Е.Сиқымов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы
Алғырлар,
тапқырлар,
білгірлер
А.Н.Жиенбаева
Тақырыбы: Алғырлар, тапқырлар, білгірлер.
Мақсаты : 1.Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту,
білім деңгейін, шығармашылық ізденісін
байқау. Оқушыларды алған білімдерін өмірде
пайдалануға үйрету.
2.Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын
қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін
арттыру.
3.Оқушылардың қызығушылығын,
белсенділігін арттыру.
Әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.
Жүру барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
Көңілдерін сабаққа аудару.
ІІ.Негізгі бөлім:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
Абай
Сайыстың бағдарламасы:
1 кезең БӘЙГЕ
2 кезең ЖОРҒА
3 кезең ҒАЖАЙЫП АЛАҢ
4 кезең ҚИЯЛ ӘЛЕМІНДЕ
Кезеңдердің шарттары:
1 кезең- Бәйгеде бірінші қол көтерген топ жауап
береді. Егер де жауап бере алмаса, келесі таяқшаны
көтерген топ жауап бере алады.
2 кезең - «Жорғада» ережесі бойынша оқушылар
жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.
3 кезең - «Ғажайып алаңда» оқушылар әр
торкөзді таңдап, сұрақтарға жауап береді ,
де ұпайға ие болады.
4 кезең - «Қиял әлемінде» Ойыншыларға
тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес
қызықты әңгіме құрастыру керек.
-Әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
Әділқазы алқасымен таныстыру.
1-кезең
«Бәйге» турын бастаймыз.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.
Тапсырма :
«Ұрылар мен кемпір»
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын», - деп ойлайды. Сөйтіп жалман –жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:
5. Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер», - деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік», - деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам.
2.Тапсырма:
«Торғай нешеу?»
Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу, топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу, есепкер.
3.Тапсырма:
Шибұт, Қылмойын, Қарынбас.
Қарынбас, Қылмойын, Шибұт үшеуі жолдас екен. Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап сойыпты. Тоқтыны бұзып,етін қазанға салайын деп жатады.Қарынбасқа жынын төгіп кел деп қарынды беріпті.
Қарынбас қарынды тысқа алып шығады. Сол кезде қара шыбындар қарынға да, Қарынбастың басына да үймелепті. Басындағы шыбынды қағамын деп, Қарынбас басын ұрып алыпты. Жұмыртқадай жұқа бас жарылып, жан тапсырыпты.
Қарынбас қалайша кешікті деп, Шибұт далаға шығады. Өліп жатқан Қарынбасты көре салып;
Әй, Әттеген-ай!- деп екі қолымен санын салып қалады. Сол кезде ши бұты шырт етіп, ол да мүрдем кетіпті.Шибұттың даусын естіп,Қылмойын жүгіріп шығады. Өліп жатқан екі жолдасын көреді де;
- Ойбай! Бауырым-ай!- деп дауыстай бергенде қыл кеңірдегі үзіліп кетіпті
(Ұрлық-түбі қорлық)
2-кезең«Жорға»
Ойын толық, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Жоғары, жоғары, жорғала
Шапшаңдыққа таң қал ма.
Ойын деген нарталас,
Жеңілемін деп ойлама!
Тапсырмалар:
1.12 айды бір сөзбен қалай атайды?
2.Қою сөзіндегі дыбыстар саны нешеу?
3.Үш орындықтың аяғы нешеу?
4.Қатықтан жасалатын тағам-
5.Өлең жазатын адам-
6.Діңі ақ ағаш.
7.Суретшінің өзін бейнелеуі.
1.Сусын құюға арналған сапты ыдыс?
2.Жиырма төрт сағат немесе -?
3.Сөзге шебер,тілге жүйрік адам?
4.Табиғатты суреттейтін жанр-
5.Байқоңырдан ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақ ғарышкері-
6.Жүзімнің ортасында не бар ? .
7. Адам бейнеленген сурет-
3-кезең
“Ғажайып алаң»
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын!
4-кезең
Достарыңызбен бөлісу: |