64
солдаты мен офицерлерін саптан шығарды, жаудың көптеген техникасын
жойып жіберді.
Қиын-қыстау
кезеңде
болаттай
берік
төзімділік
көрсету,
қарамағындағы жауынгерлерге қамқор бола білу Баукеңнің қадір-қасиетін
арттыра түседі. – Әр солдаттың жағымды мінез-құлқын, тәртібін, елі үшін
еткен еңбегін, ерлігін де ерекше бағалап, оларға жігер, рух беріп отыратын,
- дейді Баукеңмен бірге болғандар. Біз де, жауынгерлеріне өзін осы
қасиетімен сыйлата білгені болар, аузынан шыққан әр бұйрықтың
бұлжымай орындалатыны деп ойлаймыз. Баукең шайқас үстінде адуынды,
қатал қолбасшы, ал басқа уақытта жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй
жетекшісі, байыпты да ұстамды тәрбиешісі бола білген екен. «Тәртіпке бас
иген құл болмайды», «Ептілік пен ерлік – ерге тән қасиет» немесе
«Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің құлы» дегенді жиі айтып
отырады екен.
1944 жылы да қатты жарақаттанса да госпитальге бармай, ұрысты
жалғастыра берген мінезіне таңғалмасқа болмайды. Ал 1945 жылдың 21
қаңтарынан бастап гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы екінші
Прибалтика майданында әрекет еткен 6 гвардиялық армияның 2 гвардия
атқыштар полкінің 9 гвардия атқыштар дивизиясын басқарады. Баукең
басқарған дивизия жаудан 15 елді мекенді босатып, Ұлы Жеңіс күнін
жақынтада түседі.
Бірақ сол күнге жеткенше сұм соғыс үмітсіз жесірлік пен балалардың
жетімдігін әкелген болатын. Етжақын аяулы адамдарынан айрылып,
қайғы-қасірет шекпеген отбасы болған жоқ. Ата-ана ұлынан, бала асқар
таудай әкесінен, қыз-келіншектер сүйгендерінен айрылды. Заманымыздың
заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматовтың сөзімен айтар болсақ, аспандағы
шолпандарымызды алып кеткен соғыс болды бұл! Фашистердің істеген
айуандық қылықтарын, қылмысын біз ешқашан ұмытпаймыз. Ұмытпайтын
себебіміз – біздің халқымыз көрген қайғы-қасіретті адам баласы,
ұрпақтарымыз енді ешқашан көрмесе екен деген тілектен туындайтыны
айқын. Біз аға ұрпақтың осы тарихи ерлігінің алдында, халқымыздың
Бауыржан Момышұлындай біртуар батыр ұлдарының алдында мәңгілік
тағзым етеміз! Олар бізге туған жерді қалай сүюді, Отанды қалай қорғауды
үйретті. Сол үшін біз, жастар, батыр атамыз – Бауыржан Момышұлының
рухына бас июді – Ұлы міндет санаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: