Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты
- «Ұшқан ұя» повесіндегі
Б.Момышұлына әсер еткен ұлттық тәрбиенің қайнар көздерін ашу,
шығарманың өн бойындағы құндылықтарды, мәселен: мақал-мәтелдер,
салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты жазушының көзқарасы мен ой
тұжырымдары және ұрпақ тәрбиесіне үлгі ету.
Міндеті:
Осындай өзекті де келелі мәселенің халықтың аяулы, сегіз
қырлы, бір сырлы перзенті Б.Момышұлының жеке тұлға ретінде
қалыптасуына өскен ортаның әсерін зерттеу мақсатында, ғибрат алу
жолында «Ұшқан ұя» повесін зерттеудегі басты міндеттерді атасақ:
1. Тәрбиелеуде ұстаздың өзінің не біліп, не істейтіні маңызды болса, ал
ұстаздың ықпалымен тәрбиелеушінің не біліп, не істейтінін ашу одан да
маңыздырақ екендігін растау.
2. Баукең шыншылдығының дәрежесі - оның адамгершілік кемелдігі
дәрежесінің көрсеткіші екендігіне көз жеткізу.
3. «Ұшқан ұя» шығармасының мазмұны мен мақсатының жемістілігін
аңғарту.
Достарыңызбен бөлісу: |