Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет23/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
Мойын ру бөлімі. 
М.Ж. Көпейұлы Мойын туралы: «... Аққоян өлген соң, 
Піспекбай Алтайға тағы бір қызын берген, Мұнан туған Мойын. «Мойын 
болмай, ойын болмас» атанған. Алтайдың балаларының ішінде өсіп, толығы 
осы Мойын болса керек»,
79
– дейді одан әрі: «Мойыннан алтау - Рақбанғұл, 
Аманқұл, Сарша, Шаңкей, Қареке, Мұрат», – деп алты аталықты атап 
көрсетеді.
ХІХ ғасырдың орта тұсындағы Нұра өңірін мекендеген қазақ рулары 
туралы мәлімет 1839-41 жылдардағы мұрағат құжаттарында сақталған.
Бұл құжаттардың бірінде Ақмола сыртқы округінің құрамына кіретін 
қазақ рулары болыстарының билеушілерінің тізімі берілген [ОММ ҚР. Қ-374. 
Т-1. І-196.2қп-4п.]. Тізім 1839 жылдың сәуірінің 22-сінде жасалған. 
Бұл құжаттан алатын құнды мәлімет – Нұра өңірін қоныстанған рулар 
75
Аристов Н.А. Заметки об этническом составе…, б.105
76
Көпейұлы М. Қазақ шежіресі. б.26
77
Ісләмұлы І. Алтай шежіресі.б.91
78
Ісләмұлы І. Алтай шежіресі.б.79-80
79
Көпейұлы М. Қазақ шежіресі. б.26


61
жөніндегі деректер. Олар: 
тінәлі-қарпық
(болыс билеушісі – сұлтан майор 
Арыслан Құдаймендин), 
қырғыз-төртуыл
(сұлтан Байғара Дайыров), 
тоқа-
қарпық
(сұлтан Бек Құдаймендин), 
айтқожа-қарпық
(би Сапақ
 
Тәңірбергенов), 
мойын-алтай
(би Тәті Жұманов), 
байдалы-алтай
(Би Сайдалы Жаңбыршин), 
алысай-алтай
(қуандық биі Баяғызов), 
қареке-алтай
(би Тайман Бекташев), 
тама
(би Қылыш Итемгенов), 
қойлыбай-шағрай
(би Ірімшік? Есқарин), 
сайдалы-алтай
(старшина Бектас Айыров?), 
төбет-темеш
(би Бүк Т...ев?), 
енем-түнғатар
(Құлыбек Ескенин), 
алшын-жағалбайлы
(би Ертай Алтыбаев), 
алысай-алтай
(би Бәеш Есенгелдин). 
Келесі бір 1865 жылғы мұрағат құжатында Ақмола округінің құрамына 
кіретін болыстар, оларды құрайтын қазақ руларының жазғы көші мен қысқы 
қоныстары, ауыл, ондағы шаңырақ пен ер және әйелдердің саны тізілген.
80
Бұл деректен де рулардың көшу радиусы 150 ден 400 шақырымға 
дейінгі кеңістікті алып жататынын көреміз. Осы аумақтағы демографиялық 
көрсеткіштерге келетін болсақ, мысалға: 
мойын-алтай
болысындағы 
шаңырақ саны 1841 жылғы құжатта 7 ауылда 386 
шаңырық
деп берілсе, 1865-
68 жылдардағы құжатта 7 ауылда 899 
шаңырық
деп берілген
Ақмола округы 1867-68 жылғы реформалар бойынша Ақмола облысы 
болып қайта құрылып, біз қарастырып отырған аудандар аумағы Ақмола 
уезінің құрамына енген. Мұрағаттың келесі бір (1875-1878 ж.) құжаты Ақмола 
облысындағы уезд бен болыстардың шекарасы және қазақтардың жазғы 
жайлауы мен қысқы қоныстары туралы мәліметтер береді.
81
Нұра болыс 
шекарасы: Шекарасы 
Нұра
өзенімен, 
Ақпансай, Қарықарасу
мекенімен, 
Майбалық
көлінің және 
Талды 
көлдің соңының батыс жағымен
юрталық 
казак үлесті жерімен

Қозыкөш
өзенін кесіп өтіп, 
Төреқұла
қ моласы, 
Жалаң-
аш
көлінің оң жағалауымен
Талды қарасу
жонымен, 
Қоскөл, Жарлыкөл, 
Жұмай, Қанекей шолақ
және 
Біртабаннан
өтеді. Одан әрі 
Қойын көлімен, 
Қосарал
, одан жоғары 
Құланөтпес
өзенінің бойымен, 
Жарлыкөл
көлімен 
Дөңгелек
, А
ққұдық, Атығай, Жосалы, Кеңжарық, Бертібай-Берден төбесі

Изенді, Қаратомар
және 
Құмкөлмен 
шектеледі қыстаулары – 
Нұра
өзені 
бойында, 
Ақпансай
мекенінде, 
Қосқопа, Тоғанас, Ұзынкөл, Құмкөл, Жантек
көлдерінде; 
Нұраның
сол жағалауында 
Қаралас, Қоржынкөл, Атағозы, Сасық, 
Қорқылдақ, Тығыз қамыс

Болғанкөл, Бастөбе, Зарман, Шошқалы, Құмкөл, 
Төре-сарт, Қырауқамыс, Изенды, Құмкөл, Сарыкөл 
және 
Чинет
көлдерінде; 
жайлауы - Жазғы жайлауға 150 шаңырақ 
Ақтастыға
дейін өтеді. Ал қалған 
барлығы 
Нұра
болысының шекарасының ішінде алыс емес қашықтықта 
Нұра
бойымен, 
Қосқопа

Отаутүскен, Аққұм
және 
Бортас
көлдерінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет