Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы


 Ақпараттар ағынын қауіпсіз пайдалану



Pdf көрінісі
бет39/82
Дата14.11.2023
өлшемі2,18 Mb.
#191416
түріМетодические рекомендации
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82
4. Ақпараттар ағынын қауіпсіз пайдалану
 
Қазіргі уақытта ӛз-ӛзіне қол жұмсау «культін» қалыптастыруда 
Интернет ерекше мәнге ие болып отыр. Ӛмірден кеткісі келетін жандарға 
толықтай мағлұматтар мен ұсыныс, кеңестер беретін кӛптеген виртуалды 
«ӛз-ӛзіне қол жұмсау клубтары» бар. Бір жағынан, бұл ресурстардың 
авторлары қажетсінетін адамдарға психологиялық қолдау жасай отырып, 
екінші жағынан осы жерде ӛз-ӛзіне қол жұмсаудың бірнеше тәсілдері 
сипаттала жазылады.
 
«Интернет-сайттарды автоматты түрде мониторингілеу 
бағдарламасы» пилоттық жобасы 
Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының 18.04.2017 жылғы 
№175 бұйрығына сәйкес 56 облыстық білім беру ұйымдарында (41 колледж 
бен 7 балалар үйі және 8 мамандандырылған мектеп-интернат) интернет-
сайттарды автоматты түрде мониторингілеу бағдарламасы орнатылған (СҚО 
«ЦИОР Интегро» ЖШС). Бағдарлама арқылы балалардың суицид, зорлық, 
діни экстремизм және терроризмді насихаттаушы қауіпті сайттарды ашқанын 
білуге және оларды талдауға болады, сонымен қатар бала денсаулығына зиян 
келтіретін ақпараттар, үгіт-насиаттардың теріс әсерінен сақтау мәселесіне 
қоғам назарын аударуға мүмкіндік береді. Кілт сӛздерге морфологиялық 
талдау (мысалы, «суицид», «ӛлім») жасалады.
БАЛАНЫҢ ДЕСТРУКТИВТІ ИНТЕРНЕТ-ОЙЫНДАРҒА 
ТӘУЕЛДІЛІГІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ
 
 
Вейсенберг С.Д.,
балалар психиатр-суицидологы;
Айдарова А.Б.,
балалар психологы 
Баланың деструктивті ойындарға тәуелділікке ұшырағанын түсінуге 
мүмкіндік беретін, ата-аналардың назар аударуы тиіс белгілер. 
• Тұйықтық 
• Кӛңіл-күйдің түсіңкі болуы
• Ӛз бӛлмесінде компьютер алдында құлаққап киіп жиі отыруы
• Жалған қуаныш
• Ата-анасына ӛз шаруалары/кӛңіл-күйі туралы толық әңгімелеп айтқысы 
келмеу 
• Қолында/аяғында/денесінде аса терең емес кесілген орындар
• Киімін сирек ауыстыру
• Жиі жылау
• Қалыпты ұйқыдан кейін де ұйқышылдық/шаршау
• Ашуланшақтық 
• Қызбалық


47 
• Қарым-қатынастан қашқақтау, бірақ ылғи емес, ол кӛбінесе формальді 
түрде
• Тамақтану дағдысының ӛзгеруі.
«Гаджеттер», әлеуметтік желілерді қолдану және интернетке қосылуға 
тыйым салу – бала тәрбиесін тиімді етпейтінін, психикалық денсаулығын 
жақсарта алмайтынын, баланың әлемге деген кӛзқарасын ӛзгертуден күтетін 
нәтижелерге қол жеткізе алмайтынымызды түсінуіміз керек.
Біз қазір адамзат тарихындағы кейбір нәрселерді ата-аналардан кӛрі 
балалар жақсырақ біле алатын алғашқы кезеңде ӛмір сүріп отырмыз.Тіпті біз 
баламызға тыйым салсақ та, ол ата-анасымен келіседі, бірақ одан кейін 
кітапханадағы кез келген компьютерден немесе сыныптасының, я болмаса
кӛршісінің телефонынан «жалған» атаумен ӛз парақшасын ашып алады да 
ойына келгеннің бәрін сол жерде жасай береді және біз ол туралы ешқашан 
білмеуіміз әбден мүмкін.
Компьютерге тәуелділіктің маңызды факторларының бірі мінез 
қасиеттері – шамадан тыс ӛкпешіл, ренжігіштік, мазасыздық, депрессияға 
бейімділік, ӛзін тӛмен бағалау, стресске шыдамдылық нашар, қақтығыстарды 
шеше алмау, қиындықтан қашу.
Компьютерлік тәуелділікке ұшыраған жастар әдетте құрбыларымен 
және қарама-қарсы жыныстың ӛкілдерімен қарым-қатынас құра алмайды, 
ұжымға бейімделуі нашар, ол ӛз кезегінде ӛмірлік қиындықтардан виртуалды 
әлемге кетуіне және біртіндеп компьютерлік тәуелділіктің қалыптасуына 
алып келеді.
Интернет-ортаға кету дегеніміз ӛмірдің қатал заңына бейімделудің бір 
тәсілі болып табылады. Ӛз кӛңіл-күйін білдіруде, құрбыларымен немесе 
жақындарымен қарым-қатынастарда қиындықтар сезіне отырып адам ӛзін 
ыңғайсыз жағдайға қалдыратын сәттерден бойын алшақ ұстауға тырысады да 
неғұрлым ортамен қарым-қатынаста ӛзін қауіпсіз сезінетін түрін, (мысалы 
Интернет арқылы) таңдайды. Интернет-орта сонымен қатар нашар кӛңіл-күй, 
ауырсыну мен кемсітулерден ӛзін қорғаудың тәсілі ретінде де қызмет етеді.
Компьютерлік тәуелділіктен зардап шегуші адам ӛзін жиі жалғыз 
сезінеді, жақын адамдарының қамқорлығы мен түсіністігіне зәру болады 
және осыларға байланысты үнемі эмоционалды қысым мен мазасыздық 
күйінде жүреді. «Мен сондай жаман адаммын, тіпті жақындарым да мені 
түсінбейді». «Мен жай ғана ұсқынсызбын, сондықтан менің қолымнан 
ештеңе келмейді». Ондай балалар бәрінен де жақындарының қамқорығына, 
әр түрлі ӛмірлік қиын жағдайлардан шығуда психологиялық қолдауға мұқтаж 
болады.
Компьютерлік тәуелділік мектептен басталады да, ЖОО-ның алғашқы 
курстарында, әсіресе ӛз бетімен шешім қабылдау керек болғанда және 
стресске тӛтеп беруі қажет болғанда ӛз шыңына жетеді.
Компьютерлік тәуелділіктің қалыптасуы кӛбінесе отбасындағы тәрбие 
мен қарым-қатынастың ерекшеліктеріне байланысты: шамадан тыс 
қамқорлық немесе керісінше шамадан тыс талапшылдық пен «жолы 


48 
болмайтын бала комплексі», отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-
қатынастың бұзылуы, тіл табысу мен түсінісудегі қиындықтар.
Компьютерлік ойындарда оқиғалар қайталанбайды және жеткілікті 
түрде қозғалыста, ал ойын процесінің ӛзі үздіксіз жүретіндіктен адамның 
ойынға тәуелділігі күшті болмақ. Ойынға толығымен кіруден қандай да бір 
виртуалды шындыққа, адам үшін күрделі, қозғалысты процеске ойыншының 
ӛзі де қатысып жүргенін сезінгендей болады. Компьютерлік ойындардың дәл 
осы қасиеті ойынға тәуелділікке ұшыраған адамның шынайы ӛмірдегі қандай 
да бір әлеуметтік міндеттерді орындауы үшін ойын процесін үзуге мүмкіндік 
бермейді. Ойынға тәуелділік – ол белгілі бір нақты компьютерлік ойынға 
ғана тәуелділік емес, ол негізінен психологиялық «шынжырлы реакция» 
тәрізді. Бәрінен де артық ұнаған қандай да бір жанрдағы ойынды аяқтағаннан 
кейін компьютерлік тәуелділікке ұшыраған адам психологиялық әсері 
жағынан одан кем емес және стильдік ұқсастығы бар осындай жанрда 
жасалған басқа ойынды іздей бастайды, одан кейін осы типтегі ойындардың 
барлығын (тым болмаса белгілі түрлерін) ӛтуге құмар болады.
Бала деструктивті ойындарға кірмеуі үшін жұмысты ата-аналардан 
бастау керек. Балалар – бұл ата-аналардың жүріс-тұрысының және ӛмірге 
деген кӛзқарасының проекциясы. Ӛмірге ең қажеттіні балалар ең 
жақындарынан, яғни ата-анасынан алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет