Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет12/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   182
реке Сарасу
, которая киргискую степь от зюнгорской разделяет и будто 
послал к зюнгорскому владельцу объявит, акибы киргисцы намерились иттить 
на них войною и он за то, тако ж и за грабительство кашкарского их каравана 
Абулхаир-хана убил и просит от зюнгорцов защищения» [КРО,т.2., 424]. 
1740 жылы Ресей бодандығын қабылдауға ант беруге Орынбор қаласына 
келген Кіші және Орта жүз өкілдерімен генерал-лейтенант князь В.Урусовтың 
кездесуінің журналдық жазбасында да Орта жүздің бірталай белгілі және 
беделді адамдарының есімдері аталады
32
[Казахско-русские отношения, 167, 
32
Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках (сборник документов и материалов). Алма-Ата: 
Изд-во АН КазССР, 1981, 167 б


35
297]. Би-батырлар бастаған бір топ алтай-арғын тайпа елінің азаматтарының 
Орта жүз ханы Әбілмәмбет және Абылай сұлтан жасағының құрамында 
Орынборда болғаны сөзсіз. Себебі, журналдық жазба бойынша 1 қыркүйек 
күні генерал-лейтенант Әбілмәмбет хан және Абылай сұлтанмен жолығады. 
Бұл кездесуде қазақтар өз тарапынан орыс қамауындағы тұтқындарды 
босатуды сұрағанда, олар өз кезегінде Ташкент кереуенінің тоналуын сөз 
етеді.
33
Хан ол адамдардан қазақтың салты бойынша төрт жылқы алынғанын, 
яғни бұл олардың қалғанын төлеуге міндетті екенін көрсетеді және хан өз 
тарапынан бұл мәселені қадағалайтынын айтып, осы адамдарға мөр басып, 
тонаушыларға жіберетін болады. Нияз-батыр генерал-лейтенанттың алдында 
бұл істің мән-жәйін түсіндіруге тонаушылар қатарынан осында келген 
төртеуін шақырады, олар: Алтай-арғын руынан – Қожамберді Нәурізеков, 
Қазы Тоқбурабиев; Атығай руынан – Арлағал Дюсенов; Сарыжетім руынан 
- Өмірзақ Атдиев. Оларды көрген генерал-лейтенант тонаушылық үшін 
үлкен айып төленетінін айта келіп, кешірім жариялайды. Хан, сұлтан және 
аталмыш қазақтар алғыстарын білдіреді. Ханның сұрауы бойынша тонауға 
қатынасқан қалған адамдардың аттары аталады: Алтай руынан – Олжакелді 
Қарекебиев, Икбай Белгіайдаров, Баба Белгіайдаров, Өтеулі Құлмурзин және 
қосшы Үмбетей Биганев; Уақ руынан – Қарабас Оразов; Қозған руынан – 
Орыс Ижиюнбетев; Телеу руынан – Өтеулі Абдеев; Төртуыл руынан – Сатай 
Мурзазлин; Тас руынан – Юрлыгат Кутуков, Базигит Чатыров; Қаракесек 
руынан – Базаргелді Көбеков, ағасы Байболат 7 адаммен; Керей руынан – 
Кудашугур Кутлугадаков; Тарақты руынан – Өтеп, әкесінің аты белгісіз.
34
Бұл туралы П.И.Рычков дерегінде «Бұл отырыста бөтен әңгіме болған жоқ, 
тек қазақтар тонаған көпестер керуенінің табудың амалдары ғана сөз болды, 
тонауға қатысқандар аталып, олардан төлемге бірнеше жылқы алынғаны 
айтылады және ханның ұлы мәртебелі патшайымнан өтінуі себепті, оның 
атынан олардың кінәсі кешірілді» делінеді.
35
1747 жылғы 26 мауысымда Барақ сұлтанның елшілеріне жолсерік болып 
Орта жүзге барып қайтқан М.Араповтың айтқандарынан Барақ сұлтан туралы 
біршама мәліметтер алуға болады.
36
Барақ сұлтанның інісі Ескендір сұлтан 
1746 жылы 21 қарашада Санкт-Петербургке патша сарайына барып қайтады. 
Жолай, қайтарында Неплюев Ескендір сұлтанның қасына казак Матвей 
33
Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках (сборник документов и материалов). Алма-Ата: 
Изд-во АН КазССР, 1981
34
Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках (сборник документов и материалов). Алма-Ата: 
Изд-во АН КазССР, 1981
35
Рычков П.И., Рычков Н.П. Капитан жазбалары. Астана: «Аударма», 2002. – 124 б
36
Абылай хан. Өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдардың жинағы (Құрастырған, 
қазақшаға аударған, көрсеткіштерін түзген, түсініктерін жазған З.С.Тайшыбай). Петропавл: ЖШС 
«Астана» баспасы, 2005.


36
Араповты қосып Барақ сұлтанның ауылына аттандырады. Қорғалжын көліне 
құятын Керей өзенінде отырған Барақ сұлтанның ауылында М.Арапов 20 күн 
жатып, «қазақтар жағында ешқандай бүліншілік жоқ екенін, Ресейге бөтен 
көзқарас білінбейтіндігін» анықтайды.
37
Барақ сұлтан Араповқа Ескендір 
сұлтанды қосып, оның жанына бұл жақтағы белгілі және құрметті адамдардың 
бірі Тоғалақ батырды қосып, жанына Боқаш, Сұлтанғұл, Есдәулет, Бердіғүл, 
Құлымбет және Саржан деген адамдарды қосшыларымен Орынборға қайта 
аттандырды. Неплюевке хат жазып, түйеге теңдеп ақ киіз үй жіберді. Барақ 
сұлтанның ақ киіз үй жіберуі қазақта «ақ үйлі» деген атаумен белгілі ырым. 
Бұл олардың басыбайлы толығымен Ресей құзырына тәуелдіміз деген белгісі 
еді.
Жазба деректердің мәліметтері бойынша XV-XVI ғғ. Ұлытау өңірі 
Қазақ хандығының территориясының негізгі бөлігі болып табылады. Осы 
себептен, Ұлытау өңірінің тарихи география мәселелерін қарастыруға үлкен 
мүмкіндік бар. Түркістан мен Ташкент қалаларының Қазақ хандығының 
құрамына қосылуынан кейін Ұлытау өңірі туралы ортағасырлық жазба 
деректерде айтылмайды. Бұл Қазақ хандығындағы саяси жағдайдың өзгерімен 
байланысты.
Ұлытау өңіріне 1748 жылға дейін Барақ сұлтанның иелік еткенін 
көруімізге болады. Осы өңірде мекендеген найман тайпалары сұлтанның 
ұлысын құраған болса керек. Әбілқайырдың өлімінен кейін Барақ сұлтан 
оңтүстікке ығысып, Ұлытау өңірін тастап кетуге мәжбүр болады. Бірақ та, 
тарихи деректерге сүйенсек бұрынғы өзі иелік еткен найман тайпаларына 
ықпалын жоғалтпайды. Ал, Барақ сұлтанның өлімінен кейін Ұлытау өңірі Орта 
жүздің шын мәніндегі билеушісіне айналған Абылай сұлтанның иеліктерінің 
құрамында болғанымен, нақтылы кімнің иелігіне берлігені айқын емес.
Темірдің жорықтары туралы Шереф-ад-дин Йездидің «Зафар-
намесінде» де баяндалады. Алтын Орда тарихына қатысты материалдар 
жинағын дайындаушылардың түсініктемесінде Шереф-ад-дин Йезди 
өзінің шығармасында Низам-ад-дин Шамидің «Зафар-наме» еңбегін 
пайдаланғандығы айтылады.
38
Екі шығарманың мәтіндері бір-бірімен ұқсас, 
бірақ Шереф-ад-дин Йезди еңбегінде біршама өзгешіліктер бар. Мысалы, 
Низам-ад-дин Шами «Урунг-Чагыл деген жерден өтті» өтті деп жазса, Шереф-
ад-дин Йезди «прошел через степь по Урунг-Чагылской дороге»
39
деп, Урунг-
Чагыл жер атауы емес, жол аты екендігін көрсетеді.
Әмір Темірдің Ұлытау өңіріне екінші рет келуі Дешті Қыпшаққа 
37
Бұл да сонда...161 б
38 
Сборник материалов относящихя к истории Золотой Орды. Т.2. Извлечения из персидских сочинений 
собранные В.Г. Тизенгаузеном и обработанные А.А. Ромаскевичем и С.Л. Волиным. Москва-Ленинград: 
Изд-во Ан СССР, 1941. – 308 с
39
Бұл да сонда
..
.158 б


37
жорығымен байланысты. Низам-ад-дин Шамидің «Зафар намесінде» Әмір 
Темірдің 1391 жылы Қара-Саман деген жерден Дешті Қыпшаққа жорығын 
бастағаны жазылады.
40
Осы деректе Темірдің Ұлытау жерінен жүріп өткен 
маршруты келесідей сипатталады: «пройдя Карачук, шли еще 15 дней. 
От безводья много лошадей погибло. 1 числа джумади (=6.IV) прибыли 
местность Сарыг-узен и воды стало много. Пробыв несколько дней, они искали 
переправу и перешли через речку».
41
Әмір Темір бұл жорығының бастапқы 
кезінде алғашқы келген маршрутымен жүрген болса керек. Сондықтан
Низам-ад-дин Шами Темір әскерінің Ұлытауға жеткенге дейінгі жолындағы 
жерлерді атамайды: «21 (того же) месяца (=26.IV) войска прибыли 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет