Қарағанды Болашақ-Баспа 2019 ббк – Әож – с


Ғылыми-техникалық тағылымдамадан өтуге болатын академия бөлімдері



бет34/56
Дата06.06.2023
өлшемі348,27 Kb.
#178356
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56
Байланысты:
Сборник-ОПО-магистратура-каз-яз

2. Ғылыми-техникалық тағылымдамадан өтуге болатын академия бөлімдері
2.1. Магистранттарды Орталыққа ғылыми тәжірибеден өтуге бағыттауға байланысты осы Ереже және академияның бұйрықтарында белгіленген құзыретіне сәйкес, ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге уәкілеттік берілген академия бөлімшелері бейінді кафедра мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі (әрі қарай – ЖООКБББ) болып табылады.
2.2. Академияда магистранттарға ғылыми тағылымдамалар өткізуге уәкілеттік берілген бөлім академия ректорының бұйрығымен тағайындалған Орталық болып табылады.
3. Тағылымдамаға қабылдаудың шарттары мен тәртібі
3.1. Тәжірибеден өту үшін Орталыққа 7M04201 - «Құқықтану», 7М04101-«Қаржы» білім беру бағдарламаларының магистранттары қабылданады.
3.2. Магистранттарды Орталыққа тағылымдамадан өту магистранттарды оқыту үшін академиялық күнтізбеде белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
3.3. Орталықта тағылымдамадан өтуге ниет білдірген магистрант Академияның бейіндік кафедраға жүгінеді.
3.4. Академияның бейіндік кафедрасы алдын-ала өзара әрекеттесу кезінде орталықта тәжірибеден өтуге ниет білдірген магистранттармен келісімшартқа отырып:
- 7M04201-«Құқықтану», 7М04101-«Қаржы» білім беру бағдарламаларының магистранттарын орталықта ғылыми тәжірибеден өту шарттары мен тәртібімен таныстырады.
3.5. Ғылыми тағылымдамадан өту туралы есеп нысаны кафедра меңгерушісімен келісіледі.
Ғылыми тағылымдама туралы есепте мына мәліметтер келтіріледі:
- тағылымдамадан өткен магистранттың (бұдан әрі - тағылымдамашы) - тегі, аты, туған жылы, елі, білімі және/немесе ғылыми біліктілігі, тұрғылықты жері, жұмыс орны, лауазымы;
- тағылымдама өтетін академия орталығы;
- тағылымдамадан өту мерзімі;
- ғылыми тағылымдамадан өту туралы келісімшарт;
- тағылымдаманың мазмұны (қарастырылатын зерттеу мәселелерінің тізімі; тағылымдамашыға ұсынылған зерттеу ақпаратының тізімі; тағылымамашы орындаған ғылыми-зерттеу жұмысы; тағылымамашы орындаған ғылыми зерттеулер және т.б.);
- ғылыми практика туралы қорытынды жазбаша есеп.
- жарияланған ғылыми жұмыстардың тізімі (бар болса);
3.7 Тағылымдамадан өту туралы келісімшартқа Академия орталығының директоры қол қояды.
3.8 Орталық тағылымамашының Орталыққа келген күннен кешіктірмей ішкі еңбек тәртібі мен оқу кестесінің ережелерімен танысуын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет