199
Сабақтың
ортасы
І топ Тоқымқағар
Ата жолашар дәстүрін жетеме жеткізе ұқтырып, сәл
тыныстап алды да, сөз желісін жолаушыға байланысты тағы
бір дәстүр тоқымқағарды да айтып еді.
- Жолаушы сапар барысында көңілі бірде семіріп, бірде
арықтап, жолдың ыстық-суығын басынан өткізіп, межелеген
жеріне жетуі, одан мақсат етіп шыққан ісін орындап, сау-
саламат үйіріне қосылуы өзіне де, жақындарына да зор
қуаныш. Сол мерейлі күнге үмітпен қараған отбасы "ай
жүрсе де, аман оралсын, ел-жұртына қайта қауышуға
жазсын" деп тоқымқағар дәстүрін жасайды. Тоқымқағарды
жолаушының келер мерзімі таянғанда не кешіге бастағанда
үй іші дастарқан әзірлеп ауылдастарын дәмге шақырады.
«Жолаушының кешіккеніне қуан» деп кідірістің өзін
жақсылыққа жориды.
Тоқымқағар дәстүрінің арнайы атқарылатын өз ырымы бар.
Ол үйден тоқым алып шығып, «жолда ұзақ жүріп тоқымы
шаң болыпты ғой» деп тоқымды қағып-сілкиді. Бұл әдейі
жорта істелетін әрекет. Бір жағынан, «азаматтың тоқымы
далада иесіз қалмасын, шаң-тозаң болса да, шаңырағына сау
келсін" деген таза ниет. Тілек тілде ғана емес, ділден,
жүректен шынайы шымырлап шықса, Жаратқан иемнің
кеңшілігі мол, ниет қабыл болады. Бұл мен шығарған ғибрат
емес, көпті көрген көсемдерден, дана абыздардан қалған сөз.
Ата-бабалардың аманаты ретінде өз кезегімде мұны саған
айтып отырмын. Есіңе алып, ескеріп жүргін, - деп әңгімесін
түйіндеді.
Мен де өз кезегімде атаның сол аманатын керек еткен
адамдарға жеткізуді парыз көріп жазып отырмын.
Зейнеп Ахметова апамыздың «Күретамыр» кітабынан
алынған әңгіме.
Достарыңызбен бөлісу: