінділерінде зарарсыздандыруға мүмкіндік береді. Бейнекамералар мен лапароскоптарды зарарсыздандыру үшін құрғақ ыстық шкафты қолдануға болмайды, себебі олардың саңлаусыздығы, электрондар мен оптикалардың істен шығуы мүмкін.
Бейнекамераның ең жақсы асептикасын сақтау әдісі - операция алдында стерильді маталарды қапшыққа салу болып табыл
Достарыңызбен бөлісу: |