Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «№8 жалпы білім беретін мектебі» кмм «Жазғы мектеп»



бет1/4
Дата22.06.2022
өлшемі5,25 Mb.
#146959
  1   2   3   4
Байланысты:
жазғы мектеп талдауы 3 сынып



Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «№8 жалпы білім беретін мектебі» КММ
«Жазғы мектеп» жұмысының талдауы.
Математика 3 сынып
26 мамыр-17 маусым 2022ж. аралығында ұйымдастырылған «Жазғы мектепте»
3 сынып оқушыларына «Математика» пәнінен аптасына 5 рет,барлығы 18 сағатқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрылды. Жоспар негізінде,
«1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту» ортақ бөлімі бойынша «Разрядтық қосылғыштардың қосындысы», «Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту»,«1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау. Сандар тізбегі» тақырыптары бойынша тапсырмалар ұсынылып, олқылықтармен жұмыстар жүргізілді.
«Көбейту және бөлу» ортақ бөлімі бойынша «Көбейту және бөлу амалдарын орындаудағы 1 санының қасиеті»,«Есепті модельдеу», «Аудан. Ауданның өлшем бірліктері», «Екі жиынның бірігуі және қиылысуы»,«Мүмкіндіктер тармағы»
тақырыптары бойынша қосымша тапсырмалар берілді.
«Кестелік көбейту және бөлу» ортақ бөлімінен «6,7 санына көбейту және бөлу кестесі, жанама сұрақтармен берілген есептер,8, 9 сандарына көбейту және бөлу кестесі,Көбейту кестесін бекіту, Жанама сұрақтармен берілген есептерді шығару» тақырыптарына сәйкес қосымша тапсырмалар беріліп, оқушылардың білім деңгейін жетілдіру мақсатында бірқатар тапсырмалар берілді.
«Үлес.Уақытты қалай өлшейді?» ортақ бөлімі бойынша да «Үлес және бөлшек туралы түсінік,Шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері,Симметриялы және симметриялы емес жазық фигуралар» тақырыптарына сәйкес түсіндірме жұмыстар жүргізіліп, тапсырмалар берілді.
«Аудан. Шамалар» ортақ бөлімі бойынша «Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу,Километр. Миллиметр,Тонна. Грамм» тақырыптары қамтылды. Бұл тақырыптар бойынша да деңгейлік тапсырмалар ұсынылып,оқушылардың білімдері жетілдірілді.
«Ауызша көбейту және бөлу» ортақ бөлімінде «Көбейтудің үлестірімділік қасиеті. Есептер шығару»тақырыптарына сәйкес есептер шығарылды,тест тапсырмалары орындалды.
Оқушылардың бастапқы білім деңгейлерін анықтау мақсатында 5 тапсырмадан құрылған бақылау жұмысы алынды. Бақылау жұмысы 10 баллдық жүйемен бағаланды.
Мақсаты: Оқушылардың кестелік көбейту және бөлу, 1000 көлеміндегі сандарды жазбаша қосу және азайту тәсілдері жайлы білімдерін; есептер мен теңдеулер шешу біліктерін тексеру.
Бақылау жұмысының нәтижесін тексеру қорытындысы бойынша:
Оқушы саны-11


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет