Қорытынды.
Мақаланы жазар алдында көптеген әдебиеттерді
қарастырдым. Көптеген авторлардың шығармаларында батыр тұлғасы
жақсы сомдалған. Сонымен бірге өз шығармаларында да Бауыржан
Момышұлы соғыстағы оқиғаларға жан бітіріп, оны көркемдеп суреттей
отырып, бейбітшілік идеясына халықтың патриоттық моральдық
сезімдерін оятуға, соған ұрпақты тәрбиелеуге ерекше ден қойғаны көрініп
тұр.
Оның рухани жеңісі сол, кеңестік заманның қытымыр қылышына
қарамастан, бәріне төтеп берді. Адал еңбекпен өмір сүруді, халыққа,
қауымға адал қызмет етудің, жақсылық жасаудың, жамандық біткеннен
жиренудің қағидаларын ұсынды. Дарабоз батыр атамыздың өсиет қылып
кеткен нақыл сөздерін қазіргі және болашақ ұрпақ жадына сақтап, еліне,
халқына деген патриоттық сезімдері өшпейді деген үміттемін. Мақаламды
атамыздың мына сөздерімен аяқтағым келіп отыр: «Даналық – өткеннің
тәжірибесін қорытатын, қазіргі жағдайды зерделі талдайтын және
болашақты көре білетін творчестволық ойдың қаймағынан тұрады». [2]
дегендей, өткен өмірден алған тәжірбиелерді, қазіргі таңда зерделеп,
қорытып, іске асырып, сол дана адамдардың іс-әрекетімен сабақтастыра
білу қажет деген ойдамын.
Ұсыныс:
Мектептерде
Бауыржантану
факультативтері
енгізілсе.
Оқушыларды Бауыржан Момышұлы шығармаларымен таныстырып,
шығармалар арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |