Қарағанды Болашақ-Баспа 2019 ббк – Әож – с


ПРАКТИКАНТТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ



бет25/56
Дата06.06.2023
өлшемі348,27 Kb.
#178356
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56
Байланысты:
Сборник-ОПО-магистратура-каз-яз

8. ПРАКТИКАНТТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ
Сәйкесті базада өндірістік практикадан өткен магистранттардың қызметін бақылауды практика жетекшісі жүзеге асырады. Практиканы бағалау магистранттың бүкіл практика кезіндегі жұмысын аттестаттау негізінде және ұсынылған құжаттаманы талдау нәтижелері негізінде белгіленеді. Практикадан өту нәтижелері баллдық-рейтингтік жүйе бойынша бағаланады және магистрдің GPA-ін есептеу кезінде ескеріледі.
Практика бағдарламасын дәлелді себептермен аяқтамаған магистрант практикаға қайта жіберіледі. Практикалық бағдарламаны дәлелді себептерсіз аяқтаған немесе төмен баға алған магистрант оқу жоспарын аяқтамады деп саналады.
ЖОО-нда практиканы қорытынды бағалауда орындалған жұмыстардың көлемін, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, есеп беру құжаттарын дайындауда ескеріледі.
Магистранттың практикалық жұмысының нәтижелерін бағалаудың негізгі өлшемдері: ғылыми, теориялық және ғылыми-әдістемелік дайындық деңгейі; ғылыми және әдістемелік дағдыларды қалыптастыру; білім алушылармен қарым-қатынас жасау және оқу процесінде олармен іскерлік ынтымақтастықты ұйымдастыру мүмкіндігі; кәсіби-педагогикалық бағыттың деңгейі, олардың әлеуметтік белсенділігі, ғылыми-педагогикалық қызметке қызығушылығы; зерттеу қызметіне дайындығы.
Өндірістік практикадан өту нәтижелері бағалау өлшемдері:
1. Ғылыми, теориялық және әдістемелік дайындық деңгейі;
2. Кәсіби дағдыларды қалыптастыру деңгейі (гностикалық, проективті және конструктивті, ұйымдастырушылық, коммуникативті);
3. Инновациялық оқыту технологияларын қолдану мүмкіндігі;
4. Педагогикалық қызметті талдаудың деңгейі мен тереңдігі;
5. Шығармашылық пен өзіндік жұмысының көрінісі;
6. Қазіргі ғылыми психологиялық-педагогикалық зерттеулерді жұмыста қолдана білу;
7. білім алушылармен және әріптестермен өзара әрекеттесудің тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыру;
8. Оқытушылық қызметке деген көзқарас (тәртіп, адалдық, жауапкершілік, бастамашылдық);
9. «Практикант-оқытушы», «практикант-әкімшілік», «практикант-жетекші», «практикант-білім алушы» жүйесінде қарым-қатынас жасай білу және оқу процесінде олармен іскерлік ынтымақтастықты ұйымдастыра алу шеберлігі;
10. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға және жүргізуге бастамашылдық және шығармашылық ұстаным;
11. Есеп беру құжаттамасының мазмұны мен сапасы.
Өндірістік практика нәтижелері кафедра мәжілісінде және практика бойынша қорытынды конференцияда шығарылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет