Зерттеу әдістері:
«Ұшқан ұя» повесін зерттеу барысында жоғарыдағы
шығарманың мақсаты мен міндеттерін негізге ала отырып, жұмыстың
зерттеу обьектісі етіп батыр өскен ортаны, тәрбиеге әсер еткен негізгі
көздерге: салт-дәстүрлерге, ұлттық наным-сенімдерге, мақал-мәтелдерге
көңіл бөлдік. Тақырыптың өзектілігі Бауыржантану ғылымының
қалыптасу кезеңінде батырдың дара тұлғасын тану, өскен ортасы мен тәлім
алған қайнар бұлағының көзін ашу және оның ұрпақ тәрбиесіне, көркем
әдебиетке әсерін бағалау үшін «Ұшқан ұя» повесін жан-жақты қарастыру
арқылы белгілі бір мақсатқа жету болып табылады.
Зерттеу жұмысының құрылысы кіріспеден, негізгі бес тараудан,
қорытынды бөлім мен библиографиялық көрсеткіштен тұрады.
Кіріспе бөлімде Б.Момышұлының қысқаша өмір жолы, шығармашылығы,
Баукеңнің балалық шағынан батыр болып қалыптасқанға дейінгі кезеңі
және өзі көзі тірі кезінде жазып қалдырған мұралары жайында айтылады.
Шығармаларының құндылығы мен ұрпақ тәрбиесіне берерлік тәлімі
жолдары ашылады.
1-тарауда «Б.Момышұлы шығармашылығының зерттелуі» жайына шолу.
Бауыржанды көзі тірі кезінде көріп білген, оның сегіз қырлы бір
сырлылығын таныған жазушылардың шығармалары мен жазушылық
жолындағы өзі қалам тартқан шығармалардың зерттелуіне тоқталу. Мұнда
батырдың сан қырын байқап, өз жанында жүрген М.Мырзахметұлының,
Ә.Нұршайықовтың, Ш.Мұртаза, Е.Әлімжан, А.Бек, т.б. жазушыларымыз-
дың Баукеңе, оның шығармашылығын зерттеуге қалам тартуы сөз етіледі.
Суреткердің көркем туындысының мәні мен тәлімдік биігі, сондай-ақ
ұлттық салт-дәстүріміздің «Абай жолы» роман-эпопеясынан кейінгі алар
орны мен мақал-мәтелдердің тәлімдік-тәрбиелік, өнегелік жолдары
көрсетіледі. Көркем шығарманың бойындағы бүкіл бір ұлтқа тән мінез бен
ұлттық байлықты көздейтін жолдар ашылады.
81
2-тарауда "Ұшқан ұя" романындағы образдар жүйесі деген тарауында
көркем шығармадағы образдар жүйесінің молдығы, көркемдігі,
жинақтылығы суреткердің шеберлігінің бір көрінісі. Бұл тарауда
Б.Момышұлы сомдаған шынайы өмір көріністерін көркем әдебиетте
бейнелей отырып, өзі өмір сүрген қоғам, орта, кезең суреттеледі. Бала
Бауыржанның кішкене сәби көзімен тұшынып, сезінген сол қалпында
жүрегінде сақтап қалып, кейінгіге өнеге ретінде қалдыруы ұлттық салт-
дәстүрімізге, әдет-ғұрпымызға деген зор құрметтің бір айғағы десек те
болар еді. Куба Республикасын арнайы қонақ ретінде арналған кезінде әр
түрлі ресми аудиторияларда сөйлеген сөзінде өзінің шығармалары туралы:
«Менің шығармаларым тұтастай және толығымен менің өз басымның
естеліктеріне, өте-мөте ерекше делінген эпизодтар жиынтығынан іріктеп,
ерекшелеп алған неғұрлым елеулі көріністерге негізделген. Оларда ойдан
шығарылған оқиғалар да, ойдан жасалған образдар да жоқ»,- дейді.
«Ұшқан ұя» да осы секілді ерекше туындының бірі, шын өмірдің көркем
сөзбен бейнеленуі. Шығармадағы образдар жүйесі бала Бауыржанның көз
алдында өмір сүрген адамдар немесе әжесі, әкесі, әпкелер секілді
кейіпкерлер.
3-тарауда ұлттық салт-дәстүріміздің суреткер көзімен көріп, бала кезінде
байқағандары мен әдет-ғұрыпты сақтауға деген шынайы көзқарасы
баяндалады. Көркем шығармадағы дәстүрлік танымдарға суреткердің
өлшемі, оның бағалануы, көзқарасы т.б. қамтылады. Салт-дәстүріміздің
қазіргі күнге дейін сақталған және ұмытылған түрлерінің мәні мен маңызы
ашылады. Суреткердің өз шығармасын зерттеудегі салт-дәстүр, әдет-
ғұрыптарды мысалға келтіріп, көркем суреттеудегі негізгі мақсаты
айқындалады. Ұлттық салт-дәстүріміздің бір елді ұлт ретінде сақталуы
және қалыптасуы барысында атқаратын рөлі мен тәлімдік-тәрбиелік
маңызы, біздің халқымызда дәстүрдің атқаратын игі қызметі ашылады.
Қорытынды бөлімде қазақ халқының біртуар ұлы, даңқты қолбасшы,
жазушы, батыр Б.Момышұлының ар мен намыстың биік туын түсірмеген,
оны көкейінде өмір бойы тұмар ғып ұстанған ұлы адам, Ғасыр адамының
беймәлім қырлары ашылады. Гауһар тас секілді сан қырлы азаматтың
бейнесіндегі кей ашылмаған тұстар, шығармаларындағы өз бейнесі мен
өзге адамдардың батыр тұлғаның бойынан байқаған қасиеттері
анықталады. Халық дәстүрін сақтау жолындағы қиылыстары мен
ақылдылық пен тектіліктің алып қыраны екендігі ашылып, жұмыстың
негізгі обьектісі айқындалады.
Қазақ халқының даңқын шығарып абыройын асырған, айтулы ұлдарының
бірі - гвардия полковнигі, жазушы, Совет одағының батыры Б.Момышұлы
есімі қазақ еліне таныстыруды қажет етпейді. Ол «Халық батыры», ол
«даңқты әскери қолбасшы», ол «көрнекті қаламгер» деген ұғыммен ұрпақ
санасында біте қайнасқан.
Ол тұтас алғанда Нағыз Қазақ аса қастерлі, мәртебелі биік тұлғасымен
танылған еді.
82
Туған ұлты үшін ұран салып, ұлт намысын таптатпай, ұлт байрағын
құлатпай, айбынды ұстаған Бауыржан атамызды өз халқы шексіз сүйіп
мерейін асырды.
Баукең үйреткен тағлым - Ұлы сенім, Болашаққа деген сенім еді.
Бауыржан үйреткен тағлым - ұлы шындық.
Өткен ғасырдағы қазақтың біртуар азаматы, көзі тірісінде-ақ аты
аңызға айналып, онысын ақиқатпен ұштастырған, ерлігі мен өрлігі,
азаматтығы елді ардақтаудың ең биік үлгісіне жетіп халықтың бетке ұстар
ұлына, мақтан тұтар қаһарманына айналып кеткен Кеңес Одағының
Батыры Б.Момышұлы артына мол әдеби мұра, көркем дүние қалдырған,
ұлтжанды, терең ойлы жазушы Бауыржанның «Ұшқан ұя», «Қанмен
жазылған кітап», «Москва үшін шайқас» сынды кітаптары барша жұртқа
аян. Батыр тұлға жайында Александр Бектің «Волокалам тас жолы»,
Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітаптары ұлы қаһарманның
шынайы бейнесін дүйім елге паш еткен шығармалар деуге тұрарлық. Ол
жайында ел ішінде айтылатын ұшы - қиыры жоқ аңыздар мен ақиқат
Бауыржан тұлғасын биіктете түскендей. Бауыржан атағын асқақтатып,
бүкіл халыққа әйгілі еткен батырлығы десек ол туа дарыған және жүре
дарыған асылы. Батырлық Бауыржанның ерлігі арқылы ғана емес, туа
біткен мінезі мен тәлім-тәрбие арқылы жұғысты. Оның бала Бауыржаннан
батыр Бауыржанға жету аралығында шыңдалу мектебімен қоса өзі жазған
«Ұшқан ұяның» да әсері мол еді.
Бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп оның сәби шағынан бастап-ақ
кейінгі өмірінің қалыптасу барысының алғашқы баспалдақтарын жасаған.
Немесе өзі атап көрсеткендей: «Тәрбие адам бойында жақсы мінез-құлық
қалыптастырады... Балаға nадамның, азаматтың бойындағы барлық жақсы,
асыл қасиеттер ананың ақ сүтімен бірге берілуі қажет.
Бауыржанның қанатын қатайтып, биікке самғаған қыран болуындағы
отбасының әсері қандай, ол қандай жанұядан өркен жайды?
Ана сүтімен бірге бітетін қасиеттерге ол осы шығармасында зеректік,
ойшылдық және сезімталдықты жатқызады. «Мұны адам сатып ала
алмайды, егер жүрегінде осы қасиеттердің ұшқындары болса ғана өмір,
қоршаған орта оны не ұлғайта түседі, не өшіреді»
Бауыржан ұясынан көрген-білген, алған өнеге-тәрбиесін жазудағы
мақсатының өзі де сол өзі шыққан биігінің тәрбие нәтижесі ғана емес,
сонымен қатар бүкілхалықтық салт-дәстүрден, ұлттық мінезден нәр
алғандығын "Ұшқан ұя" шығармасында барынша ашып берген.
Жаңа дүниенің есігін ашқан нәрестеге шілдехана жасалатыны жарқын
дәстүріміздің бірі. Сол шілдехана жас сәбиге өмірге жолдама іспеттес бата
беріледі. Баламның келешегі батамен көгеріп, өркен жайсын дегені болса
керек. Халқымызда «батамен ел көгерер» деген қасиетті сөз бар.
Алатаудың қыраны мол еді -
Қырағы болсын, құлыным.
Қойнауы суға толы еді -
83
Бұлағы болсын, құлыным.
Елінің тілегі зор еді -
Шырағы болсын құлыным.
Ата тілегі он еді -
Құмары болсын құлыным.
Бұл жерде батырлар төрі еді -
Сыңары болсын құлыным.
Осы алғашқы Имаш бабасының Бауыржан Момышұлы өміріне өнеге
болды. Шындығында, батырлық Бауыржан тәрбиесінің тал бесігінен
бастау алды. Өзі еске алғандай, ол тәрбиелеген «даланың дархан
балабақшасының» сыры мен мәні осыдан бастау алған еді.
Бала тәрбиесіне, жалпы адамның қалыптасу жолындағы тәрбиесіне
терең мән беріп, оның сәтті қағидалыры мен ережесін жасаған халық -
қазақ халқы. Оның балаға дүниеге келген күннен бастап берілетін тәрбие
тәсілдері мен тәжірбиелері өте көп. Халықтың ғасырлар бойы жинаған
мұрасы ұлттық тәрбие ісіндегі сәбилік кезінен біліп, ер жеткенге дейінгі
салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыз шығарма барысында бала Бауыржанның өсу
деңгейімен беріліп отыр.
Перзенттің шыр етіп дүниеге келуі тек туған ата-анасының ғана
емес, бүкіл ауылдың қуанышы болып есептеледі. Дүниеге келген сәбидің
әкесінен «сүйінші» қуанышты хабарды жеткізу. Жеткізуші адам «сүйінші»
деп сұрай келеді немесе эмоциясы арқылы, мәселен қуанышында шек
болмай, я көзінен қуаныштың жасы ағып, жылап қалғыңыз келеді.
Мұндайда қуанышты үй иесі қалағаныңды ал дейді, яки оған риза
болатындай сыйлық ұсынады. Бұл шын қуануды, ризалықтың белгісі.
Сүйінші сұрау және сүйіншіге берілетін нәрсенің дәстүр бойынша ерсілігі
жоқ. Мәселен; «Аққұлдың немере інісі Дембай ұлды болғанда, іштегі
әйелдің бірі, жүгіріп шығып «ұлды болдың сүйінші» дегенде Дембай әлгі
әйелді қалбалақтап кеп құшақтап алыпты да мойнына асылып емірене
егіліп жылапты. Көптен күткен қуанышын осылай жария еткен екен.
Перзенттің дүниеге келуі үлкен қуаныш, баланы халық артта қалған
із дейді, баласыз үйді қу молаға теңеуі де сондықтан болса керек.
Қазақтың бай салт-дәстүрінен сусындаған Бауыржан Момышұлы да
әліппені орысша оқыған, бүкіл қызметі орыс тілінде өтті. Бірақ ол Нағыз
Қазақ болып қалды. Ол орысша сөйлегенде оның асқан шешендігіне, ой
жүйесінің жампоздығына, биік білімділігіне ең зиялымын деген
орыстардың өзі таңдай қағар еді. Бірақ ол орысша оқыған басқа көптеген
қандастары сияқты өз тілінен безінген жоқ.
Оның орыс достары өте көп еді. Ол орыстың ұлы классик ақын-
жазушыларын піріндей сыйлады. Ол соғыс кезінде, одан кейін де Илья
Эренбург, Константин Семенов, Александр Фадеев сияқты ірі тұлғалармен
дос болды. Ол туралы орыс жазушысы Александр Бек «Арпалыс» атты
роман жазып әлемге әйгілі болды. Расында, ол әйгілі кітаптың авторы
Бауыржан Момышұлы болатын.
84
Баукең адамды ұлтына емес ақыл-парасатына қарап бағалайтын.
Сондықтан оны Ұлтшыл деп қаралайтын болсақ онда жала жапқанымыз.
Ол Кубаға барғанда Фидель Кастро, Рауль Кастромен туыстасты. Ол
алыстағы чех жазушысы Шдаймен ағайынша хат алысып тұрды. Ал, өз
халқын ағынан жарыла жанындай жақсы көрді. Оның өткені мен қазіргісі,
бүгінгі күні толғандырмай қоймады. Баукең көреген еді, ол сол уақытта,
қан майданның қақ ортасында жүріп, өз халқының қамын ойлап
Қазақстандағы басшыларға хат жазумен болды. Оны толғандырған ұлт
келешегі, ұлт мүддесі, ұлт тарихы, ұлт рухының, ұлт тілінің, ұлт
санасының, ұлт сауатының, ұлт ар намысының, ұлт әдебиетінің, ұлт
мәдениетінің қамы болатын. Ол соғыстағы әрбір қазақтың, әрбір ұлттың
адамы тірі қалу ұрпақ үшін зор қуаныш деп ұқты. Шығынсыз соғыс
болмайтынын да ұқты, ал шығынның орнын толтыра алмайтындықтарын
да ұқты. «Жеңіске тек рухтың күштілігімен ғана жетуге болады» дейді
Бауыржан Момышұлы. Ол халықтың, ұрпақтың рухы сынбауын
армандады.
Рух туралы озық ойы, өзіндік философиясы бар ол халық туралы:
«Біз мал едік, қараңғы едік», - дегенге менің ашу-ызам келеді, - дейді
Бауыржан Момышұлы. Ол өз халқы туралы мұндай қорлық сөзге
шыдамаушы еді.
Ал, Баукең сол соғыс жылдарының өзінді-ақ: «Кеңесарыдан оның
көзқарасының Маркс көзқарасымен сәйкес келуін талап етуге болмайды», -
деп айдай әлемге жар салды. Франциядан арнайы Баукеңді іздеп қонаққа
келген француз әйеліне Баукең қылышынан қан тамған уақыттың өзінде
Мағжанның бір өлеңін жатқа айтып берген. Жанындағылардың айтқанына
көнбей, өзім жауап берем деп бой бермеген. Ал француз әйелі болса
Баукеңе Мағжанның өлеңдерімен таныс екенін, оның францияда кітабы
шыққанын айтқанда Бауыржан «Мағжан ұлы ақын» деп жауап берген.
«Егер біз қазақ халқының барлық жақсы дәстүрін керегі жоқ деп
қудалайтын болсақ, ата-бабаларымыздың кім екенін білмейтін болсақ,
мұның өзі пайда бере қоя ма?» - деді. Өткенді жер мен жексен ету -
болашақ ұрпақты мәңгүрттікке альш баратынын Бауыржан Момышұлы
бұдан алпыс жылдай бұрын ескертті. Қоғам, қоғам тізгінін ұстарлары
мұны ескермеді. Енді оның зардабын өлердей бастан кешіп, тіпті мына
«тәуелсіз» деген заманның өзінде «мемлекеттік тіл» мәселесімен әуре
сарсаңбыз. Бауыржан Тәңірге, Тәңір берген Тағдырға сенген адам: «Егер
мен тағдыр жазып бүгінге дейін тірі жүрсем, алдағы тағдырдың маған
қаншалықты рахымы боларына көзім жетпейді», - деп жазды ол отыз үш
жасында. Тағдыр оған әлі қанша өмір беретіндігіне көзі жетпегендіктен де
халқының мүшкіл халін ойлап, 1943 жылы 18 наурызда Қазақ ССР Халық
Комисарлары Советінің төрағасы Нұртас Оңдасыновқа майданнан хат
жазды. Онда ол мен майданда жауды жайратып жатырмын, мен атақты
батырмын демейді. Республика басшысына халық тағдырына араша түсуді
85
аманат қылады. «Өнегелі тәрбие алған адам Отанға берілгендік, әділдік,
тәртіптілік сияқты жауынгерлік қасиеттердің негізін бойына сіңіреді.
Қазақ халқының өткен тарихындағы барлық жақсы дәстүрлер бүгінгі
таңда қайта салтанат құруға тиіс. Халық даналығының алтын қазынасы
біздің жетістігімізге айналып, біліміміз бен тәжірбиемізді байытып,
істерімізге қолқабыс жасауға тиіс».
Бауыржанның ұлт, ұрпақ тағдырына байланысты осы хатына
Н.Оңдасыновқа жазған хатына жауап алды ма, жоқ оны білмейміз, бірақ,
ақиқатында бұл хат тек Н.Оңдасыновқа ғана емес, Мемлекет, Үкімет
тізгінін ұстайтын келешек басшыларға да арналған. «Тәрбие жұмысындағы
осындай сорақы жаңсақтықтың салдарынан жастардың кейбір бөлігі адам
танымастай әдепсіз жеңіл ойлы, нашар, ебедейсіз, қопал болып өсіп келеді;
тіпті сужүрек, қажырсыз, бас қамын ойлайтындар да ұшырасады».
Бауыржан бұл қасіретті жазғалы жарты ғасырдан асып кетті. Осы дерт
асқындамаса азайған жоқ. Демек Бауыржан өсиеті әлі актуальды. Егер
Мемлекет, Үкімет ұлт қамын болашағын ойлайтын болса, ұлт намысын
қорғаймын десе, ең бірінші, адамдарды аздырмай, тоздырмай
асылдандыруға көңіл бөлуі керек.
Жыл өткен сайын, жылдар өткен сайын Бауыржан шыңының басы
ұлғайа түскендей, әлі зерттеле келе ұлғайа бермек, өсіп - өркендей түспек
Ал, біз өсетін елдің, өркениетті елдің қатарына қосылып, қазақ халқын
әлемге танысқымыз келсек Бауыржан өсиетінен ғибрат алармыз және соны
келешегімізге ту етіп ұстасақ, ұлы рухы биіктері сөзсіз.
«Бақыт дегеніміз - өмірді өз орнында, өз қалпында шамасы келгенше
үлгілі сүру, адал болу, майдалықтан, іштарлықтан қашық жүру. Мұршасы,
әлі жеткенше өз заманын түсіне білу, өз қоғамымен бірге, алған мақсатына
қопарыла, шын көңілмен адал қызмет істеу» Бауыржан Момышұлы да осы
бақытқа ие болған асыл тұлға. Аты аңызға айналған әйгілі батыр, есімі ел
жадында мәңгі жатталып, қалған даңқты қолбасшы, халқымыздың қыран
мінезді айбынды перзенті, дүниеге екі келмес біртуар биік тұлға,
жастардың ұлағатты ұстазы, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының
өзіне ғана тән көп қырлы қайталанбас асыл бейнесі ұрпақтан ұрпаққа
жетіп, асқарлана, ажарлана түспек.
Достарыңызбен бөлісу: |