157
«Академия
қабырғасында»
полковник Момышұлын тыңдаушылар
қарапайымдылығы мен ойын бүкпесіз ашық
айтатындығы үшін, әділдігі мен ақжарқын
мінезі үшін жақсы көретін. Ол Панфилов
дивизиясы жүргізген ауыр ұрыстар жөнінде,
қарулас жолдастарының ерліктері туралы
әңгімені
ерекше
қызықты
етіп
айта
білетін...[50б.]
Аманкелді
Ормантаев
«Домбырадағы
қолтаңба»
... Баукеңнің түсі жылыды.
- Дұрыс. Асау өзенді бағындырғандардың бірі
болдың ғой. Келін бар ма?
- Бар, Бауке. ЖенПИ-дің бір сұлуын ала
кеткенмін.
- Балаларың ше?
- Бір ұл, бір қызымыз бар.
- Дұрыс. Әй, - деді кенет дауысын қатайтып, -
балаларың қазақ тілін біле ме?
- Біледі, Бауке. Үйде қазақ тілінде сөйлейміз.
- Дұрыс. Мен орыс тілін білмесін деп отырған
жоқпын. Ана тіліңді естен шығарғаның өз
туған анаңды ұмытқаның.
Баукең ойланып қалды...
... Домбыраның шанағына Баукең былай деп
жазыпты: «Бүкіл ел болып асау өзенді
бағындыру кезінде өз үлесін қосқан Сержанға,
келінім мен немерелеріме! Бақытты болыңдар!
Туған жеріңнің абройын әрдайым жоғары
ұста!
Бауыржан Момышұлы»
[176-177 б]
Тіл
жанашыры,
туған
жерінің
абыройын
ойлайтын
елжанды,
Отанына
адал жан
Осы іс-шара арқылы оқушы батырмен қатар жүрген замандастарының,
көзкөрген ізбасар інілерінің, балаларының тартымды баяндалған сырларын
оқып, талдап, батырдың азаматтық, ерлік тұлғасына көз жеткізіп, өз
бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялатып, өмірге деген
көзқарасын қалыптастырады. Әрбір ұстаз Бауыржан атамыздай өз
қызметін адал атқарып, елге, ұлтқа жанашырлықпен қарап, ұрпаққа өнеге
болар ұлы тұлғаларымызды үлгі етіп, жан-жақты, тиімді тәсілдермен әр
сабағын қызықты да пайдалы өткізсе ұлттық құндылығымыз дамып,
рухты да білімді ұрпақтарымыз өсіп-жетілері сөзсіз. Осындай іс-шара
мектепте жиі ұйымдастырылса нұр үстіне нұр болар.
Достарыңызбен бөлісу: