Қарағанды 2010 Әож 615. 471/472 кбж 54. 5Я7 а 44 рецензенттер: О. Б. Оспанов №3 хирургиялық кафедрасының профессорі Қмбф ақ «муа», «Ұлттық ғылыми медициналық орталық»



бет16/19
Дата24.01.2023
өлшемі2,39 Mb.
#166223
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
А Е Алибеков ХИРУРГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАР@kaz medical students

Бейнемагнитофон

Бейнемагнитофон-жазып алу үшін,ұзақ уақытқа сақтау және бейнежазуларды қарау үшін арналған құрылғы.Операцияны сақтау үшін және баспаны талдау үшін тұрмыстық жағдайдағы VHS форматындағы үш немесе төрт басты бейнемагнитофон жеткілікті. Төрт басты аппарат екі бастыға қарағанда стоп–кадр кезінде өте нақты жаңғыртумен көрсете алады. Бірақ тұрмыстық магнитофонның қабілеттілігі 250 ТВС ғана және сигнал шуыл қатынасы 46 дБ–ден көп емес. Егер жазылған бейнематериалды оқу құралы ретінде немесе теледидардан көрсетумен және тираждау үшін қолданса, S-VHS форматтағы бейнемагнитофонды қолданады. Ол айтарлықтай бағасы қымбат болғанмен қабілеттілігі 400 ТВС–ға дейін, жоғары шуыл–белгі қатынасымен (мысалы «U–Matik» фирмасының бейнемагнитофоны ). Әрбір хирург өзінің операциясын жазып отыру керек, әсіресе жаңа операция техникасын меңгеру кезінде. Бұл операция техникасын жетілдіріп және қателіктер мен дәлсіздіктермен ұжымдық талдаулар жасауға көмектеседі.




3.9 Құралдар
Эндохирургиялық құралдар көп рет қолданылатын металдан жасалынған және бір рет қолданылатын пластиктан жасалынған болып бөлінеді. Көпшілік хирургтар екі топтың да құралдарын қолданады. Көпшілікке тиімді және арзан бағалы көп қолданатын металдан жасалған құралдар. Олар тот баспайтын құрыштан және құймадан жасалады. Семіздігі бар науқастарға операция жасағанда стандартты емес өте ұзын 300мм құралдарды қолданады. Барлық лапароскопиялық аспаптар екі топқа бөлінеді

  1. Операция алаңына тілік жасауға, ішке кіруге арналған құралдар

  2. Іс шара жүргізуге арналған құралдар

Операция алаңына тілік жасауға, ішке кіруге арналған құраладар
Бұл топқа троакар, троакопорт, жара кеңейткіштер және өткізгіштер, мониторинг гильзалары, (динамикалық лапароскопия үшін канюлялар, кольпотомия үшін арналған троакар, пневмоперитонеум (ПП) жасау үшін арналған құралдар (Вереш инесі).
Троакарды құрылғысына байланысты және өлшеміне байланысты бөлінеді.Олардың ортақ функциялары–операция алаңына жету және оперативті кеңістікпен қамтамасыз ету. Ол үшін троакардың түтігінде құралдық канал мен газ жіберуді реттейтін краниктері бар. Троакармен қуысты тесу үшін троакарлы түтіктің ішіне стилетті енгізеді. Стилет әр түрлі формада болады, тіндерді жарақаттамау үшін ұшында атравматикалық қалпақшаларымен жабдықталды.Үлкен диаметрлі троакарлар қосымша өткізгіштері болады, сол арқылы кіші диаметрлі құралдарды енгізуге болады. Шетелдік фирмалар бір рет қолданатын басында атравматикалық калпақшалары бар троакарларды шығарады.
Торакопорттар торакоскопиялық операциялар үшін қолданылады.



35-сурет.Троакарлы топ инструменттері

36-сурет.Атравматикалық стилеті бар троакар
Шет елдік әдебиеттерде операция алаңына жетуге арналған аспаптардың әр бөліктерін атауға синонимдер бар. Троакарды порт, трокардың түтікшелерін–канюля ,ал қосымша өткізгіштерін–редукторлар деп атайды.
Жараны кеңейтуші және өткізгіштерді жараның өлшемін үлкейтіп, үлкен көлемді, құралдарды гемостатикалық губкаларды немесе көп мөлшерлі объектілерді қуыстардан алып шығу үшін қолданады.Лапаромониторингтік гильзалар әр түрлі диаметрде болады. Теріге бекітілген гильзалар ұзақ уақытқа қалдырылуы мүмкін.
Кольпотомия үшін арналған троакар 10 милиметрлік «тырнақ» тәрізді қысқыштары бар кольпотомиялық жинаққа кіреді. Оны препаратты қынаптың артқы күмбез арқылы ішке тілік салмай–ақ алып шығу үшін қолданады. Верш инесі біріншілік ПП ны жасап, «ауалы жастық» жасап, бірінші троакарды қаупсіз іш қуысына енгізу үшін қажет.

37- сурет. Бір рет қолданатын басында атравматикалық қалпақшалары бар троакарлар
Іс шара үшін қажетті құралдар. Бұл топқа қысқыштар, ұстағыштар, қайшылар, электродтар, клипаторлар, степлерлер, тігіс және түйін салуға арналған, қосымша құралдар жатады.
Қысқыштар–анатомиялық, хирургиялық, Алеса, Бебккок қысқыш-тары. Барлық қысқыштардың айырмашылығы–еріндерінің–кремолеріндегі ұстау механизмін қайшы тәрізді қолдарында орналасқан ұстауға арналған-мүшені, тіндерді ұстап тұру, тракция және тракцияға қарсы препаратты алып шығуына қарап бөледі. Қысқыштарды диаметріне байланысты 15–10 милиметрлік және еріндерінің жұмыс істеу бөлігіне байланысты ажыратады. Кремольер құрылғылары сұқ саусаққа, шынашаққа арналған сөндіруші кремольерлары түрлері бар.

37-сурет. Бір рет қолданатын басында атравматикалық
қалпақшалары бар троакарлар
Ұстағыштар–диссектор, анатомиялық ұстағыш, биполярлы пинцет.Бұлардың көпшілігі кремольерлары болмайды және хирургтың жоғары жиеліктегі қуат беруші электроды болады. Құралдың әр бір торцтық беткейінде кабельді активті электродқа ЭХГ қосатындары бар. Ұлпалар мен мүшелердің қабырғасын атравматикалық түрде ұстап, коагуляция және кесу, қан тоқтату үшін қолданады.
Қайшылар жұмыс істеуші беткейіне қарап, тік, иілген, тұмсық тәрізді деп бөлінеді.Ұстағыштар мен қайшылар сұқ саусаққа бұрағыш механизммен қамтамасыз етілген, бұл хирургтардың жұмысын операция кезінде едәуір жеңілдетеді.
Хирургтың электродтарында қайшы тәрізді бөлігі болмайды. Жұмыс істеуші бөлігі әр түрлі болады- ілмек, шар тәрізді, таяқша, ілмек, күрекше, ине сияқты. Мүшенің формасына және электрохирургиялық әсер етуге байланысты қандайда бір диссекторды қолданады. Ілмекті тіндерді кесу үшін қолданады. Шар тәрізіді электродты паринхиматозды мүшелердің беткейін коагуляциясы үшін қолданады. Қалақша тәрізді электрод ілмектің және шар тәріздінің қасиеттерін біріктірген,ол тіндерді ажыратқанда және коагуляцияға ыңғайлы.
Клипаторлар (аппликатор, эндоклиппер) 3ммден 10мм ге дейінгі клипсаларды салу үшін қолданады. Бір және екі браншты аспаптарды ажыратады.Айналдыру механизмі жұмыс істеу кезінде өте ыңғайлы. Еріндерінің өстік және бұрыш жасай орналасулары болуы мүмкін, қиын орналасқан жерлерге клипсы салуға мүмкіндік береді. Клипатордың зарядтап тұру үшін клипсаларын арнайы картриджге орналастырады.
Степлер полипропиленді торшаны және герниопластика кезінде іш пердесін біріктіру үшін скобкаларды салуға қолданады.
Түйін салушы құралдар тігіс материалдарын бекіту үшін қажет. Мұндайда көп рет қолданатын таяқшаларды түйіндерді түсіру үшін және бір рет немесе көп рет қолданатын эндолигатураларды жеткізуге пайдаланады.
Тігіс салатын құралдар тіндерді қолмен немесе механикалық түрде біріктіру үшін арналған. Қолмен тігісті ине ұстағышты, инені қабылдайтын аспаппен Малков инесі, теріден иленген инемен жүргізіледі.
Механикалық тігісті тігіс салушы аппаратпен жасайды.



З8-сурет.Эндохирургиялық қысқыш: А–анатомиялық, Б, В, Г,-хирургиялық

39 - сурет. Диэлектірлік ұстағыштар мен қайшылар: А- биопсияға арналған,
Б, В, - диссекторлар, Г, Д, Е, Ж – қайшылар

40 - сурет. Хирургтің электроды: А – «ілмек», Б – «ілгек»,
В- «шар тәрізді», Г –« қалақша»

41 - сурет. Эндохирургиялық аппликатор және клипсалар картриджбен

42 - сурет.Эндоілгек және оны жеткізетін құрал

43 - сурет. Эндохирургиялық ине ұстағштар

44-сурет. Тігіс салатын ENDO GIA -30»
аппараты бір рет қолданатын кассеталармен

45 - сурет. Эндостич

46 - сурет. Инелер: А- скорняжды ине, Б, В–Вереш инесі,
Г – пункциялық ине, Д – Биопсиялық ине, Е – тігіуге арналған материалдарды енгізетін таяқша, Құралдарды тазарту үшін арналған щетка
Ауыстырмалы бірреттік кассетасы бар «Епа» о О1А- 3О « және «Епсю О1А- 60» тігу аппараттары тіндерді 6 қатарлы скрепкалы тігіс салуға және әр 3 қатар арасын кесуге мүмкіндік береді. Аппаратты салу алдында тін қалың-дығын анықтайды, ол ішек қабырғасы не тамыр қабырғасын тіккенде керекті кассетаны таңдау үшін керек. Бұл құралдар мүшелердің эндоскопиялық интракорпоральды резекциясы және анастомоз салуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет