129
байланысты қойылған атау. Мағынасы:
қасиетті,
құдіретті жартас
дегенді меңзейді.
ДАБА
– жер. Жаңаар. ауд., Жиделі арнасының маңында.
Бұл сөз
түркі-монғол тілдерінде
даба, дабан
формаларында айтыла береді. Сал.
алт., хак.
даба.дабан –
«асу, бел», өзб.
дован,
қырғ.
дабан –
«тау асуы»,
азерб. –
даба; дабан –
«төбе» «жота», хал.-монғ.
дава, даван
«биік тау
асуы».
ҚАРҒАЛЫ
–
жер,
Жаңаар. ауд. Қарағаш с/о. Мағынасы –
қарғалар
көп мекендеген жер
.
Мұндай атаулар Сібір,
Батыс Монғолияда да
жиі кездеседі (Нұрмағанбетов Ә. 1994 б. б.24). Бұл атау
қарға
сөзінен
жасалған болса,
қарға
: «Тамақ талғамайтын ала немесе қара түсті еті
арам құс» (ҚТТС. ІІ том., 1961. б.40). Ал
қарғалы
атауының семантикасын
кейбір ғалымдар М.Қашқари сөздігінде кездесетін «қойтас» мағыналы
сөзбен байланыстырады. Монғолдың ертедегі жазба тілінде «харгіл» –
өзеннің тайыз жері дегенді білдіреді, қазіргі монғолдардағы «харгилла»
тұлғасы да осындай мағынаға мезгейді. Якут тілінде «харгы» –
тайыз
су. «Қарғалы» сөзінің төркіні осы сөздермен тектес болуы да мүмкін.
(Нұрмағанбетов Ә. 1994 б. б.24-25).
МИҚҰДЫҚ
–
ескі е.м.,
Жаңаар. ауд.
Ми
(зат есім) +
құдық
(зат есім)
сөздерінен жасалған.
Ми -
«былқылдап
жатқан батпақты, сазды жер»
деген мағынаны береді. Атау «батпақты, сазды жерден қазылған құдық»
дегенді аңғартады.
Достарыңызбен бөлісу: