128
Ақ
(сын есім) және
ой
(зат есім) сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы
атау. Бұл жерде
ақ
«үлкен, кең» мағынасында, ал
ой
«ойпат», «жазық»
мағынасында қолданылған. Сонда атаудың мағынасы: «кең жазық,
байтақ дала», яғни
Ақжазық, Ақдала
топонимдерінің вариантына толық
үйлеседі.
АҚТАУ
–
с.,
Ақтау с/о.-не қарасты, Жаңаар. ауд.;
тау,
биік. 1133
м, Талдыманақа өзенінің бат.-да; Атау ақ кварциттерден түзілген тау
жыныстарының ағарған түр-түсіне қарай аталған.
Ақ
сөзі түркі тілдерінде
негізінен түстік мағынада қолданылады. Тау сөзі «Айналасындағы жерден
едәуір көтеріңкі биіктік, өте биік жер» [ҚТТС. ІІ-том, б.342]. Ақтау атауы
ежелден бері белгілі және өзіндік табиғи ерекшелігіне сай қойылған.
Достарыңызбен бөлісу: