Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет123/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
Жаман Қызыларай
– Қызыларай тау жүйесінің шығысында орналасқан. 
Солтүстік-шығыстан, оңтүстік-батысқа қарай 27 км-ге созылып жатыр, ені – 8 
км. Ең биік жері – 1283 м. Беткейлері жайдақ, сай, жыра, аңғарлармен бөлінген 
бірнеше ұсақ шоқылықтан тұрады. Пермь жүйесінің жыныстарынан түзілген. 
Аласа таулық қызыл қоңыр топырақ жамылғысында боз, сұлыбас, жусан, әр 
түрлі бұталар, арша өседі. Бұлаққа бай, Қаршығалы, Қарасу, Ақсай өзендері 
бастау алады. Шөбі шүйгін жайылымдықтар мен шабындық жерлер бар, тау 
аңғарларында қыстаулар (Байғазы, Сона, Кеңасу және т. б.) орналасқан.
Жантау 
– ауданның солтүстігінде орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке 
қарай 15 км-ге созылған, ені – 8 км. Ең биік жері – 1217 м. Сай, жыра, 
аңғарлармен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Кембрий 
жүйесінің жыныстарынан түзілген. Аласа таулық қызыл қоңыр топырақ 
жамылғысында жусан, сұлыбас, бұталар өседі. Бұлақтарға бай, Қараменді, 
Найманбай өзендері бастау алады.
Жауыр
– Айыртау ауылының солтүстік-шығыс жағында 10 км жерде. 
Негізгі тау жотасы батыстан шығысқа қарай 7 км-ге созылып жатыр, ені – 
5 км. Солтүстік-беткейі жайдақ, оңтүстігі – тігерік, ең биік жері – 1090 м. 
Оңтүстік – батысында мол қорымтас бар. Тас көмір жүйесінің жыныстарынан 
түзілген. Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, боз, бұталар өседі. 
Бұлаққа бай, Еспе өзеніне құятын шағын өзендер бастау алады. Күзеу және 
қыстау ретінде пайдаланылады.
Итмұрынды 
– Солтүстік Балқаш маңында. Ақжайдақ шығанағынан 
солтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, ені 6 км. Ең биік жері 
– 557 м. Бірнеше жекелеген массивтер мен ұсақ шоқылықтардан тұрады.
Силур жүйесінің жыныстарынан түзілген. Сортаңдау сұр қоңыр топырақ 
жамылғысында жусан, баялыш, көкпек т.б. өседі.
Қотанбұлақ
– Жаңаорталық елді мекенінің солтүстік батысында 25 км 
жерде. Солтүстік – батыстан оңтүстік – шығысқа қарай 25 км-ге созылып 
жатыр, ені 5 км-ге дейін. Абсолюттік биіктігі – 740 м. Сай, жыра, аңғарларымен 
тілімделген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Тас көмір кезеңінің ортаңғы 
және жоғарғы бөлім жыныстарынан түзілген. Қоңыр топырақ жамылғысында 
жусан, сұлыбас, бұталар өседі. Бұлаққа (Айнабұлақ, Қолыбай) бай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет