Қарағанды Болашақ-Баспа 2019 ббк – Әож – с


Магистрлік диссертацияның (жобаның) құрылымына қойылатын талаптар



бет41/56
Дата06.06.2023
өлшемі348,27 Kb.
#178356
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56
Байланысты:
Сборник-ОПО-магистратура-каз-яз

6. Магистрлік диссертацияның (жобаның) құрылымына қойылатын талаптар
- Магистрлік диссертацияның/жобаның құрылымдық элементтері:
- титулдық бет;
- мазмұны;
- кафедра қалауы бойынша белгілер мен қысқартулар;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды;
- қолданылған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар.
Титулдық бет магистрлік диссертация/жоба жайында негізгі мәліметтер енгізілетін бірінші беті болып табылады. Титулдық бет диссертацияның/жобаның жалпы бет санына кіреді, бірақ титулдық бетте нөмір көрсетілмейді. Титулдық бет Б қосымшасына сәйкес ресімделеді.
Магистрлік диссертацияның/жобаның мазмұны барлық негізгі тақырыптарды және бет нөмерлерін, бөлімшелерді (егер оның атауы болса), нөмірі көрсетілген қолданылған әдебиеттер мен қосымшалар тізімін қамтиды. Диссертацияның/жобаның мазмұны Б қосымшасына сәйкес ресімделеді.
«Анықтаулар мен қысқартулар» аталатын құрылымдық элемент магистрлік диссертацияда/жобада қолданылатын анықтаулар мен қысқартулар тізімінен тұрады. Анықтаулар мен қысқартулар мәтін ішінде қажетті түсіндірмелер келтіру тәртібі арқылы қолданылады. Анықтаулар мен қысқартулар құрылымдық элементте «Анықтаулар мен қысқартулар» келтірілсе де жеткілікті болады.
Диссертацияның/жобаның кіріспесінде тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы, зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері, объектісі мен пәні, зерттеу әдістері, теориялық және практикалық маңыздылығы, олардың тұтастай ғылыми-зерттеу жұмысын орындаудағы орны, қорғауға ұсылатын тұжырымдар көрініс табуы тиіс.
Диссертацияның/жобаның негізгі бөлігінде орындалған жұмыстың мәні, әдістемесі мен негізгі нәтижелері келтіріледі.
Негізгі бөлімнің мазмұны мынадан тұрады:
- зерттеу бағытын және оның негіздемесін, мәселелерді шешу әдістерін және оларды салыстырмалы бағалауды таңдау, жұмыстың таңдалған жалпы әдіснамасының сипаттамасы;
- зерттеудің теориялық және (немесе) эксперименталдық (жобалық) зерттеу үдерісі, оның ішінде теориялық зерттеулердің сипаты мен мазмұнын, зерттеу әдістері, есептеу әдістері, эксперименттік (жобалау) жұмыстарға қажеттілік негіздемесі, әзірленген объектілердің жұмыс принциптері, олардың сипаттамалары;
- зерттеу нәтижелерін жинақтау және бағалау, жұмыстың бағыттары бойынша ұсыныстар, нәтижелердің сенімділігі және оларды отандық және шетелдік жұмыстардың ұқсас нәтижелерімен салыстыру:
- әр тарауға, бөлімге қысқаша қорытындылар.
Қорытынды мазмұны:
- диссертация (жоба) нәтижелері туралы қысқаша қорытындылар;
- қойылған міндеттерді шешудің толықтығын бағалау;
- нақты нәтижелер бойынша ұсыныстар мен бастапқы деректердің әзірлемесі;
- осы саладағы ең жақсы жетістіктермен салыстырғанда орындалған жұмыстың техникалық-экономикалық деңгейінің бағасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет