Біріншілік туберкулез ағзаның қорғаныс серпілісі әлсіреген адамдарда вирулентті ТМБ массивті жұғуында дамиды.Эпидемиялық жағдайдың шарттарына қарай біріншілік ТМБ жұқтырушылық көбінесе балалық шақта жүреді,сондықтан туберкулездің біріншілік формасын балалар мен жасөспірімдерде анықтайды.
Патогенез және патологиялық анатомиясы
ТМБ алғаш жұққаннан кейін марфологиялық өзгерістер плеврада,окпеде,кеудеішілік лимфа түйіндерінде түзіледі.Басқа ағзаларда бұл өзгерістер сирек кездеседі.
Туберкулездік жұқпаның үдеуі жасушааралық кеңістікке,сосын лимфаға және ТМБ қалдық өнімдері қанға түсуімен жүреді.