Қарағанды облысы
Бұқар жырау ауданы
Гагарин ауылы
«Гагарин орта мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімінің
Сайфулова Меруерт Жанбырбаевнаның
ашық сабағының әзірлемесі
Сыныбы: 5 сынып
Қазақ әдебиеті.
Сабақ тақырыбы: Діни әңгімелер. Қаситетті Құран Кәрім жайында.
Сабақ мақсаты:
1.Білімділік: Діни әңгімелер туралы мағлұмат бере отырып, қасиетті Құран Кәрім жайында ой толғату, ислам діні және теріс діндердің пайда болу себептерін аша түсіндіру.
2.Дамытушылық: Оқушының өз пікірін қорғай білуге үйрету. Сөздік қорларын, ислам діні туралы білетін ақпараттарын жинақтату және дамыту.
3.Тәрбиелік: Ислам дінін дәріптеу, имандылыққа, жақсылық пен жамандықты айыра білуге, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақ әдісі: баяндау, сұхбаттасу, айтыс, дәлелдеу.
Пәнаралық байланыс: дінтану, тарих.
Көрнекілігі: үнтаспа, сызбалар, слаид шоу.
Сабақ барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
Сынып екі топқа бөлінеді. Жақтаушы және даттаушы.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
III.Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Слайдтан мына суреттер көрсетіледі. Не бейнеленген?
(оқушы жауабы талқыланады) Үнтаспадан Құран кітабы туралы мағлұмат тыңдатылады.
Адамның бойындағы ең басты қасиет - ол таным мен сенім. Адамзат қоғамы тарихында әрбір адам сенімдерінің ең абзалы - Жаратушыға деген сенім. Сенім негізінде адамның дүниетанымы қалыптасты. Жаратушыға деген сенімі қалыптасқаннан кейін адамдар одан қажетін сұрады, тіледі, құлшылық етті, дәріптеді, соған сай береді деп үміттенді немесе Жаратушының әміріне қарсы келуден қорықты. Сол сенім іс-әрекеттерді, құлшылықтарындағы жөн-жоралғылар мен салттарды, ережелер мен қағидаларды ”дін“ деп атады. Діннің өзіндік жөн - жоралғылары көп. Сондықтан ол кейде дәстүрге де ұқсап кетеді.
Құран Кәрім - мұсылман қауымының қасиетті кітабы. Құранда Алла тағаланың атынан айтылатын өсиет-өнегелер, екі дүниелік ереже -қағидалар жинақталған. Араб тілінде – оқу дегенді білдіреді. Құранда 114 сүре бар. Сүрелер белгілі бір тәртіппен орналасқан. Ол меккелік (92) және мединелік (22) деп екіге бөлінеді. Сүре аяттарға бөлінеді. Құрандағы ең ұзағы 2-ші сүре - 286 аят, қысқасы-103, 108, 110 сүрелер - 3-ақ аяттан тұрады. Шығыс елдерінің ақын-жазушылары Құраннан дәйектемелер алған. Құранның сөзін түсіну оңай емес, онда арнайы түсіндіруді қажет ететін сөздер жиі кездеседі. Мұнда өсиет, мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, тарихи оқиғалар, тіпті мұсылман халқы үшін күнделікті тұрмысқа қажетті заңдар берілген. Құран - қасиетті кітап.
Кітаппен жұмыс
1. Сөздік жұмыс
2. Оқулықтағы мәтінді мәнерлеп оқу.
3. Мағынасы ашылады.
IV.Сабақты бекіту.
Екі топқа мынандай сұрақ беріледі. «Қазіргі кезеңде әр түрлі діндердің пайда болу себебі неде?»
1 - топ: Қазақстан көпұлтты мемлекет. Сондықтан әр ұлттың өзіндік діні бар, еліміздің тыныштығын сақтау үшін дінге шектеу жасауға болмайды.
2 - топ: Қазір неше түрлі діндердің шығуы, олардың жан түршігерлік әрекеттеріне көзімізді жұмып қараймыз ба? Жоқ дінге тоқтам салу керек. Қазақстанда тұратын ұлт өкілдері мұсылмандық дінді ғана ұстаулары керек. Теріс діндерден бойымызды аулақ ұстайық!
Мұғалімнің шешімі: Өз дініміз бен тілімізді көтерейік. Жанымыз бен тәнімізді таза ұстайық. Әр мұсылман бойынан мейірім, қайырым, адамгершілік қасиеттері табылсын!
V. Сабақты қорытындылау
1. Құран Кәрім қай тілде жазылған?
2. Құран кімге, қалай уахи түсті?
3. Құран Кәрімде қанша сүре бар?
4. Құранда қандай мәселелер қамтылған?
5. Құран кімнің кезінде тұңғыш рет кітап болып басылды?
VI. Үйге тапсырма.
1. Мәтінді оқу, мазмұндауға дайындалу.
2. Дін туралы мақал-мәтел, нақыл сөздер жазып келу.
3. Абай, Шәкәрім шығармаларынан дінге қатысты өлең шумақтарын жаттап келу.
VII. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |