124
Кен байлығын зерттеу кеңінен қолға алынды. Қаражалда руда өндіру өріс
алып, орталық электр стансасы, кірпіш өндіру және темір-бетон зауыттары
салынды. Ет комбинаты пайдалануға берілді. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1958
жылғы наурызында МТС-тарды (машина-трактор стансалары) қайта құру
Заңына сәйкес, олар таратылып, орнына жөндеу-техникалық стансалары
құрылды. Тракторлары мен басқа да техникасы колхоздарға сатылды, әлсіз
колхоздарға несиеге берілді. Мұның өзі колхоздардың материалдық тұрғыдан
әлденуіне жол ашты. МТС-тардың қарыздарынан құтылып, техниканы өзінің
қалауына сай, үлкен шығынсыз пайдалануына жағдай жасады.
ҚазССР-нің Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен 1954 жылы 16 шілдеде Кент
және Ленин ауылдық кеңесі бірігіп, Ленин ауылдық кеңесі деп аталды және
орталығы Жаңабек болды. Осы жарлықпен Көктөбе Ауыл кеңесінің орталығы
Чкалов болды. Жаңа негіз ауыл кеңесі Құлболды ауыл кеңесіне қосылды.
Бидайық ауыл кеңесінің орталығы «Қызылшоқы» еді, енді осы ауыл Бадыран
ауыл кеңесіне қосылып, орталығы болып «Комсомол шыңы» тағайындалды.
Оның құрамына Еңбек ауыл кеңесі енді. Жарлы ауыл кеңесінің Жекежол
колхозы Еңбек ауыл кеңесіне қосылды, ал «Көктал» және «Ұзынжол»
колхоздары Милыбұлақ ауыл кеңесіне берілді.
Қарқаралы аудандық атқару комитетінің 1954 жылғы 20 қаңтардағы
Достарыңызбен бөлісу: