Использованная литература:
1.Момышулы Б. За нами Москва: Записки офицера. – М.: Воениздат, 1988.
– 256 с.
2.Момышулы Б. Наша семья: Повести и рассказы. Изд. 7-е. – Алма – Ата:
Жашузы, 1974. – 489 с.
3.Момышулы Б. Психология войны: Книга – хроника: Сборник. – Алма
Ата: Казахстан, 1990.
4.Бек А. Волоколамское шоссе: Роман. М.: Воениздат, 1986. – 573с.
КӨРКЕМ ТУЫНДЫЛАРДАҒЫ БАТЫР БЕЙНЕСІ
Оралханова Камила Оралханқызы, 9-сынып оқушысы
Жетекшісі: Агадилова Э.А., тарих пәнінің мұғалімі
Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені
«Ер есімі ел есінде» демекші халық қаһарманы, даңқты қолбасшы,
қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлы халық жадында мәңгі
қалмақ. Ол өскелең ұрпаққа нағыз үлгі тұтар азамат. Қазағымыздың
маңдайына шоқ жұлдыздай біткен Бауыржан Момышұлының өмірі мен
ерлігі, ұлағатты сөздері мен қөзқарасы жайлы көркем шығармалар батыр
бейнесін айқын көрсетеді.
Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының қаһармандық ерлігі
туралы жазылған көркем туындылар жетерлік. Солардың ішінде Әзілхан
Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», Александр Бектің «Волоколам тас
жолы», Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер», «Бабалар аманаты» атты
шығармалары жас ұрпаққа асыл мұра ретінде сақталып келеді. Әр
туындының өзіндік орны бар. Әрқайсысына тоқтала кетсек.
Кезінде «Шуақты күндерімен» оқырман жүрегіне жол тапқан Зейнеп
Ахметованың «Бабалар аманаты» атты жаңа кітабы жарық көрді.
57
Халқымыздың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының келіні, батыр
атамыздай тектінің тұяғы, асылдың сынығы - жазушы Бақытжан
Момышұлының жан жары Зейнеп апа бұл кітапты ұзақ жылдар жүргізген
күнделігінің негізінде жазған. Мұндағы басты әңгіме арқауы Батыр
атамыздың баяндауында ұсынылады. Автор осыдан отыз-қырық жыл
бұрынғы оқиғаларды күні кеше ғана өткендей, тап қазір ғана болғандай көз
алдыңызға келтіріп, сондағы Момышұлы шаңырағында айтылған әңгіме,
шертілген сырды шешен тілмен баяндайды. [1]
Бауыржанның даңқын алғаш кең таратып жіберген Александр Бектің
“Волоколам тас жолы” атты романы болатын. Романның алғашқы бетін
ашқанда-ақ, майдан картасын алдына жайып салып офицерлерге бұйрық
беріп отырған Бауыржан бірден алдыңнан шығатын. Соғыс тағдырын,
соғыс құпиясын жете түсініп, жүрекпен сезінбей тұрып шығарма жазам
деушілік әурешілік деп, бірден тік кететін Бауыржан Момышұлы
оқырмандарға сол бір мінезімен ұнаған-ды. Ақиқат пен аңызда
Бауыржанның осы мінезі әр қырынан көрініп, соғыс майданында,
жауынгерлер алдында үлкен істерді батылдықпен шешуге көмектеседі.
Тапқыр да алғыр, сезімтал да секемшіл, қажырлы да қайратты офицердің
характері осы бір белгілерімен дараланған.[2]
Майдан шебінде абырой, атаққа ие болған геройдың характерін
айқын ашу үшін жазушы Момышұлына дүркін-дүркін сұрақтар қойып,
өзара сырласып, өзара пікір таластырып отырады да, аңыз бен ақиқаттың
ара жігін ашады. “Ұшқан ұя” мен “Москва үшін шайқаста” әңгімеленетін
оқиға тізбегінен жазушы жаңа жол тауып, роман-диалогта геройдың
психологиялық толғаныстары мен дүние танымына айрықша зер салған.[2]
Бұрын қазақтар ер баланы еркелеткенде басынан сипамаған. Арқасынан
қаққан. «Басына сипау ұл баланы аяп, мүсіркеу сезімдерін туғызады, төмен
қарап жүретін жасық болып қалады» деп түсінген. Ата-ана, ел-жұртына
қорған болатын, шаңыраққа ие болатын ұлдың көзін жерден алмайтын
жігерсіз, есіркеуді тілеп тұратын ынжық болғанын қаламаған. Ал
арқасынан қаққанда ер бала батылданады, жігерленеді, еңсесін тік ұстап,
тура қарауға дағдыланады. Неге болса да тайсалмай қарайтын қайратты,
батыл болып ержетсін деп ұлды арқадан қағыпты. Ал қыздарды керісінше
басынан сипаған. Қыз - жатжұрттық, қыздың бағы - үйде емес, түзде. Қыз
басқа босағаны аттап, өзге үйдің отын жағады, ұрпағын өсіреді. Қызды
«кететін бала ғой» деп еркелетеді. «Алдында не күтіп тұр екен, тағдыр-
талайы қалай болады» деп басынан сипап аялаған. Қыз баланы басынан
сипағанда басы еріксіз еңіс тартады, көз жанары төмен түсіп, жасырынады.
Кісі бетіне бажырайып қарамайтын әдетке үйреніп, қызға лайық биязы
мінез қалыптасады. Арқадан қағу мен бастан сипаудың осындай талғамды
астары, тәрбиелік мәні бар екен», - деген Бауыржан атамыздың сөзіне
құлақ асқанымыз дұрыс деп есептеймін. Қазіргі заман талабына сай өмір
сүреміз деп жүріп, осы бір рухани құндылығымызды ұстанбай жүрген
жайымыз бар. Келешегіміздің жарқын болуын қалайтын болсақ,
58
жастардың патриоттық сезімін оятып, дұрыс жолға бағыттауымыз аса
қажет. Ұлтымыздың болашағы – тәрбиелі ұрпақтың қолында екендігін
ұмытпайық.
Ұсыныстар: Жастарды көңілін баурайтын Бауыржан Момышұлына
қатысты қызықты викториналар, ой-өрісін дамытатын ойындар мен
пікірталас іс-шараларын ұйымдастырған жөн деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |