17
шы қаламгер ретінде танылды. Халық оның ерлігін, жазған әңгімелерін
және ғибратқа толы дүниелерін біледі. Бауыржан Момышұлының мірдің
оғындай нақыл сөздері бүгінгі күнге дейін халықтың аузында жүр. Дана
халқымыздың «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады», «Ерді
намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді» деген ғибрат сөздерін Бауыржан
Момышұлы орынды пайдаланды және үлгі қылдырып алды.
Ғибратты,
қанатты сөздер жайдан- жай тумайды және кез келген адам ойдан шығара
бермейді. Міне, Баукең осындай адам. Ол кісінің нақыл сөздері Отанға,
туған жерге, адал еңбекке, әдебиет пен тәрбие-тәртіпке арналған болып
отыр. «Намысты нанға сатпа», «Ердің туы - намыс», «Ұшқынсыз от
тұтанбас» т.б сөздері кез келген саналы адамның ойында жатталған
ұлағатты сөздер.
Маңдайдағы наркескеннің өзісің,
Ерлігіңмен, өрлігіңмен ірісің.
Халқыңменен біргесің сен, жан ата,
Ұмытылмайды өнегелі ұлы ісің –
дей отыра, батыр атамыздың өлең жолдарынан ерлік, батырлық туралы
ғибратты сөздері көруге болады.
2010 жылы 14 қыркүйекте Алматы қаласында "Қазақтың
Бауыржаны" атты деректі фильм көпшілікке таныстырылды. Оны
үкіметтің тапсырмасымен батырдың 100
жылдың мерейтойына арнап
режиссер Қалила Омаров түсірген болатын. Осы жылдың 10
желтоқсанында Алматы қаласындағы 28-панфиловшылар саябағында
соғыс қаһарманы әрі жазушы Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіш
салтанатты түрде ашылды. Жалпы биіктігі 6 метр болатын батырдың
мүсіні қоладан, ал ескерткіштің қалған бөлігі граниттен құйылған.
2010 жылы Қазақстан бойынша батырдың 100-жылдығына арналған
мерекелік іс-шаралар өтіп, оның 30 томдық шығармалар жинағы жарық
көрді. Қазақстанда батыр атына Алматы, Атырау, Тараз, Семей қалалары
және Жамбыл облысында көше берілген. Мұнымен қатар, №45
қазақ
классикалық гимназиясына Бауыржан Момышұлының есімі беріліп,
мектеп алдына батырдың бюсті қойылды. Осы күнге дейін Бауыржан
Момышұлына арнап бірнеше фильм түсіріліп, кітаптар жазылды. 1967
жылы режиссер Мәжит Бегалиннің фильмінде "Артымызда Мәскеу"
фильмінде батырдың рөлін Кәукен Кенжатаев сомдады. 2013 жылы
режиссер Ақан Сатаев "Бауыржан Момышұлы" атты телехикая түсірді.
Бақытжан Момышұлының "Восхождение к отцу", "Во имя отца" және
"Сыновья великого волка" атты кітаптары мен Зейнеп Ахметованың
"Шуақты күндер" туындысы Бауыржан Момышұлына арналады.
Даңқты қолбасшы сарбаздардың елі үшін шыбын жанын қиятын
ерлігін ерекше бағалай білген. Оның қатардағы жауынгерлер жайында
айтқан нақылға бергісіз сөздері халықтың есінде мәңгіге қалмақ.
Қорыта айтқанда, Бауыржан атамыздай алыбымызды ардақтай
білейік.
Бауыржан
бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер
18
Одағының батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі «батырым» деп
танып, ардақтаған қаһарман ұлына Отан соғысы біткеннен кейін жарты
ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан
кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың
жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.
Бауыржандай алыбымызды ардақтай білейік, ұлтымызға ұран
болған ұлы тұлғамызды ұлықтай білейік. Тек қана қара дүрсін сөзбен
емес, Бауыржан атамыздай батырдың атын дәріптейтін игі істермен,
тиянақты тірліктермен дәлелдеугетырысайық.
Достарыңызбен бөлісу: