Қарағанды облысының білім басқармасы Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы



Pdf көрінісі
бет19/48
Дата02.04.2024
өлшемі0,95 Mb.
#200472
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48
Байланысты:
ТЖО КІТАП

«Қоғамға қызмет ету» жобасы 
Барлық әлемде оқушыларға сыныптық жұмыс пен мектеп аясынан 
шығаратын, қоғамның әлеуметтік мәселелерімен танысуға және олардың 
шешілуіне маңызды үлес қосуға мүмкіндік беретін әлеуметтік практика 
жүргізіледі. Мектептен тыс уақытта адамдармен тығыз қарым-қатынас жасау 
оқушылардың ӛзара тұлғалық, әлеуметтік және коммуникативтік біліктерін
дамытуға мүмкіндік береді, олардың ой-ӛрісін кеңейтеді. 
Қызмет етуге оқытатын модульдерді 
дамыту оқушыларға сабақтарда 
алған білімін қоғамдық пайдалы еңбекте жұмсауға кӛмектеседі. Экологиядан 
білім мен біліктері әлеуметтік жобалар, семинарларды ұйымдастыру,осы 
тақырыпқа лекциялар оқу, экология мен қоршаған орта туралы фильмдерді 
кӛрсету арқылы қоршаған ортаны қорғауға үлесін қосуға мүмкіндік береді.
Жоғары сыныптарда мұғалімдердің кӛмегімен оқушылар ӛз жобаларын 
ұйымдастыра алады, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік-экономикалық 
мәселелерді шешуге арналған халықаралық жобаларға қатыса алады. 
Жоба аясында 5 жоба анықталған: «Балалар үйі», «Қарттар үйі», «Fund-
raising» (қайырымдылық үшін қаражат жинау), «Экология», «Мектеп».
Мектептер волонтерлік ұйымдармен және әлеуметтік объектілермен 
ынтымақтастық орнатады (балалар үйлері, қарттар үйлері, қалалық бау 
бақшалар, жалпы білім беретін мектептер және басқалары).
Әрбір мектептің әлеуметтік объектілерге қамқорлық кӛрсетуге мүмкіндігі 
бар және тұрақты негізде мектеп оқушылары тандап алған ұйымдарға үнемі, 
тұрақты түрде жүйелі жәрдем береді.
Қоғамдық жұмыстарға кіреді: жетім балаларға оқуда жәрдем беру, қарым- 
қатынас жасау, қарттар үйлерінде концерттер ұйымдастыру, кӛшелерді 
қоғаландыру, қалалық бау–бақшалар мен су қоймаларын тазалау, қиім кешек, 
кітаптар, оқулықтарды қайырымдылық мақсатпен жинау, қайырымдылық 
жәрмеңкелер, жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына тақырыптық 
лекциялар оқу, тақырыптық жазғы үйірмелерді ұйымдастыру. Бұл-әлеуметтік 


22 
роликтер, 
«fundraising»
(фандрайзинг) қайырымдылық акциялар, суреттер
мүсіндер, теріден, қағаздан, «Ӛнер» сабақтарында және үйірмелік секцияларда
жасалған бұйымдар жәрмеңкесі, концерттер, табысы аз отбасыларға жәрдем 
ретінде акциялар жүргізу, балалар үйлеріне, ауру, мүгедек балаларға кӛмек 
кӛрсету және т.б.
Сонымен қатар, оқушылар жергілікті қауымдастықтың басқа да 
қажеттіліктерін анықтау мақсатында сауалнамалар мен зерттеулер жүргізеді, 
сауалнамалар нәтижесі бойынша қажетті кӛмек кӛрсетуге, содан кейін істелген 
жұмыс туралы игі шешім қабылдауға және келешекте жағымды ӛзгерістер 
жасауға кӛмектесетін талдаулар жасайды. Оқушылар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет