«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет32/171
Дата22.04.2022
өлшемі2,42 Mb.
#140462
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   171
Негізгі бөлім 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақ халқының тарихында өшпес ерлігімен қазақ халқының 
абыройын асқақтатар ұлт батыры атанған, қазақ әдебиетінде өзіндік орны 
бар майдангер - жазушы Б.Момышұлы шығармашылығы жайлы 
айтпақпыз. Бауыржан шығармалары майдан шебіңде жүріп, көзі көрген 
өмір тәрбисінен алынған отты жүректің, ыстық қанмен жазылған 
шығармалар. Оларда ойдан шығарылған оқиғалар да, ойдан жасалған 
адамдар да жоқ». Демек, Бауыржанның шығармалары бастан кешкен, 
көзбен керген оқиғаларға толы, әрі әлеуметтік қоғамдық мағынасы басым 
туындылар болмақ. Бауыржанның тұңғыш туындысы, қазақ әдебиетіндегі 
шоқтығы биік шығармалардың бірі - «Ұшкан ұя». «Ұшкан ұя» повесі 
мемуралық жанрдағы шығарма ретінде жазылғанмен, ол проза денгейіне 
көтерілген ұлттық сипатта жазылған нағыз көркем туынды. 
Бауыржан Момышұлы өз ұлтының тәрбиесінен жұрдай адамнан, 
баршаға бауырмалдық шықпайды, өйткені ол ұлтты сүюдің не екенін 
білмейді - дей келіп, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді күшейту үшін, 
ұлттық тәрбиені қалпына келтіру керектігін атап көрсетеді. 
Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» еңбегін ұлттық салт-дәстүрімізді, 
көркем шығармаға мазмұндап берген этнографиялық еңбек деп айтуға 
болады. Шығармадағы негізгі мәселе – адам, оның кемелдену жолдары 
болса, шығарма сюжеті осы адамдардың өзара әңгімелесуі, кеңесуі арқылы 
дамиды. 
Ұлттық құндылықты шығарманың бас кейіпкері бала Бауыржанның 
іс-әрекеті, отбасындағы болмысы, өскен ортасына деген қарым-қатынасы 
арқылы байқаймыз. Шығарма мазмұны: адалдық, мейірімділік, жомарттық, 
ұстамдылық, ұят, намысшылдық, ел камын ойлау секілді адамгершілік 
қасиеттерімен тығыз байланысты. Шығарманың негізіне айналған осы 
қасиеттерді автор өз кейіпкерлері арқылы көрсетіп отырады. Автор 


60 
«Ұшқан ұядағы» оқиғаның түп өзегін әже бейнесі арқылы өрбітеді. 
Туындының өн бойында әже образы тектіліктің, кемеңгерліктің діңгегі 
ретінде суреттелген. Отбасының ғана емес, ауылдың ақылшысына 
айналған әже бейнесін автор аса сүйіспеншілікпен бейнелеген. Әуезді 
әуенімен әлпештеп, әлдилеп айтқан бесік жыры да, қаламгердің жүрегінде 
сақталған. Жазушы өз өмірінің темірқазығына айналған тәлім-тәрбиенің 
негізі ертегі мен көне әңгімелерден қалғанын жас ұрпаққа өнеге етеді. 
«Ертексіз өскен бала – рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға 
әжелері, не шешелері ертек айта бермейді. Содан қорқамын. Менің қазіргі 
келіндерім немелеріне бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқанда 
құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп 
қалмаса деп қорқамын» - деп қамығуында терең психологиялық астар бар. 
Дала философиясында, ер баланы тәрбиелеуде әкенің рөлі ерекше 
болған. Әкесінің баласын үлкенді сыйлау, сәлем беру дағдысына қалай 
тәрбиелегені шығармада шынайы көрініс тапқан. Әкесінің бала 
Бауыржанға шежіре жаттатқызуы да – тамыры терең тәрбие тиегінің 
ағытылуы. Профессор М.Мырзахметұлының Баукең туралы естелігіндегі: 
«Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі» деген мақалға ерекше мән 
беріп, өзінің бала –немерелеріне тіпті бізге дейін Дулатқа дейінгі 
бабаларымыздың тізімін жазып беріп, жаттап алуды ескертіп отырамын. 
Еңді ойланып қарасам, орыстар арасында айтылатын «Иван безродный» 
дегені сияқты кейбір тексіз қазақ бола бастағандарды көріп, рухани 
мәңгүрттіктен сақтандырған ескертуі ме деп шамалаймын» деген пікірі де 
осы ойымызды қуаттайтыны ақиқат. Повесте ғасырдан ғасырға, ұрпақтан 
ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүріміздің көрінісін Үрбианның 
ұзатылу тойынан аңғарамыз. Шығармада «Ұрын келу салты» анық 
баяндалған. Жазушы қазақ дәстүріндегі құдалық, кұда күтудегі кәде-
жоралғылардың жасалу ерекшеліктері, калыңдық киімі, ұзату тойы, сыңсу, 
беташар, сүйінші т.б. ерекше мән беріп суреттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет