Қарағанды 2021 Мазмұны: Кіріспе Жұмыс уақыты Негізгі бөлім


Күнделікті жұмыс барысындағы үзілістер



бет5/5
Дата08.02.2022
өлшемі24,09 Kb.
#118379
1   2   3   4   5
Байланысты:
Акерке 3 апта тапсырма 1

Күнделікті жұмыс барысындағы үзілістер

Қызметкерлерге күнделікті жұмыс (ауысым) барысында тынығуға және тамақтануға жиынтығында ұзактығы бір сағаттан кем болмайтын үзіліс беріледі.


Үзілістің ең қысқа мерзімі көрсетілген. Тынығу мен тамақтану үшін берілетін үзілістің ең көп ұзақтығы өндіріс сипаты мен ауысым кестесіне сәйкес белгіленеді. Тынығу мен тамақтануға берілетін үзіліс жұмыс уақытына кіргізілмейді. Қызметкер үзіліс уақытында жұмыс орнынан басқа жаққа кетуіне болады. Тынығу мен тамақтану үшін үзіліс уақытын беру және оның ұзақтығы жұмыс берушінің актілерімен, жеке және ұжымдық шарттармен белгіленеді. Үзіліс, әдетте, жұмыс басталғаннан төрт сағат өткенде беріледі.
Еңбек туралы заңда арнаулы үзілістер деген де қарастырылған. Мұндай үзілістер суық уақытта ашық аспан астында, жабық жылытылмайтын жайларда, сондай-ақ жүк тиеу-түсіру жұмыстарында істейтін қызметкерлерге беріледі. Арнаулы үзілістер қызметкерлердің жылынып, тынығуы үшін беріледі және жұмыс уақытына есептеледі. Сондай-ақ, мұндай арнаулы үзілістерді бір жарым жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге — жұмыс уақытының әрбір үш сағаты сайын, 30 минуттан кем емес уақытқа беру де қарастырылған.
Қызметкерлерге демалыс күндері, яғни апталық үзіліссіз тынығу уақыты беріледі. Қызметкерлерге 5 күндік жұмыс аптасында екі демалыс күні, ал 6 күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі. Жексенбі жалпыға бірдей белгіленген демалыс күні болып табылады. 5 күндік жұмыс аптасында екінші демалыс күні, егер ол заңда белгіленбеген болса, жұмыс берушінің актісімен немесе кәсіпорынның (мекеме, ұйымдар) жұмыс кестесіне орай белгіленеді. Әдетте, екі демалыс күні қатар беріледі. Ауысымдық жұмыста екінші демалыс күні ауысым кестесінде көрсетіледі. 5 күндік жұмыс аптасы жағдайында жұмыс істейтін министрліктер, ведомстволар және басқа да орталық мекемелер аппараттарының қызметкерлері үшін сенбі мен жексенбі демалыс күндері болып табылады.
Заңға сәйкес Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттiк мерекелер, кәсiби және өзге де мерекелер атап өтiледi.

  • Ұлттық мерекелер — Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң дамуына елеулi ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметiне Қазақстан Республикасында белгiленген мерекелер. Ұлттық мерекелердi мейрамдау кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда ресми iс-шаралар өткiзiледi.

  • Мемлекеттiк мерекелер — қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлi түрде атап өтетiн мерекелер. Мемлекеттiк мерекелердi мейрамдау кезiнде ресми iс-шаралар өткiзiлуi мүмкiн.

  • Кәсiби және өзге де мерекелер — ұлттық және мемлекеттiк мерекелер мәртебесi берiлмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетiн мерекелер.

Мерекелiк даталар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президенті белгiлейдi.


Қорытынды

Жұмыс уақытының болуы өте маңызды, себебі ол жұмыскердің кәсіпорынның ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес жұмыс орнында болуға және еңбек міндеттерін орындауға тиіс күнтізбелік мерзім, қызметкердің еңбек процесіне қатысу ұзақтығының өлшемі болып табылады. Бұл жұмыскердің өзінің жұмыс уақытын дұрыс, әрі тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:



  1. Қазақ энциклопедиясы, 4 том;

  2. “ Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.

  3. https://egov.kz/cms/kk/articles/rabochee_vremya сайтынан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет