«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет23/171
Дата22.04.2022
өлшемі2,42 Mb.
#140462
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   171
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Мекемтас Мырзаахметұлы «Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер», 
Алматы, 2007 
2.«Бауыржан Момышұлы» 1-том, Алматы, 2004 
3.Бауыржан Момышұлы «Ұшқан Ұя», Алматы, 1974 
4. https://massaget.kz/layfstayl/debiet/bauyirjan_momyishulyi/24101/ 
ТҰЛҒАСЫ ТҰНҒАН ТӘЛІМ, ЕСІМІ ЕЛГЕ МӘЛІМ 
 
Уалиева А. Д., 10 «А» сынып оқушысы, 
Қарағанды қаласы 
Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Есенжолова А.О. 
Аты бәрімізге мәлім Бауыржан Момышұлы - өз заманы үшін де, 
қазіргі қоғам үшін де дара тұлға. Жастайынан балалар Бауыржан сынды 
тарихи тұлғалардың есімдерді естіп ер жетеді. Бауыржан Момышұлының 
шығармалары соцреализмге келгенімен, патриоттық рух пен ұлттық бейне 
сақталған, сондықтан оның шығармалары кең ауқымды аудиторияны 
қамтуға қабілетті.
Бүгінде Бауыржан Момышұлының азаматтық бейнесі батырлығымен 
де, шығармашылығымен де танылған. Алайда қазіргі таңда жасөспірімдер 
арасында оның тұлғалық жетістіктері мен шығармаларының мәні тек 
жеңіл-желпі нұсқада мәлім. Бұл тенденция соңғы 10 жылда қоғамдағы 
өзгерістерге байланысты өте үлкен жылдамдықпен жүруде, сондықтан ірі 
масштабтағы 
мәселеге 
айналып 
кетпегенде 
шешу 
жолдарын 
қарастыруымыз қажет. Мәселенің шешу жолдарына келу үшін қазіргі 
қоғамды, нақтылай алғанда жасөспірімдердің қызығушылықтарын зерттеу 
аса маңызды, себебі психологиялық тұрғыдан адамға күштеп жегізген 
астың дәмділігі иісімен баулап тартқан тағамнан әлдеқайда төмен 
бағаланады. Сол себептен мектепте өткізілетін қызықсыз іс-шаралардың, 


47 
әсіресе ашық сабақтардың Бауыржан Момышұлының шығармашылығына 
тартудағы тиімділігі төмен.
Біріншіден, заманауи жасөспірімдердің ғаламторды, әлеуметтік 
желілерді белсенді қолдануы күнделікті іске айналып кетті. Шетелдік 
әдеби туындыларды оқығаннан кейін әдетте мен MyBook YouTube 
арнасына кіріп, қысқаша мазмұнды анимация түрінде көремін. Осындай 
форматтағы бейнероликтер орта есеппен алғанда орыс тілді аудиторияда 
200 мың қаралым жинайды.
Алайда Бауыржан Момышұлының шығармаларын қысқаша 
мазмұнда берсек, еш пайдасы болмайды, жасөспірімдер видеоны 
көргенімен, кітапты оқуға құлшынысы пайда болмайды. Керісінше, барлық 
кітаптың мазмұнын көріп тастап, кітаптың бірінші бетін де ашуға 
талпынбайды. Сондықтан мен баламалы жолды ұсынғым келеді. Ең 
алдымен, анимациялық бейнеролик түріндегі кітаптың трейлерін шығару 
керек. Трейлер 2-3 минуттан аспау керек, себебі статистикаға сүйенсек, 
көрермендердің 40 пайызы көңіл көтеруге арналмаған бейнероликті 
алғашқы 2-3 минутында сөндіріп тастауға бейімделген.
Соғыс жылдары туралы жазылған Бауыржан Момышұлының 
кітаптарына трейлерлер көп қаралым жинай алады, өйткені соғыс 
тақырыбы барлығымызға мәлім және динамикалық тұрғыдан, мазмұн мен 
визуалды жақтан өте әсерлі бола алады. Менің ойымша, бұл идеяны жүзеге 
асыруды бастасақ, kitap.kz сияқты қазақша платформаларды осы іске 
қызықтыра аламыз.
Бұл Бауыржан Момышұлының шығармаларын таратуда тиімді жол 
бола алады, ал оның Ұлы Отан соғысындағы ерлігін, қайсар мінезі мен 
тұлғалық қасиеттерін көркем фильмдер мен сериалдар арқылы кең 
аудиторияға жеткізуге болады. Мысалы, 2017 жылы «Sataifilm» 
киностудиясының түсірілімімен «Хабар» телеарнасында «Бауыржан 
Момышұлы» сериалы жарыққа шықты. Шыныменде сапалы дүние 
болғандақтан қаралымсыз қалған жоқ, қоғамда біраз талқыға салынды. 
YouTube желісінде көрерменде 873 пікір қалдырды, көбісі өзінің оң 
көзқарасын білдіріп, батырымызға деген алғыстарын жазды. 
Түйіндей келе, Бауыржан Момышұлы – қазақ халқының мақтанышы, 
нағыз ер тағына сай адам, сондықтан оның есімі тарихта мәңгі қалуы тиіс. 
Ұрпақтан ұрпаққан осындай тұлғаларымыздың жетістіктерін таратуымыз 
қажет, сол себептен барынша бәріміз осындай іс-шараларға белсене 
қатысып, есімдердің ұмытылуының алдын алайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет