Қарағанды облысы 2009 жыл



бет3/3
Дата24.05.2017
өлшемі443,19 Kb.
#16910
1   2   3

Проблемалық мәселелер
Мәдениет ұйымдарының проблемалық мәселелері
Соңғы жылдары мәдениет саласының қызметі біршама тұрақты, оңды нәтижелерге жеткеніне қарамастан, қолда бар мәдени әлеует одан әрі дамытылып, жаңартылуды қажет етеді. Мәдниет пен өнер ұйымдарының өз күшімен шешуі мүмкін емес проблемаларда баршылық.

1. Мәдениет саласындағы анағұрлым өткір проблемалардың бірі мәдениет қызметкерлері еңбекақысының төмендігіне қатысты. Тіпті, кезекті жалақыға қосылған үстемеге қарамастан әлеуметтік сала қызметкерлері арасында ол барынша төмен. Дамыған нарық жағдайында қазіргі беріліп жүрген еңбекақы артистерді қанағаттандырмайды, кәсіби ұжымдарға талантты жастар келмейтін болды, өйткені жұмыс өтілі жоқ консерватория түлегінің кесімді жалақысы 24 мың теңге. Мұндай жалақы жас мамандарды қанағаттандырмасы белгілі, өйткені оларға тұрғын үй сатып алып, шаңырақ құру қажет. Кәсіби талантты шығармашылық қызметкерлердің жалақысының төмен болуы бұл мамандықтың беделін түсіріп, шығармашылық белсенділікті арттыруға, жергілікті жерлерде кадрларды тұрақтандыруға кері ықпал етеді.

Біздің облысымызда екі кәсіби ұжымның «Академиялық» атағы бар – олар Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар орекстрі және академиялық музыкалы комедия театры. Қазіргі қолданылып жүрген еңбекке ақы төлеу жүйесі «Академиялық» атаққа қосымша ақы төлеу мәселесін шешуге мүмкіндік бермейді. Осынау және басқа да мәселелерді біз ҚР Парламенті мәжілісі депутаттарының, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі алқасының, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алқасының деңгейінде бірнеше рет көтердік.

Қызметкерлердің материалдық ынтасын күшейту, кәсіби кадрларды сақтау, мәдениет саласында жас мамандарды тәрбиелеу мақсатында кәсіби шығармашылық қызметкерлердің еңбекақысын арттыру мәселесін қарау қажет.

2. Театр-өнер ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету сол бұрынғысынша өміршең мәселелер қатарында К.Станиславский атындағы орыс драма театрында, академиялық музыкалы комедия театрында бас режиссерлер, дирижерлер, кәсібилігі жоғары суретшілер, дыбыс операторлары, жарық, грим мамандары және т.б. жоқ. Бұл проблема тағы бір елеулі мәселе көтеріп отыр. Кезінде музыка мектептері, училищелері мен жоғары оқу орындары Мәдениет министрлігінің қарамағында болды. Бұл жақсы нәтиже берген, өзін ақтаған жұмыс еді. Қазіргі уақытта аталған оқу орындары ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарайды.

3. Жұмыстың кәсіби еркешеліктеріне байланысты мәдениет қызметкерлерінде берілетін, 1998 жылы тоқтатылған жеңілдіктерді қалпына келтіру мәселесін қарастырып, балет артистері, әнші – артистер, үрлемелі аспаптарда ойнайтын артистер сияқты кәсіби шығармшылық қызметкерлер категорияларына жеңілдікті тізім мен зейнетақы тағайындау мәселесін шешу қажет.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңына мынадай категориялар бойынша еңбек өтілін жеңілдікпен белгілеу жолымен адамның жасына қарамастан қызмет жылдары бойынша зейнетақы тағайындау жолымен өзгертулер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз:


  • опера және балет театрларының балет солистеріне, әнші – солистеріне, музыкалы комедия, музыкалы және музыкалы – драма солистеріне, концерт ұйымдарының солистеріне мамандығы бойынша 20 жыл жұмыс өтілі жағдайында;

  • балет артистеріне, кәсіби көркем ұжымда би нөмірлерін орындаушы – артистеріне, кәсіби хор ұжымындағы негізгі ән партиясын орындайтын артистерге мамандығы бойынша 25 жыл жұмыс өтілі жағдайында;

  • кәсіби көркем ұжымда үрлемелі музыкалы аспаптарда ойнайтын артистерге мамандығы бойынша 25 жыл жұмыс өтілі жағдайында.

4. Әртістер мен музыканттардың шеберліктерінің жеткен кәсіби деңгейін есепке ала отырып, біздің көзқарасымыз бойынша, "Халықтық", "Еңбек сіңірген" құрметті атақтарын қайта қалпына келтіру туралы мәселені қарастыру да назар аударуға лайық. Осындай атақтарды иелену әртіс үшін оның талантын, өнерге қосқан үлесін мойындау болып табылады және әрқашанда бола бермек, және барлық қызмет саласына тән "Еңбек сіңірген қызметкер" деген қарапайым жалпылама атаққа қарағанда, лайықты шығармашылық тұлғаларға "Еңбек сіңірген өнер қайраткері" атағын беруді қайта қалпына келтіру, сірә, дұрыс болар.


5. Қазіргі уақытта мәдениет ұйымдарының қызметінің мерзімін белгілейтін мемлекеттік нормативтерді белгілеп, өмірге асыру қажеттілігі туындап отыр. Осылардың ішіндегі бірінші кезектегісі – мәдениет саласын дамытудың ең төменгі мемлекеттік стандарттары, Қазақстан Республикасы тұрғындарын мәдениет нысандары мен қамтамасыз ету нормативтері, мәдениет нысандарының типтік штаттары.

Мәдениет нысандарын жекешелендірудің, әлеуметтік саладағы мемлекеттік нысандар жүйесінің ықшамдалыну процестерінің салдарын ескере келгенде, соңғы уақытта бұрындары жабылып қалған, әсіресе, ауылдарда жабылып қалған мәдениет нысандарын қалпына келтіріп, ашу мәселесі өте өміршең болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы тұрғындарын мәдениет нысандарымен қамтамасыз ету нормативін жасау қажет.

6. Мәдениет саласындағы проблемаларды шешу мәдениет жүйесін қаржымен қамтамасыз етуге байланысты. Бюджет қаржысы мәдениет шығындарын қаржылық жағынан қамтамасыз етудің негізгі көзі болып табылады.

Соңғы жылдары мәдениетті қаржыландырудағы жақсы ілгерлеуге қарамастан мәдениет ұйымдарының қызметін жеткіліксіз қаржыландыру, сондай-ақ мәдениет нысандарын дамытуға бюджет қаржысын белгілеу мен бөлу тетігінің нақты жүйесінің жоқтығы сезіледі.

Қаржыландыру ауқымы мекеменің сандық көрсеткіштері бойынша белгіленіп, «қол жеткен деңгейге орай» қаржыландырудың қолданылып жүрген принциптері жаңа экономикалық жүйе жағдайында қолдануға жарамсыз. Бұл аса тар өрісті экономикалық әдіс: қол жеткен қаржылық көрсеткіштер инфляция мен баға динамикасының қарқынын есепке ала отырып индексацияланады.

Қазіргі уақытта мекемелерді ұстаудың шығындарын қаржыландыруды жоспарлауды қол жеткен деңгейге байланысты қаржыландырудан бас тарта отырып, мәдениет мекемелері мен ұйымдарын бюджеттік қаржыландыру жүйесін жетілдіру қажеттілігі пісіп – жетілді.



Бюджеттік қаржыландыруға сұранысты тиімді, әрі шынайы анықтау мақсатында мәдениет саласын нормативтер бойынша қаржыландыру тетігін енгізу қажет – мәдениет саласында түрлі қызметтер көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың қажетін қаржыландыру үшін белгіленген нормативтер негізінде бюджет қаржысын бөлу.

Нормативтер бір тұрғынға немесе басқа да көрсеткіштерге есептелінген әлеуметтік шығындар бойынша белгіленеді. Нормативтер мекемелер мен ұйымдардың мақсатты бағыттарын кешенді түрде көрсетуге мүмкіндік берер еді.

7. Мәдениет пен өнер мекемелері қызметіндегі аса осал тұстың бірі – материалдық-техникалық база жағдайы, әсіресе ауылдық мәдениет нысандарының жағдайы. Мәдениет мекемелері ғимараттарының көпшілігіне пайдалануға берілген уақыттан бері толық күрделі жөндеу жүргізілген жоқ, Жол картасы шеңберінде ағымдағы сипаттағы, бірінші кезектегі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр (шатыры, жылу, электр жүйелері).

Қазіргі уақытта клубтардың жаңа типтік ғимараттарын салу, әсіресе ауылдарда, өте толғақты мәселе болып тұр. Ауылда мәдениетке қолдау көрсету жастарды ынталандыруға, жас кадрларды тұрақтандыруға ықпал етеді.

Нысандар салу кезінде жобалау-сметалық құжаттарды жасау мәселесін шешу елеулі қаржылық шығын мен уақытты талап ететінін ескере келе, мәдениет үйлері мен клубтарының үлгі жобаларын мектептердің үлгі жобаларын ұқсас жасау мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз.

8. Ақтоғай ауданының әкімідігі, түрлі деңгейдегі депутаттар мен қоғамдық ұйымдар Қызыларай-Беғазы тарихи-мәдени және табиғи мұражай-қорығын жасау мәселесін көтеріп отыр. Қазіргі уақытта мәдениет басқармасы мұражай-қорықты ашудың табиғи-ғылыми негіздемесін жасау, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің орман және аңшылық шаруашылығы Комитетінің және мәдениет Комитетінің сараптамасын және негіздемеге келісімін алу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Осыған байланысты Сізден Қызыларай-Беғазы мұражай-қорығын құрып, оған республикалық дәреже беру мәселесін шешуге қолдау көрсетуіңізді сұраймыз.

9. Ұлытау ауданы аумағының тарихи және археологиялық ескерткіштерге бай екендігін және облыстағы Ұлытаулық мұражай-қорықтың республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатындығын есепке ала отырып, мұражай-қорықтың ғылыми зерттеулік және реставрациялық жұмыстарға шығындары бөліміне қаржыландыруды көбейту мәселесінің шешілуіне мүмкіндігінше қолдау көрсетудің қажеттілігіне көңіл аударуды қалар едік.


Мәдениет саласындағы проблемалық мәселелерді шешу үшін мақсатты инвестициялар мен дамудың бюджеттік бағдарламаларына қаржыны жыл сайын ұлғайту, республикалық бюджеттен мақсатты трансферттерді бөлу қажет.
Проблеманы шешу жөніндегі қолданылар шаралар
2009 жылға, Қарағанды облысының мәдениет объектілерін ұстау мен дамытуға 6 022 799 мың теңге көлемінде көлемінде бюджет қаржысы бөлінді, соның ішінде Жол картасын жүзеге асыру аясында республикалық бюджеттен 856 863 мың теңге бөлінді. Осы қаржының жалпы көлемінің 45 %-дан астамы мәдениет объектілерінің материалдық - техникалық базасын нығайтуға жұмсалды - музыкалық аспаптар, құрал - жабдықтар, компьютерлер, кітапханалар қорларын толықтыру үшін әдебиеттер алуға, костюмдер, сахна киімдерін тігуге, ағымдағы және күрделі жөндеуге.
2010 жылдың міндеттері.


  • Қарағанды облысы бойынша 2008-2010 жылдарға арналған «Мәдени мұра» Аймақтық бағдарламасын, Жол картасы дағдарысқа қарсы бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыру;

  • Үстіміздегі 2010 жыл алда тұрған – Ұлы Жеңістің 65 жылдығы, Конституцияның 15 жылдығы, Теміртау қаласының 65 жылдығы, Қазақстан Магнаткасының 50 жылдығы сияқты елеулі оқиғаларға толы, сондықтан облыстың мәдениет қызметкерлері осы шараларды лайықты өткізу үшін шығармашылық күш – жігерлерін барынша жұмсауы қажет.

Каталог: kaz -> upload
kaz -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
kaz -> Қазақ лирикалық прозасының даму арналары С. Ш. Айтуғанова
kaz -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
kaz -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі
kaz -> Ғылыми-Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді
kaz -> Сабақтың типі: Пысықтау сабағы Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу, мінездеме, салыстыру, ой-түйін
kaz -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
kaz -> М. Мақатаев- қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық
upload -> Қарағанды облысы 2009 жылдың жартыжылдығы
upload -> Рухани кемелділік дәстүрін байыта береміз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет