Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері
. Ұлы Отан соғысының
аты аңызға айналған қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, ерліктің
толассыз қайнары, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы Бауыржан
Момышұлының ұрпаққа қалдырып кеткен таусылмас мирасы, сарқылмас
мұрасы, ерен еңбектері әркез еске алынып, жас ұрпаққа үлгі болатын
ерліктері жайлы жиі айтып отыруымыз қажет. Жастарымыздың елін, жерін
құрметтейтін азамат тәрбиелеу үшін оларға ұлтымыздың тәуелсіз
тұлғаларының өнегелі өмір жолын жан-жақты насихаттау. Қазіргі кезеңде
қазақ жастарына үлгі боларлық ұлы тұлға - Бауыржан Момышұлы.
Бауыржан Момышұлының «Қанмен жазылған кітап», «Ұшқан ұя»,
«Москва үшін шайқас» атты үш туындысынан адамгершілік қасиеттер
туралы асыл сөздерін желкілдеп өсіп келе жатқан ұрпаққа жеткізу, оларды
ұлтжандылыққа бейімдеу барысында, қазіргі қоғамда біреуге жалтақтамай,
таныс-тамыр іздемей, Бауыржан атамыз сияқты әділ жолмен жүру
керектігін жеткізу. Қарапайым солдат өмірі жайлы, майдан шындығы
жайлы мағлұмат беру.
Б.Момышұлы Кеңес заманында өмір сүріп, Кеңес өкіметі кезінде
қызмет еткенімен, оның бүкіл іс-әрекеті, қайраткерлігі біздің бүгінімізбен
үйлесіп, қабысып жатыр. Тәуелсіздік идеясын ту етіп ұстаған тұлға. [5]
Халық: «Дананың аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді», - деп
айтады. Қалай болғанда да халық қате айтпайды, қалт кетпейді, халық
қаласа хан түйесін сояды.
Иә, ғалымның аты да, жазып кеткен хаты да мәңгілік, артындағы
ұрпағына, халқына қалдырып кеткен өсиеті сияқты, ол өз басына орнатып
кеткен бейне бір ғажайып құлпытас іспетті. Міне, осындай өлмейтұғын
сөз қалдырған, із қалдырған асылымыздың бірі, кешегі Ұлы Отан
76
соғысында аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы. Оның адамдық
айрықша табиғатымен, адалдығымен, қара қылды қақ жарған әділдігімен,
шыңдықты бетке айтқан қайсарлығымен, оның қаламгерлік өзіндік
ерекшелігімен танимыз.
Мақаламды Бауыржан Момышұлының «Қанмен жазылған кітап»
атты еңбегіндегі мына өлең жолдарымен бастағанды жөн көрдім.
«Найзадан қол босаса қалам алдым,
Толғанып оқиғаны көп ойландым.
Тырмысып әл кеткенше көргенімді,
Жалтақтамай, именбей ашық жаздым.
Отырсам көп ойланып күнім жақын,
Әр адам біле бермейді сөздің парқын.
Ұрпаққа арнап істелген адал еңбек,
Ақ ниетпен ұсындым саған, халқым.
Жазушы болмаған соң менің затым,
Көркемді жұмыр емес жазған хатым.
Салмақтайтын саналы ер табылса,
Атаусыз неге қалсын менің атым.
Бауыржан Момышұлының «тек ұрыста ғана адамның барлық қасиеті
сынға түседі. Егер де бейбіт уақытта адамның кейбір ерекшеліктері
байқалынбаса, онда ұрыс үстінде ашылады.... делінген».[2] Мен бұл
сөздерді алу себебім, қазіргі кезде де қауіпті жағдайлар болған кезде өз
өмірлерін ұмытып, басқанын өмірін сақтауға ұмтылуы. Мысалы: кешегі
Алматыдағы ұшақ апаты барысындағы жас жігіттің екіқабат ананы өз
денесімен жауып құтқарып қалуы немесе Семей қаласындағы
жатақханадағы өрттен 15 адамның өмірін құтқарып қалған Қуандық
Маратов. Мұндай оқиға көптеп кездеседі. «Барлық халық барлық ұлы және
тамаша нәрселерді жасауға қабілетті» - деп айтқан Бауыржан атамыз. [2]
Мұны парыз сезімі дейміз. «Бұл адамгершілік сезімі, намыс, ар-ұят - бұл
адам өзін кез келген опасыздықтан сақтайды, қорғайды, яғни масқара
болып жүргеннен абыроймен өлген артық деген сөз. Өлімнен ұят күшті».
[2]
Жақсы қасиеттер де, жаман қасиеттер де адамға өнегеден жұғады
ғой! Осыны жетік білетін қаламгер өз шығармаларында қаншама ғажап
өнегелерін алға тартқан! «Осыларды оқы да - сезін! Сезін де – соларға
еліктеІ Оқы да – ұғын! Ұғын да – сен де солардай адал адам болуға ұмтыл!
Солардай адамгершілікті бол!» - дегенді уағыз етеді автор.
Абырой - жеке адамның ар-намысын ұғыну деген сөз. Абыройды,
жоғары моральдық рухты сақтау жолында өз өмірін қиюға дейін баруға
ниет ету намыс деп аталады.
Ұят - жасаған әрекетінің жөнсіздігін түсінушілік. Намысқа кір
келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау - масқара болушылық.
77
Сенімділік, соғыс пен ұрыстағы сенімділік – дұшпаннан басым түсу
сезімі, өзінің жеке басының ар-намысын сезіну. Сенімділікке істі білу мен
жауынгерлік рухты көтеру арқылы қол жетеді.
Жігерлендіру дегеніміз – рухани күш беру, күш-қуаттың тасуы,
сергектік
күй.
Әскерді
жігерлендірудің
құралдары
мыналар:
инабаттылықпен, кішіпейілділікпен ықпал ету, адамның адамгершілігін
құрметтеу, бастықтың жеке өнегесі, ақыл- кеңес беру, айтқанын түсінікті
етіп ұғындыру, көңілден шыққан қарапайым сөз, тапқырлық, шешендік,
орынды айтылған әзіл-қалжың.
Өзара көмек көрсету және ұжымдық сезімі – әскери парыздың
маңызды міндетті элементі, жолдастық топтық-қоғамдық сезімнің асыл
белгісі. Адамның басына түскен қайғыны бөлісе білушілік адамның
бойындағы ұжымдық сезімді тәрбиелеудің нәтижесі, ортақ мақсатқа
жетуге көмектесу. [2]
Міне, Бауыржан атамыз осыншалық оқырман қауымның, әсіресе
жастардың түйсігіне әсер етер, санасына саңылау кіргізер, рухын өсірер,
ойын оятар, ішкі жан сарайын кеңітер, өмірге ілтипатпен қарауға үйретер
жолдарын аша білген.
Бауыржан атамыз: «Тәрбие жұмысының мақсаты – адамның бойында
жауынгерлік қасиетті жауынгерлік өнегелілікті қалыптастыру. Бұған
адамды иландыру арқылы қол жеткізіледі, отбасыңа, халқыңа, отаныңа,
мемлекетке берілгендік, үлкенді сыйлау заңды, тәртіпті, салт-дәстүрлерді
сақтау, жеке адамның игілігімен етене байланысты, қоғамдық игілік
жөнінде қамқорлық жасау өмірлік әрі қажеттілік болып табылады,
қоғамдық қажеттіліктерге (әркімнің қабілетіне қарай) деген дұрыс көзқарас
қоғамнан лайықты бағасын алады.
Бұл ұғымдар тәрбиелеу арқылы сана сезімге сіңіріледі де адамның
бойында саналы іс- әрекет жасау үшін дербес мінез-құлық
қалыптастырады; жауынгердің адамгершілік келбетіне қорқыныш пен
құлдық ұрушылық жат болуға тиіс, мұның өзі шексіз сүюшілік пен
мемлекетке, халқына шын жүректен сенушіліктің мән-мағынасын
білдіреді» - деп жазады өз шығармасында. [2]
Ерлік дегеніміз не? – дегенде ол кісі былай жауап берген екен:
«Ерліктің анасы – мақтаныш. Кәне, мақтаныштың қандай қайнар көздері
бар екеніне талдау жасап көрейікші. Тазалық, ұқыптылық, тән мен жан
жүйесінің кіршіксіздігі жеке мақтаныш сезімін тудырады, өзін-өзі ұстай
білушілікке үйретеді, өзі мен айналасындағыларға талап қоя білушілікке
дағдыландырады. Сыртқы тәртіпсіздік – адамның ішкі кемістігінің белгісі.
Кір – қоқыс адамды аздырып-тоздырады.
Жеке мақтаныш сезімі дегеніміз не нәрсе – бұл ең алдымен жеке
бастың гигиенасы. Адам өзін көйлегі көк, қайғысы жоқ, қарыны тоқ кезде
лайықты ұстап жүре алады. Егер сіз үстіңізге алба-жұлба киім киген
болсаңыз, онда қоғамдық орында өзіңізді лайықты ұстай алмайсыз.
Тұрмыста салақ ұқыпсыз адам – жұмыс орнында да ұқыпсыз. Егер адам
78
сырттай тәртіпсіз, көргенсіз болса, онда ол жұмыста да дәл сондай, егер
адам ұқыпты болса, ол онда жұмыста да ұқыпты болғаны. Кір-қоқыс
адамды бүлдіріп, оның бойында жеке мақтаныш сезімін біртіндеп
көмескілендіре береді. Сыртқы ұқыптылық – ішкі жинақылықтың, өзін-өзі
ұстай білушіліктің, өзіне және айналасындағыларға талап қоя білушіліктің
белгісі болып табылады. Жеке мақтаныш сезімі ерлікті тудырады. Жасық
жан ержүрек бола алмайды. Жасық жан жанқиярлық ерлік жасауға да
қабілетсіз - деп жазған «Қанмен жазылған кітап» шығармасында. [2]
Міне, осының бәрі өмір, өмір шындығы, адам қатынастары, адамдық,
адалдық, адамгершілік, әділеттілік, жолдастық, бауырымдылық жайында.
«Ұшқан ұя» шығармасында жастарға ақыл болар жазылған жолдар
бар. «Қаншаға келдің, қарағым»... - деп қай баладан сұрасаң да өз жасын
мақтанышпен айтатыны мәлім. Қазір жыл сайын баланың туған күнін
тойлау дәстүрге сіңіп болған әдет. Ал менің балалық шағымда туған
жылды, туған күнді емес мүшелді кезеңдерді тойлаушы еді: Алғашқы
мүшел – нәрестенің қырқынан шығатын күн. Бұл күні үй ішінде емес,
ауыл-аймақта да көтеріңкі көңіл, көп шаттық үстем болатын. Екінші
мүшел – баланың жеті жасқа толған күні. «Жетіге келгенше бала жерден
таяқ жейді» деп тегін айтылмаған ғой. Сол жетіге толған күні өрен аяғын
жерде нық басты деп санайды. Азаматтыққа аттанар жолдың алғашқы
қадамы да осы жерден басталса керек. Ата-ана мен төңірекке бұл үлкен
қуаныш. Ендігі мүшел – 13 жас. «Он үште отау иесі» деген мақал бар. Бұл
енді оңды-солыңды тани бастадың, ер санатына іліктің, сенімен есептесер,
ақыл бөлісер кезең келді деген сөз. Енді сен өзгенің жетегінен гөрі өзің
тізгін ұстағанды, өзің ат жалын тартып мінгенді қалайсың. [3]
Бұл жазылған жолдардан жастардың есті, ақылды, болашағынды
дұрыс болжай біл дегендігі. 30 жасқа келгенше ата-аналарының мойнында
отырған балаларға сабақ болсын деп айтылған сөздер.
«Москва үшін шайқас» шығармасында әділ командир екендігі жайлы
айтылады.
«Қас батыр жауға шабар жағаласа,
Ел үшін ар мен намыс қолқа салса,
Мәңгілік өмір жасап өлшегені,
Батырдың ел аузында аты қалса» - дей отыра, ерлікті елеусіз
қалдырған командирге күнә – деп жазады. Оның адамгершілігіне қатты
сын. Соғыс майданында да көпірте сөйлеу, бояп, борандата мақтау,
«жоғалған пышақты алтын сапты» ете салу сияқты өтіріктер атам заманнан
бергі келе жатқан емі жоқ аурудың бірі. Мен солардан сау болғым келеді.
Өтірік мақтау – қиянат. Қиянатпен елді алдап, қылмысты болғым келмейді.
Елге ер туралы шын айтсам. Шыным мен сырым Төлегендей (Төлеген
Тоқтаров) таза, ақ пейіл, ақ ниет болса, ақ қағазға түсіріп, елге сөз
жеткізсем мен Төлегеннің қарызынан құтылған болар едім... [4]
79
Өстіп, шығармаларында бастан кешкен қаншама өмір оқиғаларын,
өмір құбылыс қатынастарын, тартыстарын, ой – тағылымдарын, ұлағатты,
қанатты сөздерін, сырларын жеткізген.
Достарыңызбен бөлісу: |