Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет17/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
Терісаққан болысындағы 
1-әкімшілік ауылды құраған айтқожалар 
бірнеше ауылға бөлінді. Олар Қонұзын, Ақша, Талдысай, Үштөбе, Жезбике, 
Шашты, Егінді шоқы, Арғанаты, Қоскөл, Шұбаржал, Ала ат өзегі, Қатба 
обалы, Саржал, Ұлжансай, Терісаққан, Қалет, Саробалы, Терісаққан, Шеңбер, 
Обалы, Саржал, Қарашат, Қараөзек, Бала терісаққан, Шатаяқ, Қатба, Адыр, 
Тілік қыстауларында, руы дәулет ауылдары Қонұзын, Ортақон, Қызылкөл, 
Ащыкөл, Суаткөлде, руы Сасыққара ауылдары Шашты, ал Жаман Қозыбағар 
ауылы Қыпшақ қыстауында, руы жолдыбай ауылдары Қыпшақ, Ақши 
қыстауында қыстаған.
Руы қойлыбай ауылы Обалы, Сымтас, Жаман Арғанаты, Кішкенетау, 
Қатынсай, Жанбаскұдық, ал тоқтауылдар Сарқырама қыстауында қыстаған. 
2-әкімшілік ауылының кұрамындағы арғынның саман атасынан өрбіген 
ауылы Байжанжал, Байжан бұлақ, Бормола бекет, Шеңбер, Тікенекті арал, 
Босағаның кұйғаны, Босаға, Қаратүлей, Көкшетау, Тассуат, Ақарал, 
Деңгілбай мола, Бітен кызылжар, Жамбас қияк, Шолқияк, Саршөпжартас, 
Саршөпқындық, Сүмбежал, Жамантас ақши, Жамантас сартөс, Жамантас 
68
Максаковский В. Историческая география мира. Москва: Экспро, 1997. – 557 с.
69
Материалы для географии и статистики России, собранные офицерами генеральнаго штаба. Ч.ІІІ. 
Сост. Красовский. СПб. 1868. - 221-6.
70
Материалы для географии и статистики России, собранные офицерами генеральнаго штаба. Ч.ІІІ. 
Сост. Красовский. СПб. 1868. - 220-6.
71
Киргизские очерки // Военный сборник. Т. ХVII. - СПб. - 172-6.


49
қаратал, Бестөбе қыстауларында қыстаған. Руы өтеулі-арғындар Көкшетау 
бекет, Бітеу арал, Күшікбұлақ, Сарытүбек, Жарық, Жарқияқ, Ақкияқ, Ақсай, 
Жаркөл, Қызылжар, Қартоғай, Талсай қойтас қыстауларында қоныстанған. 
Руы құттыбай-арғындар Бабық-жалшылық-бұлақ; руы өтембет-арғындар 
Балатерісаққан, Қайыңдыбұлақ, Қаратал, Жақыбай-мола, Қаратұмсық; руы 
төбет-арғындар Шақы-қызылкөл; руы тылмембеттер Қайырлыс, Тасқора, 
Түгіскен, Көкала-жар; руы елшібектер - Қараоба, Аян-өлген, Бозтал, Бозкөл, 
Саркамыс, Қарақуыс, Қызылқұл қойтас қыстауында қыстаған.
3-әкімшілікте де олар бірнеше ауылды кұраған. Руы елде-арғын ауылдары

Шоқтал, Қойөткел, Ұзынқияқ, Қызылжар, Обалы, Тікенді-арал қыстауында; 
руы жиембай-арғын ауылдары - Айдағарлы, Жақсықопа, Ақирек, Аюшиті, 
Талдысай қыстауында; руы шағырай-арғын ауылдары - Сұқбастау, Қарабұжыр, 
Қопашықұл қыстауында; руы бекайдар-арғын ауылдары - Қызылжар, Кіші-
қызылжар; руы ақбалық-арғын ауылы - Төлекбай бұлақ; руы жолбарыс-арғын 
ауылы - Қаражүр, Қарамолда; руы қарақырғыз ауылы - Жаманқопа, Қортым 
қарашет; руы қарымбай ауылы - Қарасу, Итауыз, Обалыжар; руы құттықадам- 
ауылы - Бегенебұлақ, Қарабұжыр, Желтимес, Жайылма, Сабақ бидайық
руы түнғатар ауылы - Теладыр, Жалтырбұлақ, Құмды адыр; руы орыс-арғын 
ауылы - Сарбұлақ, Шортанбай шынтас, Шиліқон, Жуалы, Ақсай, Қосбұлақ, 
Бидайық, Қара ат сойған, Қарасу, Қособа қыстауларында қыстаған. 
4-әкімшілікте руы шырай ауылы – Бормола; Қойлыбай ауылы – Ұлақ, 
Ишан – Бідік, Қызылсуат, Бабасмола, Құмөткел; руы шағрай-арғын ауылы –
Кененсон, Сарыоба, Қиюсай Құйған; руы айшуақ ауылы – Ащыкөл; руы кенже-
арғын ауылы – Ақсай-алқым, Теріс-қарасу, Шөптікөл, Шандыр, Қасқакөл, 
Шұңқыркөл, Жіңішке өткел; руы айтқожа-арғын ауылы – Шалақсай Құйған, 
Талды өткел, Қаратұмсық, Қызылжар, Аққансай-құйған, Шеңбер қарасу, 
Жартөбе, Қайрақты-Еділмола; руы қарақырғыз-арғын ауылы – Балуанкөл, 
Жекебатыр; руы қарауыл-арғын ауылы – Сабындыкөл қыстауында қыстаған.
Терісаққандық арғындар аталған қыстауларда қыстап, жазда Атбасар 
уезінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі жайлаулы алқаптарға көшкен.
72
Бұл жердің 
жайлаулары Қарабидайық, Асанқожа, Шұңқыркөл, Шолаққөл, Шұғыркөл, 
Қоскөл, Қаратомар, Жалтырша көлдері, Талдысай, Жолан, Шоға, Шатақ қарасу, 
Тайлақсай, Тұрымсай өзендері сияқты табиғи су көздеріне мол болған. Бұл 
алқаптағы жайлауларға, сондай-ақ Амантай, Алексеевка, Жарқайың, Керей, 
Теңіз, Қызылкөл болыстарынан да ауылдар келген.
73
Қызылкөл болысында арғынның Есімбек атасынан тараған ауылдар 
2-әкімшілікке бірікті. Олар Ақтүбек, Тұщы қарасу, Самбас бидайық, Қарақоға, 
Қызылжар, Бөлектал, Бақалы бұлақ, Сары доңғал қыстауларында қыстаған.
72
Материалы по киргизсому землепользованию. Атбасарский уезд. Повторное исследование. СПб., 
1910. Приложения
73
Материалы по киргизсому землепользованию. Атбасарский уезд. Повторное исследование. СПб., 1910. б.33


50
1-әкімшіліктегі арғынның үмбетей атасынан тараған ауылдар – 
Ақтүбек, Батырбайсай, Батырбай Қарасу, Құсусайқұйған, Талды-Қарасу, 
Бітсусайқұйғағы, 
Қосымбейіт, 
Қызыл-шығанақ, 
Шолақсайқұйған, 
Көкпектіқұйған, Көктас, Көкпекті, Талсай, Екі көкпекті құйған, Көкпекті, 
Қарақияқ, Бурабай қыстауында; руы қангелді-арғын ауылы – Құнанқара, 
Аңдамас молда, Көкпекті, Қасқатау, Қызылжар, Егізқара, Қарашығанақ, 
Қызылжар, Тікенек арал, Қызылсуат, Кененқұл, Қапай мола, Қопатас, Добал 
мола, Қаратөбе, Түгіскен бекет, Шарықтыбұлақ, Қызық-Тұмсық, Итауыз, 
Қаламқас қыстауында; руы құржа-арғын ауылы – Ақтүбек, Ұралжын түбек, 
Қызылсуат, Кененкөл, Лақауыз, Шеңбер қыстауында; руы тоқтауыл-арғын 
ауылы – Еленмола, Әупілдеккөл, Көбеймола, Қысықөткел, Қазыгүл мола, 
Сарыбұлақ, Елікті көлде қыстаған.
2-әкімшіліктегі жолдыбай ауылдары – Бестомпақ, Ақши, Қойтас, 
Шоқтал, Қаусырма, Әулиелі бұлақ, Телтөбе, Шілікті бұлақ қыстауларын; 
руы сасыққара ауылдары – Құртоғай, Обалы, Қарабас, Бақалы, Қарашілік, 
Ала тіршілік, Аралтөбе, Ортакөн, Серіктас қыстауларын; руы дәулет-арғын 
ауылдары -Ортақон, Қарабай, Үш ат, Тассуат, Жилықон, Көрпебайбұлақ, 
Сары оба, Бұғыл, Қызылкөл, Қаратөлей, Суаткөл қыстауларында орналасқан.
3-әкімшілікте Жаубасар және Өтеміс атасынан тараған әулеттер 
қоныстанған. Жаубасар ауылдары Қожа шат, Бозқон, Ақши, Тықсай, Қарақуыс, 
Жарық бидайық, Қарабұжыр, Бегене, Қарақасқа, Тасбұлақ, ал әтеміс-арғын 
ауылдары Қара-обалы, Көлденең бұлақ қыстауларын иемденді.
4-әкімшілік ауылдағы арғындардың негізгі қауымын төртуыл және 
тоқтауыл рулары құраған, сондай-ақ ішінара алтай-арғындар қоныстанған. 
Руы төртуыл-арғындар - Қытыр, Жаман-арғанаты-кішкенетау, Жыланды-
шоқы, 
Қызыладыр-Томарлыкөл, 
Жантел, 
Терісаққанның-Қарашақ, 
Терісаққанның-Қарашоқысы, Терісаққанның-Тоңқайма шоқы, Шеңбіт, 
Бекназардың екібұлағы, Обалы, Бекназардың бұлағының сарышалы, 
Бабықжал шілікті, Шастың күйікқоңы, Қалет, Қатпаның талдыбұлағы, 
Қатпаның обалы көңі, Қатпаның ақтасты карашілігі, Қатпаның қараталы, 
Терісаққанның сарыбаласы, Терісаққанның-Лақ жалы, Шеңбер, Қызыладыр 
қыстауларында; руы тоқтауыл-арғын ауылдары
 
– Қатпаның сарыобасы, 
Қатпаның қаратұмсығының керегетасы, Қатпаның қарашілігі, Қотпаның 
шоқыаяғы, Терісаққанның аққияғы, Белгіадыр, Сасықкөл, Сарытау, Бестөбе, 
Сарышөп, Сүмбе жота, Қоржынкөл қайың, Сүттіқұдық обалы, Сары обалы 
Қорысынкөл, Балатерісаққан, Еліктікөл, Сарыбұлақ, Шөптікөл, Әупілдеккөл, 
Шортанбай ақарал, Телікті, Шойындыкөл тассуат, Шабдарды (Есенмола) 
қыстауларында; ал қауымдағы руы алтай-арғындар Терісаққанның діңі 
қыстауларында қыстаған.
Қызылкөл болысының рулары жазда көршілес Терісаққан болысы 


51
ауылдарымен қатар көшіп, жайлауда көршілес қонған.
Теңіз болысындағы 5-әкімшілік ауылын толығымен дерлік арғынның 
Қуандық руынан тараған әулеттер қоныстанған. Бұл ауылдар Талдысай, 
Қысықжар, Молалы төбе, Құдайберлі адыр, Қызылжар, Құдайберлі тұмсық, 
Құтымсық, Қысықияқ, Жаманшат, Талдысай, Сарыбұлақ қыстауларында 
қыстаған.
6-әкімшілігінде арғындар бірнеше шаруашылықты құрады. Руы 
тілеуберділер Қарақоға, Бозарал; руы алтайлар Жосалы, Қоңыртүбек, 
Ақтүбек, Ортақұлақ, Сыртқы ақтүбек, Кішкенетүбек, Абылай, Жартытөбе; 
руы қожакелді-арғын Тараншы шиде, Қарасу-Құйған, Жартөбе, Обалы адыр, 
Жалғызтал, Домбалыс адыр, Сарыінген, Доңғал; руы итбол-арғын ауылдары
– Қарашоқы бешекей, Үлкенбұлақ, Қарабие, Жапай-Сарыбұлақ, Кепашы 
Қағыл, Қарабұжыр, Қағыл; руы бибол-арғындар Үйсімбай мола, Ащы-Қарой, 
Талдысай, Майлыкөл; руы жамбол-арғын ауылдары Керегетас, Қағыл, 
Түгіскен қағыл, Қызыл-қағыл; руы әйтімбет-арғын ауылдары Қоржынкөл
Сартес, Кенесары, Ақсай, Сарыбұлақ; руы қайып-арғындар Жалманқұлақ; руы 
сатыбалды-арғын ауылдары Сарыоба, Ақтұма, Түгіскен, Керей, Құлтұмыс, 
Барақбай, Итауыз, Райсай, Қоянды, Барақбай, Қарақопада қоныстанған.
8-әкімшілік ауылында арғынның қалқаман тармағынан өрбіген ауылдар 
Құм түю, Қаржау Шығанақ, Торғауыт мола, Батпақ аралда қоныстанған.
Теңіз болысының ауылдарының бір бөлігі Терісаққан және Қызылкөл 
болыстары ауылдарымен қатар көшіп, жайлауда көршілес отырса, қалған 
негізгі бөлігі Атбасар уезінің оңтүстік-батыс бөлігіндегі Қарабидайық, 
Төресай, Бірсуат, Қараадыр, Бөріктал, Қызылмола, Қойтасталды жерлеріндегі 
жайлауларға қарай көшкен.
№8-әкімшіліктегі Аманқұл ақсақалдың шығу тегі келесідей тарайды: 
Арғын – Мейрам – Қуандық – Алтай – Байдалы – Өмірқұл – Дәулен – Түрле - 
Игілік – Жоламан – Аманкері (1890 ж. тірі).
№2-әкімшіліктегі Байдағұл ақсақалдың шығу тегі келесідегідей: Арғын –
Мейрам – Қуандық – Алтай – Байдалы – Өмірқұл – Үрбай – Ораз – Сарғұл 
– Байдағұл (1890 ж. тірі).
№1-әкімшіліктегі Ахмет ақсақалдың шығу тегі келесідегідей: Арғын 
– Мейрам – Қуандық – Алтай – Байдалы – Өмірқұл Жаманке – Есімбет – 
Жанұзақ – Байқожа – Торы – Ахмет Атбасар болысында арғынның қарақозған, 
тобықты, сарықозған, көксал рулары кезіккен.
1-әкімшіліктің негізгі қауымын қарақозған-арғындар құраған. 
Қарақозғаннан өрбіген ауылдар Қорған шығанақ кенащы, Құлмырза кенащы, 
Жанжігіт қаралағаш, Құлмырза қаралағаш, Ұшқан, Бегіш ақтөбе, Қодырбай 
түбек, Аңқоймас, Қызыл өткел, Кенащы, Қорған шығанақ, Бітеутүбек 
құйған, Қосқұлақ, Қайрақты, Қайран, Қаратүбек, Қараөткел, Жаман қарасу 


52
қыстауларында қыстаған. Қауым құрамындағы тобықты-арғындар Түлкі 
қашқан Қыстауын қыстаған.
2-әкімшілікке біріккен қарақозған арғын ауылдары Есіл өзенінің 
аңғарындағы Қаражар іші, Жарық, Қосбармақ қарасу, Бие үлкен түбек, 
Бітеутүбек, Ақтөбе, Қарасу Ақтөбе, Шеңбер-Қарасу, Үшкемер, Қаражар, 
Жарық өткел, Қаражар Сарыөлең, Есіл Қарасор, Қошқар құйған қыстауларда 
қыстаған.
3-әкімшіліктегі арғындар Қарқаралы, Көпбергентүбек, Бітеутүбек, 
Аралтүбек, Қаражар, Ақтөбе, Қарасу, Талдытүбек, Боқтытүбек, Сарыөлең, 
Жалпақ өткел, Үлкентүбек, Тобылғытүбек, Бестамақ, Ақбастүбек, Ақбартүбек 
қыстауларында қыстаған.
4-әкімшіліктегі арғындар Қалғытаң, Бестамақ, Бірдем, Есіл, Сабақтың 
құйғаны, Қойқыстау, Таластүбек, Үлкен қаратүбек, Жалтыр-Қарасу, Сарыөлең, 
Жіңішке, Кіші қаратүбек, Қарасу, Құйылыс, Сәйтен қоға, Бөктек, Жаман 
Есіл, Бестамақ, Сүйрікті, Иірлі Шығанақ, Шыралжынтүбек қыстауларында 
қыстаған. Ал, қауымдағы Сарықозған руының арғындары Қара-Шығанақ, 
Шығынсай, Бірсуаттың құйғаны, Қыз бейіті қыстауларында отырған.
5-әкімшілік ауылдың басым бөлігін көксал арғындар құраған. Олар Қызыл 
қоға, Қосқоға, Есенаманқұлақ, Қарақоға, Сарытүбек, Көкөлең, Қамсақтың, 
Қоржанқарасу, Шоңбай молда, Аралтүбекте қоныстанған.
6-әкімшілікте арғындар ішінара мекендеген. Руы сарықозған-арғындар 
Жаман-Есіл, руы көксал-арғындар Үш қатын, Бесоба, Ізбасар қаракөл 
қыстауларында қыстаған.
8-әкімшіліктің басым бөлігі сарықозған-арғындар болған. Ауыл 
қыстаулары Қайрақты, Шортанбай, Қалғұтан, Қожеке, Саркөл, Бестамақ, 
Қазалы, Ащылыкөл, Тақыртүбек, Төртқұлақ, Бозайғыр, Төртқұлақ деген 
жерлерді алып жатқан.
9-әкімшілік ауылында қарақозған-арғыннан тараған ауылдар Есіл-
Қалғұтан өзені бойында, Төртқұлақ қарасу, Қараөткел-Ақтөбе, Матекөл, 
Бектүбек, Жабай қыстауларында қыстаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет