«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет89/171
Дата22.04.2022
өлшемі2,42 Mb.
#140462
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   171
№ 1. Балалық шақтың іздері 
Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың  24 желтоқсанында Жамбыл 
облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында туған.
Дулат тайпасының Шымыр руынан. Имаш бабасы 1911 жылы 92 жасында 
дүниеден өткен. Әкесі Момыш өз бетімен ескіше сауат ашқан, кирил 
алфавитімен оқуды меңгерген сол кезеңдегі көзі қарақты адамдардың бірі 
болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал 
болатын. Имаш атасы қартайған кезінде барлық шаруашылықты Момыш 
ұлына табыстаған. Әжесінің есімі - Қызтумас, қартайған шағында ағайын-
туыс "сары кемпір" деп атаған. Анасы Рәзия дүниеден ерте өтіп, Бауыржан 
3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында өседі [1]. Б.Момышұлы 
«Ұшқан ұя» повесінде есін біле бастағаннан мектепке барып, сабақ оқып 
бастағанға дейінгі өмірі, өскен ортасы, ауыл адамдары, сол кездегі қазақ 
халқының тұрмыс-тіршілігі суреттеледі. Батырдың мейірімді, дана 
әжесінің тәрбиесінде болғаны, ол кісінің сан түрлі ертегілер айтып беруі 
Абайды еске түсіреді. Ерекше ыстық әже махаббатымен, үлкендердің 
батасымен өскен, білім алған баланың үлкен азамат болу заңды шығар. 
Кітапты оқып отырып, сол кездегі қазақ ауылы, кеңпейіл халық көз 
алдымнан көркем фильмдей өтіп жатты. Қазақы мінез, дәстүр, өнер, 
шынайы суреттеулер тәнті етеді. Сағындырады. Автор балалық шағын, 
естеліктерін арқау етіп, бауырмалдықты, достықты, ерлікті, адал да аңқау, 
қарапайым ауыл адамдарын шебер суреттеген [2]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет