І.Кіріспе
|
Тұлғааралық байланысты орнату
Алдыңғы сабақты қысқаша қайталау
|
Шеңбер құрып, қасындағы досына жақсы тілектер тілету арқылы сыныпта жағымды ахуал туғызып аламын.
Мақсаты: ынтымақтастық ахуал тудыру.
Сынып оқушыларын бір , екі, үш сандары арқылы топтастырамын.
Топтық жұмыс барысындағы «Алтын ережені» еске түсіремін
Оқушылардан үй тапсырмасын тексеру\ ойтолғау жазу, ойды жалғастыр, хат жазуға берілген \ негізінде «Ыстық орындық» стратегиясын қолданамын.
«Ыстық орындық» стратегиясының шарты: орындыққа кез болған оқушы өз тобына тиесілі үйде орындап келген жазбаша жұмысын оқып шығады. Оқылған тапсырмаға байланысты және Махамбет ақынның өмірі мен шығармашылығы бойынша орынындағы оқушылар сұрақтар қояды,қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек.
Мақсаты: оқушылардың алған білімдерін жинақтау, қорытындылау, бекіту, оларды жылдамдыққа, ептілікке, алғырлыққа үйрету. Осылайша үш оқушыдан сұралып өтіледі.
|
Оқушылар мұғаліммен көңіл- күйлерімен бөліседі.
Сыныптастарына тілек айту арқылы көңіл-күйлері көтеріледі.
Сынып оқушылары 4 адамнан 3 топқа бөлінеді.
Топ аттарын оқушылар өздері таңдап алады.
Оқушылар іштерінен ережені оқып шығады.
Оқушылар үйде әзірлеп әкелген сұрақтарын топтарға арқылы қояды. Сұрақ «Ыстық орындық» болғандықтан, онда көп отыруға болмайды. Ойыншы жауап бере алмаса, топ ішінен бір бала жауап береді немесе топ болып жауап беруі қажет.
Оқушылар сыныптастарының жауаптары бойынша өз пікірлерін айтады.
Оқушылар бір-бірі бағалайды, интерактивті тақтаға шығарылған критерий бойынша баға қояды. Бағалау өлшемдері мен өзінің бағасы туралы ойларын салыстырып айтады.
|
Жарайсыңдар, жақсы.
Ауызша кері байланыс
Жарайсың!
Тамаша!
Смайликтер арқылы ОүБ
|
«Ынтымақтастық оқу» ресурсы
Топтық жұмыс ресурсы
орындық, доп .
|
ІІ. Тұсауке
сер
|
Қызығушы
лық ояту сатысы
Пайымдау және логикалық ойлау
Оқушылар
дың болып жатқан оқиғаларды түсінгендерін анықтау
|
Миға шабуыл сұрақтары арқылы тақырыпты ашып алу.
Түрткі сұрақтар қойылады
-сыныпта «Ақын қонақтар» деп аталатын М. Әуезовтің шығармасынан алынған үзінді кім және не жайында еді?
2. «Топтастыру» стратегиясы бойынша Абай туралы білетіндерін, естігендерін жинақтау.
-Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қай ақын жайында болмақ?
- Оқушы мақсатын тыңдап, ескеріледі.
-Өз мақсатымды қорытындылап айтып өтемін.
|
Оқушы жеке ойланады, жұбымен талқылайды, топта тұжырым жасайды. Оқушылар өз болжамдарын, пайымдауларын айтады.
Оқушылар мақсаттарын айтады.
Ортақ мақсатқа жетуге белсенділік танытады.
.
|
Ауызша кері байланыс
Бәрекелді!
Өте жақсы, тамаша!
Жарайсыңдар!
|
Тиімді сұрақтар ресурсы
|
ІІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды
|
Жаңа сабақ.
Мағынаны тану.
Сабақтың басты сәттерін анықтау
|
І. Оқулықпен жұмыс
1-топ: Абай кім? Ақын ортасы, өмірі жайлы қысқаша «Түртіп алу» стратегиясымен хронологиялық кесте жасату.
2-топ: Ақын атындағы ескерткіштер мен мұралар
3-топ: Абайдың «қара сөздері»
-Әр топ тақырыпша төңірегінде қысаша баяндап береді.
Сергіту сәті.
«Қара жорға» биін интерактивті тақтада ойнатылады, соны қайталап билейді, бойларын жазады
ІІ. 1Саятшылық жайында арнайы дайындалған видео-роликті көрсету.
2. Өлең мәтінін үш топқа бөліп оқыту
Сұрақтар:
1. Өлең не жайында ?
2. Саятшылық жайында өздерің не білесіңдер?
«Еркін талқылау» стратегиясы негізінде
3. Саятшылық дегеніміз не?
Топпен жұмыс: Саятшылық- өнер, саятшылық-спорт, саятшылық- кәсіп.
Ұлттық нақышта асық иіру арқылы үш топқа тапсырма үлестіріледі.
Де Бононың
«Алты қалпақ» стратегиясы
Ақ қалпақ-Сіз қандай ақпарат алдыңыз?
Қара қалпақ-Қандай қиыншылықтары бар?
Сары қалпақ-Жағымды , пайдалы жақтарын саралаңыз.
Жасыл қалпақ-Барлық жаңасын және қызықтысын жазыңыз.
Қызыл қалпақ -Құсбегілік өнерді дамыту болжамдарын айтыңыз.
Көк қалпақ- Қорытынды жасаңыз
Сонымен балалар, Абай аталарыңның « Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін оқи отырып, аңшылық кәсіптің өзіне тән қасиеттерін, ерекшелігін білдік.Балалар, біз сабағымыздың басында Абай туралы білетінімізді көрсеттік. Осыған тағы да алып қосарларың бар ма? Біз Абайды күнге теңейміз. Себебі біз Абай есімімен әлемге әйгіліміз. Абай өзі өлсе де артына көп мұра қалдырды. Өлең жырлары мәнді де мағыналы болды. Сұлтанмахмұт Торайғыров атамыз айтқандай:
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге.
|
Кесте толтырады «ББҮ»
Оқушылар оқулықтағы мәтінмен танысады.
Әңгіменің мазмұнына қарай оқушылар өз пікірлерін ортаға салады, біріне-бірі сұрақтар қояды.
Әр іс-әрекеттерін сол бойынша өздері бағалап отырады.
Оқушылар қозғалысқа түсу арқылы бойларын сергітеді.
1.Мұқият тамашалайды, тыңдайды.
2. Мәнерлеп оқиды, әр топ өз оқыған бөлімдеріне ат қояды.
Мысалы: 1-бөлімге Бүркітші
2-Бүркіттің түлкіні алуы
3-Аңшының ойы.
«Түртіп алу стратегиясы» негізінде мағынасы түсініксіз сөздерді дәптерлеріне жазып алады, мағынасын анықтайды.
Оқушылардың ықтимал жауаптары:
Саятшылық- өнер, саятшылық-спорт, саятшылық- кәсіп.
Оқушылар топта бірлесіп постерде жұмыс жасайды.
Әр топтан бір немесе екі оқушы шығып, жұмыстарын қорғайды.
Оқушылар өздеріне тиесілі қалпақ рөлі негізінде ойларын қорытындылай отырып сөйлейді. Ұсыныс, тілектерін айтады.
Оқушылар қосымша түйгендерін айтып өтеді.
|
Ауызша кері байланыс
Жест арқылы бағалау
Ауызша кері байланыс
ОүБ
Жақсы, өте жақсы деген сөздермен қолпаштап отыру.
|
«Инсиорт»
-Білемін
-Мен үшін жаңалық
-Білгім келеді
Бағалау құралдары : жест, смайликтер
Интербелсенді тақта
Маркер, постер
Асық
Алты түсті қалпақ: ақ, қара, сары, жасыл, қызыл және көк қалпақ.
|