ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ (942-1212) (§11)
942-1212 жж. өмір сүрген мемлекет: Қарахан
Қарахандар туралы дерек беретін авторлар елі: араб, парсы
«қарлұқтар арасынан түркілерге билік еткен «қағандардың қағаны» шыққан» деп дерек берді: араб, парсы деректері
Қарлұқ қағанаты орнына құрылған мемлекет: Қарахан
Қарахан билеуші әулетінің шығу тегі кімдермен байланысты: Қашғариялық қарлұқтармен
940 ж. Қашғариялық қарлұқтар басып алған қала: Баласағұн
Қарахан мемлекетінің негізін қалаған: Сатұқ-Боғрахан
999 ж. Қарахан мемлекеті талқандаған әулет: Самани
Самани әулетін талқандау нәтижесінде Қарахандар билігі жетті: Әмударияға
Қарахан мемлекеті Әмудария өзені арқылы шектесті: Газнауилер мемлекетімен
Қарахандардың солтүстігіндегі көршілері: қыпшақтар
Қарахан мен қыпшақ арасындағы шекара бөлінді: Балқаш, Алакөл арқылы
Қарахан мемлекетінің батыс шекарасы жетті: Мауереннахрға (Әмудария, Сырдария өзендері)
Қарахан мемлекетінің шығыс шекарасы жетті: Қашғарға дейін
Қарахандар иелігінде болған аймақ: Жетісу
Қарахан мемлекеті билігіндегі 2 ақсүйек топ: жікіл, яғма
Қарахан мемлекеті қандай бөліктерге бөлінді: Шығыс және Батыс
Шығыс бөліктің ордасы: Баласағұн
Батыс бөліктің ордалары: Бұхара, кейін Самарқан
Шығыс және Батыс бөлік арасындағы жоғары билеуші: Шығыс бөлік билеушісі
Қарахан мемлекетіндегі билік жүйесі: қосарлы немесе тең құқықты қосарлы
Қарахан мемлекетіндегі жер иелену түрі: иқта
Иқтаның иесі: иқтадар
Иқта не үшін берілді: қағанға жасаған қызметі үшін
Иқтадарлар құқылы: иелігіндегі аймақ/қала тұрғындарынан салық алуға
Дінбасылар жері: вақф
Салық алынбаған жер үлесі: вақф
Жекеменшіктегі мемлекеттік салық алынатын жерлер: мүлік
Иқталық жүйе маңызды рөл атқарды: Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда
Қарахан мемлекеті Батыс және Шығыс хандық болып 2-ге бөлініп кеткен уақыт: Жетісу,_Қашғарды'>ХІ ғ. 30 жж.
Батыс Қарахан хандығы алып жатты: Мауереннахрды
Шығыс Қарахан хандығы алып жатты: Жетісу, Қашғарды
Шығыс және Батыс Қарахан арасындағы шекара өтті: Сырдария арқылы
Қарахан дәуіріндегі ірі оқиға: ислам қабылдануы
Қарахандардағы ислам таралуы кіммен байланысты: Сатұқ Боғрамен
Ислам дінін қабылдаған Қарахан билеушісі: Сатұқ Боғра
«Х ғ. араб географтары түркілерді исламға мүлде жат халық ретінде сипаттайды» деп айтқан: Бартольд
Сатұқ Боғра орнына хан болған ұлы: Мұса
Мұса ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады: 960 ж.
Мұсаның ислам дінін мемлекеттік деп жариялауға себеп болған жағдайлар: 1) ислам көмегімен өз билігін нығайтуға ұмтылыс, 2) Мұсылман елдерімен байланыстарды кеңейту, 3) Мұсылмандар қоныстанған аумақтарды басып алу
ХІІ ғ. басында Жетісуға шабуыл жасағандар: қарақытай(қидандар)
Қидандар Қарахандардың қандай әлсіреуін пайдаланды: өзара қырқысы мен орталық билік әлсіздігін
1141 ж. қарақытай біраз бөлігін басып алған аймақ: Жетісу
Қарахан мемлекеті 1141 ж. тәуелділікке түсті: қарақытайларға
Қарахандардың саяси құлдырауының бастамасы: қарақытай үстемдігі
1210 ж. Шығыс Қарахан мемлекетін басып алды: наймандар
1212 ж. Самарқанмен одақтасқан Хорезм шахы Мұхамед басып алды: Батыс Қарахан мемлекетін
Қарахандық кезең сипаттары: 1) түркі тайпаларында экономикалық және мәдени оңды өзгерістер орын алды, 2) көшпелі түркілердің отырықшылануы белсенді жүргізілді, 3)қалалар мен қала мәдениеті дамыды, 4) иқталық жүйе қалыптасты, 5) ислам мемлекеттік дін болды, 6) араб жазуы қабылданып, көне түркі жазуын ығыстырып шығарды, 7)қарахан дәуірінде тілі мен мәдениеті ортақ этностардың қалыптасу үрдісі жүрді
Достарыңызбен бөлісу: |