Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы



Pdf көрінісі
бет40/82
Дата14.11.2023
өлшемі2,18 Mb.
#191416
түріМетодические рекомендации
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82
Бұл маңызды!!!
Ата-ана болудан бақыт сезіну. Баланы оның жеке 
ерекшеліктерімен және қасиеттерімен қабылдау. Ата-ана болудың мәні 
бірнешеу – ішкізу, жегізу, оқыту, қорғау. Және бұларды мектепке немесе 
колледжге аудармау. Оқыту – яғни ӛмір сүру, тіл табысу, қоғамдасу 
қабілеттерін, жасампаздыққа үйрету. Егер қолынан келмесе, онда 
жауапкершіліктен қашпау. Ол жауапкершілікті екінші мәндегі адамдарға – 
туыстарға және мұғалімге артпау. Тәрбиелеуде қиындықтар туындаса, 
арнайы мамандарға бару керек. Себебі, балалар отбасында не болып 
жатқандығын, ата-аналардың ӛз-ӛзіне деген, бір-біріне және балаға деген 
кӛзқарастарын ерекше сезінеді.
Ата-аналарға не істеуге болмайды: 
• балалар мен жасӛспірімдерді айыптау және басу; 
• ӛз баласының психологиялық жағдайына немқұрайдылық кӛрсету; 
• тек жақсы бағалар мен керемет нәтижелерді талап ету
• баланы ӛз қиындықтары бар тұлға ретінде қабылдамау; 
• балаға ӛзінің жеке заты ретіндегі кӛзқараста болу; 
• балаға қарасты «саған ненің жақсы болатындығын мен білемін», «сен әлі 
ештеңе шеше алмайсың (әлі кішкентайсың)» деген сӛздерді айту;
•егер бала ӛз қиындықтары мен уайымдары туралы айтқан болса, онда оған 
ата-анасы «ой, сен тойғаныңнан секіріп жүрсің», «тек саған кӛңіл 
аударғанымды қалайсың», «біздің де басымызда қиындықтар бар, ештеңе 
етпейді жүрміз ғой» деген сӛздермен жауап қайтару.
Естеріңізде болсын үлкендер, біз бәріміз де бала болғанбыз!


49 
Қарағанды қ.
«Облыстық балалар психоневрологиялық диспансер» КМҚК 
 
Диспансер облыс кӛлеміндегі балаларға кепіл берілетін ақысыз 
медициналық кӛмек кӛрсету стандарттарының аясында медициналық-
әлеуметтік кӛмек кӛрсетеді.
«ОБПД» КМҚК негізгі мақсаты стационар жағдайында 2,5-18 жас 
аралығындағы балаларға мамандандырылған білікті психиатриялық, 
наркологиялық, психологиялық, психотерапиялық және логопедиялық кӛмек 
кӛрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет