АРАЛ АУДАНЫНДАҒЫ БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША 2017 жылдың 12 айында АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ
Жалпы мәлімет.
Бүгінгі таңда ауданда 39 орта, 6 негізгі, 5 бастауыш мектеп жұмыс жасайды. Мектептерге 15638 оқушы, шағын орталықтар мен балабақшаларда 4946 бала, мектептен тыс мекемелерге 4096, кешкі мектепке 77 оқушы қамтылған. Оларға 2181 мұғалім (1995 жоғары, 140 арнаулы орта білімді) педагогикалық мамандар дәріс береді. Мектептердегі мұғалімдердің 70-і жоғары, 715-і бірінші, 812-сі екінші санаттағы мамандар болып табылады.
Аудан бойынша мектепке дейінгі 52 білім беру ұйымы бар. Олардың 1-уі санаториялық типтегі балабақша, 19 мемлекеттік балабақша, 13 жеке балабақша, 19 толық шағын орталық. Жаңа оқу жылынан бастап 35 жарты күндік шағын орталық мектеп алды даярлық тобы болып өзгертіліп, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары есебінен шығарылды.
2017-2018 оқу жылында 1-6 жас аралығындағы бала саны 9611, оның ішінде 4571-і мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеленіп, пайызы 48 болып отыр. Оның ішінде 33 балабақшада - 2957, 19 толық шағын орталықта - 715, мектептердегі мектеп алды даярлық топтарында 5-6 жастағы - 1274 бала тәрбиеленуде. 1-3 жас аралығындағы 5040 баланың 375-і мектепке дейінгі мекемемен қамтылып, пайызы-7,4 құрап отыр. 3-6 жас аралығындағы 4571 баланың барлығы толықтай қамтылып,100 пайызды құрап отыр.
Арал қаласы, М.Құттықов көшесі №1 мекен-жайдан жеке кәсіпкер Ж.Маманованың 31 балаға арналған «Көзайым», Сапақ ауылдық округінен 25 балаға арналған «Жадыра» жеке балабақшалары ашылып, өз жұмысын бастап кетті.
Аудандағы мектеп ғимараттарының техникалық жағдайы: 2017 жылы Арал ауданы бойынша 6 мектеп оның ішінде, Ескіұра елді мекенінен, Үкілісай елді мекенінен, Аққұлақ елді мекенінен, Құланды елді мекенінен, Көктем елді мекенінен, Ерімбетжаға елді мекенінен апаттық жағдайдағы мектептердің орнынан жаңадан 50 орындық мектеп 20 орындық балабақша құрылыстары салынып пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен 300 орындық № 14 мектеп – лицей ғимаратының негізі қалануда.
Қауіпсіз мектепке тасымалдау көлігімен қамтамасыз етілуі:
Арал ауданы бойынша 4 мектептен 332 бала мектепке көлікпен тасымалданады. Атап айтқанда: №19 орта мектебінде 103 оқушы тасымалданады. І ауысымда - 66, ІІ ауысымда – 37 оқушы тасымалданады.
Көлік жүргізушінің аты-жөні: Амандосов Куат Казбекович.
Берілген көлік маркасы: УАЗ220695-440-04.
Көліктегі орын саны: 8. Көлік жүргізушіні тиісті категориясы: В
№262 мектеп-гимназиясында мектеп автобусымен 148 оқушы тасымалданады. Оның ішінде: 1-4 сыныптардан - 66 оқушы; 5-8 сыныптардан - 82 оқушы тасымалданады.
Көлік жүргізушінің аты-жөні: Абдраймов Бейбит Муратович
Берілген көлік маркасы: ПАЗ 32054. Мемлекеттік номері: N 493 CM.
№237 негізгі мектебінде көлікпен тасымалданатын оқушылар саны – 43.
Мектеп шағынауданына қарасты «Ақеспе» (3 км), «Есентүгел» (1,5 км) ықшамауданында жарты күндік шағын орталықта (ЖКШО) 5 бала, 1-4 сыныптан 18 оқушы, 5-9 сыныптан 20 оқушы тасымалданады.
Көлік жүргізушінің аты-жөні: Курмангазиев Ертай Конысбаевич.
Берілген көлік маркасы: УАЗ-220695-440-04
Көліктегі орын саны: 9. Көлік жүргізушіні тиісті категориясы: В,С
№82 орта мектебінде 38 оқушы тасымалданады. Көне Қаратерең ықшам ауданынан 15 оқушы, Тастақ ықшам ауданынан 23 оқушы тасымалданады.
Берілген көлік маркасы: УАЗ-22060
12 жылдық білім беруге көшу бағытындағы жаңаша мазмұндағы оқыту бағдарламасы бойынша үстіміздегі жылдың ішінде 478 мұғалім, 19 мектеп директоры, 49 оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасарды курстан өткізу жоспарланып отыр. Деңгейлік бағдарлама бойынша 2012 – 2015 жылдар аралығында 392 мұғалім (І – 61; ІІ – 60; ІІІ – 271), 21 мектеп директоры, 4 м.д. орынбасары, 2016 жылы 49 мұғалім (І – 19; ІІ – 9; ІІІ – 21), 8 директор курстан өтсе, 2017 жылы 51 мұғалім (І – 20; ІІ – 9; ІІІ – 22), 13 мектеп директоры көшбасшылық курстардан өткізу жоспарланып жұмыстар жүргізілуде. Аудан бойынша оқытудың жаңашыл әдістемелерін мектеп практикасына ендіру барысында 3 тірек мектебі (№ 14, 62, 262 мектептер) жұмыс жасап, белгіленген магниттік мектептермен тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізіп отыр.
Білім берудің жаңартылған мазмұндағы бағдарламасы бойынша ұзақ мерзімді курстар ақпан айынан бастап ««Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ және «Назарбаев Зияткерлік Мектебі» ДББҰ (дербес білім беру ұйымы) Педагогикалық шеберлік орталықтары филиалдары бойынша өткізілуде.
Қыркүйек айынан бастап жаратылыстану бағытындағы физика, информатика, химия, биология және ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің бір бөлігі арнайы курстан өтуде.
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша информатика пәні мұғалімдеріне арналған көшпелі курс Арал қаласында болып, бұл курстан 30 информатика пәні мұғалімі өткізілді. Сонымен қатар робототехника курсы бойынша 20 мұғалім курстан өткізілді. Информатика пәні бойынша үштілді білім беру аясында 13 мұғалім 3 айлық курстан өткізілуде.
Материалдық – техникалық базамен қамтылуы: Білім сапасын жақсарту мақсатында білім ордаларының материалдық – техникалық базасының қазіргі заман талабына сай жабдықталуына баса назар аударылған. Бүгінгі таңда ауданның 29 мектебі 31 мультимедиялық кабинетпен, 7 физика, 14 химия, 14 биология кабинеттерімен, 42 мектепте 114 интерактивті тақталар бар. Қаладағы 9 және ауылдық елді мекендердегі 8 мектеп әмбебап интерактивті (интерактивті физика, химия, биология) кабинеттерімен жабдықталған. 48 мектеп интернет желісіне қосылған. Олардың 16–ы жолақты, 6–уы спутниктік интернет жүйесі бойынша жұмыс істейді. Үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен:
- №14 мектеп-лицей, №262 мектеп гимназиясы мен «Аудандық оқушылар үйіне» «Робототехника» кабинеттері жабдықтарын алуға 10062,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алулар өткізіліп, аталған білім ұйымдарына «Робототехника» кабинеті жабдықтары алынып берілді.
-№14 мектеп-лицей, №262 мектеп гимназиясы мен №62 мектеп лицейіне «Физика» кабинеттері жабдықтарын алуға 12291,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алулар өткізіліп, жеңімпаз анықталды. Жабдықтар бүгінгі күні жеткізілуде.
- 137 дана компьютер жиынтығын алуға 21107,0 мың теңге бөлініп, компьютерлер таратылды.
- 484 дана парта алуға 6147,0 мың теңге бөлініп, парталар жеткізіліп таратылуда.
Оқулықпен және оқу - әдістемелік кешенмен қамтылуы: Аудан мектептерінің кітапханаларындағы жалпы кітаптың қоры – 418 838 дана, оның ішінде мектеп оқулықтары – 303 457, оқырмандар саны 14 548 – ды құрап отыр.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №150 бұйрығына сәйкес 2017-2018 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұнына көшетін 2,5,7-сынып оқулықтары мен 1-сыныптың оқушы дәптерлері алынды.
Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен 57 млн 799,0 мың теңге жоспарланып, маусым айында қосымша 30 млн 476 мың теңге бөлінсе, шілде айында облыстық бюджеттен - 39 млн 191 мың теңге бөлінді. Барлық бөлінген 127 млн 466 мың теңгеге (122014 дана оқулық) баспалармен келісім-шарттар жасалып, оқулықтар толық алынды.
Аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға (88 млн 275 мың теңге) 82090 дана оқулықты 4 баспадан (Атамұра, Алматыкітап, Келешек, Бөбек), облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға (39 млн 191 мың теңге) 39924 дана оқулықтар 6 баспадан (НЗМ, Экспресс, Мектеп, Оксфорд, Көкжиек, Арман-ПВ) алынды.
Үштілділікті қолдау және дамыту мақсатында үстіміздегі жылдың наурыз айынан бастап облыстық ішкі саясаттың наурыз, сәуір, мамыр айларына арналған желілік кестесі негізінде жұмыстар жасалды.
Қызылорда облыстық оқу орталығы және аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Арал ауданында 2017 жылдың 3 наурыз күні №262 мектеп-гимназия базасында «Үштілділікке батыл қадам: жаратылыстану-математика пәндеріне тілдік дағдыларды ендіру және тілдің үштұғырлылығын қолдау мәселелері» тақырыбында облыстық семинар өткізіледі. Семинарға облыстық оқу орталығы жалпы орта білім беру бөлімінің меңгерушісі Г.Смағұлова және облыстық оқу орталығының әдіскері А.Ахметова қатысты. Сонымен бірге, әр ауданнан химия, биология, физика, информатика, ағылшын тілі, қазақ тілі, тарих пәндерінен 2 адамнан қатысты.
Облыстық семинарда шығармашылық көрме ұйымдастырылды.
«Мың бала» мәдени-ағарту жобасы.
Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен этнос өкілдерінің балаларына мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасын облыс көлемінде іске асырудың іс-шаралар жоспарына сәйкес Арал аудандық білім бөлімінде 2017 жылдың 21 ақпан -15 қараша аралығында атқарылатын жұмыс жоспары құрылды.
Осы жоспарды басшылыққа ала отырып, біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда:
2017 жылдың 21 ақпан – Халықаралық ана тілдері күніне арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының ашылуы салтанатты түрде №14 мектеп-лицейінде өткізілді.
Наурыз айында №64 орта мектепте «Тиімді тілдік орта» тақырыбында оқушылар арасында үш тілде байқау ұйымдастырылды.
Сәуір айында №260 орта мектепте «Кемел елдің кемеңгер қаламгерлері» тақырыбында Алаш Орданың 100 жылдығына арналған шығарма байқауы
өткізілді. І, ІІ, ІІІ орын алған оқушылар білім бөлімінің арнайы Грамотасымен марапатталды.
Сәуір айында «Тіл мектебі» қазақ тілін оқыту бойынша «Үздік авторлық бағдарлама-2017» облыстық байқауына №14 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құрымбаева Ғалия «Орыс мектебіндегі қазақ тілінен 3-сыныпқа арналған жұмыс дәптері» атты жұмысымен қатысты. Байқау қорытындысы қыркүйек айында шығып, Құрымбаева Ғалия ІІ орын иесі атанып, арнайы сыйлықпен марапатталды.
Сәуір айында өзге этнос өкілінің мемлекеттік тілді меңгеру тәжірибесі бойынша №14 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Чумаш Ринат қазақ тілінде өлеңдер, шешендік сөздер оқып, бейнеролик түсірілді.
Мамыр айында №62 мектеп-лицейінде «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
2017 ж. 8 қыркүйек күні «Қоғамдық келісім» КММ- сі мен Арал аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен № 260 орта мектебінде «Мың бала» республикалық мәдени – ағарту жобасы аясында ұлттық спорт ойындарынан асық ату, ләңгі тебу, арқан тартыстаң жарыс өтті. Жарыстың мақсаты: жас ұрпақтың тарих пен мәдениет, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды бойына сіңіру болып табылады. Шара барысында ұлттық ойындардың тарихы, маңызы, тәрбиелік мәні, ойын тәртібі түсіндіріліп, дене қозғалысы мен ой, парасат, пайымының жаңғыруына үлесі байқалды. Ұлттық ойындарға белсене қатысқан оқушылар Грамота және сыйлықтармен марапатталды.
Қыркүйек айында №13 орта мектебінде ««Асыл сөз» мектебі. Шешендік өнер» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Қазан айында №83 орта мектебінде «Тәуелсіздік – тірегім» Мемлекеттік тілде эссе мен өлеңдер жазу байқауы өткізілді.
Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруді насихаттау барысындағы жұмыстар облыстық желілік кесте арқылы жүргізілді. Бұл бойынша №13, №220, №71, №64 орта мектептерінде, №262 мектеп-гимназияда, №2 санаториялық мектеп-интернатта, №62 мектеп-лицей жанындағы шағын орталықта, «Гүлдер» және «Сартай» балабақшаларында арнайы іс-шаралар өткізілді.
2017 жылдың 6 желтоқсанында Арал қаласындағы №64 орта мектеп базасында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламаның (ІІІ кезең) жүзеге асырылу барысы мен мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру бойынша іс-шаралар жоспарына байланысты «Латын әрпіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» тақырыбында аудандық оқырмандар конференциясы өткізілді. Конференцияға білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.
Конференция бағдарламасына сәйкес, «Латын әліпбиі: рухани тәуелсіздік жолы», «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы», «Латын әліпбиіне көшу –тіліміз үшін жасалған игі қадам», «Латын әліпбиіне кіру – рухани жаңғырудың талабы», «Латын әліпбиіне көшу – тарихи тамырымызға оралу» тақырыбында баяндамалар жасалып, латын әрпіне көшудің тарих қойнауындағы асыл мұраларымызды тауып, тарихқа қайта оралу екендігі туралы ой қозғалды.
Баяндамалар оқылып болғаннан кейін конференцияға қатысушылар өзара пікір алмасып, латын тілі туралы мол мәліметке ие болғандарын, алдағы атқарар жұмыстарына бағыт-бағдар алғандарын айтты.
Конференцияда мұғалімдер «Тәуелсіздік» және «Қазақстан» топтарын құрып, тренинг ұйымдастырды. Осынау іс-шараға қатысушы ұстаздар өздері туралы анкетаны латынша толтырды. Топтарының атын латынша жазды. Сонымен бірге, тренингтен алған әсерлерін де латын әріптерімен жазып, жұртшылық назарына ұсынды.
Оқырмандар конференциясы оқырманға ой салып, жоғары дәрежеде өтті.
Жалпы әдістемелік қызмет бағыттары бойынша:
Бастауыш білім беру. Арал аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 26 қаңтары күні бастауыш сынып мұғалімдеріне баяндама жазудан «Оқушылардың каллиграфиясын жетілдіру» тақырыбында сырттай байқау өткізілді. Байқауға аудандағы 50 білім беру мекемесінен 19 бастауыш сынып мұғалімі қатысты.
2017 жылдың 26 қаңтар мен 06 ақпан аралығында «Орта білім мазмұнын жаңарту – өмір талабы» тақырыбында 1- сынып мұғалімдері арасында өзара тәжірибе алмасу үшін ашық есік күні өткізілді.
9 ақпанда №262 мектеп-гимназия базасында аудандық «Жырлайды жүрек» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
2017 жылдың 10 ақпаны күні «Өзін-өзі тану» пәнінің негізін қалаушы Сара Алпысқызы Назарбаеваның 76 жасқа толған туылған күні қарсаңында аудандық «Мейірімге толы жүрек» тақырыбында өнер сайысы өткізілді.
25 ақпан күні №64 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Көңілділер мен тапқырлар» тақырыбында сайыс өткізілді. Сайысқа 12 мектептен 12 команда қатысты. 27 ақпанда бастауыш сынып мұғалімдері арасындағы жоғары санатты мұғалімдердің іс-тәжірибесімен таныстыру мақсатында «Үздіктер көш бастайды» тақырыбында дәріс сабақ өткізілді.
2017 жылдың 20-23 ақпан аралығында №13, №62, №220, №262 мектеп базасында «Мектепке дейінгі ұйымда балаларға психологиялық жайлылық қалыптастыру» тақырыбындағы тәжірибе алмасу жұмысы жүргізілді. Өткізілген тәжірибе алмасу жұмысына аудандағы барлық ЖКШО мен МАД мұғалімдері қатысты.
2017 жылдың 19 сәуірі күні №71 орта мектеп базасында бастауыш сыныпта сабақ беретін жас мамандар арасында «Алғашқы педагогикалық қадам-2017» тақырыбында байқау өткізілді. І орынды №62 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Отаралиева Анар иеленді.
2017 жылдың 10-11 мамыр күні №64 орта мектеп базасында 1-4 сынып оқушыларына арналған «Математикалық шайқас» тақырыбында олимпиада өткізілді. Жоғары ұпай жинаған оқушылар облыста өткізілген «Бастау» турниріне қатыстырылды.
Шығармашылық байқаулар мен сайыстар. «Ұлы Дала Елі» тақырыбындағы облыстық байқауда өлең жазу бағамынан №62 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы А.Мырзабеков ІІ орын, эссе жазу бағамынан №20 орта мектептің 9-сынып оқушысы Р.Бұхарбаев ІІІ орын алды.
«Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысқан оқушылар арасынан №13 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Н.Қожақова «Тілші-әдебиетшілер» бағамы бойынша І орын алып, республикалық кезеңге қатысып, Алғыс хатпен марапатталды. Облыстық осы сайыста №220 орта мектебінің 8-сынып оқушысы А.Мырзағұл «Жас ғалымдар» бағамы бойынша ІІІ орын, №2 мектеп-интернаттың 9-сынып оқушысы Ж.Шамаева «Сөз шеберлері» бағамы бойынша ІІІ орын иеленді.
Республикалық І.Жансүгіров оқуларының аудандық кезеңінде Бас жүлде иеленген №83 орта мектептің 7-сынып оқушысы Ш.Ақылжанова осы сайыстың облыстық кезеңінде жүлделі ІІ орынға ие болды.
Мамыр айында «Өлең- сөздің патшасы... » тақырыбында республикалық Абай-Шәкәрім оқуларының І аудандық кезеңінде жеңімпаз деп танылған 4 оқушы осы сайыстың ІІ облыстық кезеңіне қатысып, 2 оқушы – І, 2 оқушы – ІІ орын иеленді.
Мамыр айында «Аралдың ақиық ақыны» М.Құттықовтың шығармашылығына арналған оқушылар сайысы №83 орта мектеп базасында ұйымдастырылды.
Маусым айында «Менің арманымдағы Қазақстан – 2025» тақырыбындағы облыстық сырттай шығарма байқауына 7 оқушының эссесі жіберілді.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында №262 мектеп-гимназиясында өткізілген «Менің туған өлкемнің атауы» атты эссе байқауының аудандық кезеңінде жеңімпаз атанған оқушылардың арасынан №63 орта мектептің 9-сынып оқушысы Кеңесова Арайлым облыстық сайыстан ІІІ орын алды.
2017 жылдың 27 қыркүйегінде №64 мектеп – гимназия базасында «Ұлт тарихындағы ұлы белес» тақырыбында аудандық ақындар мүшәйрасы және «Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың дара жолы» тақырыбында аудандық ақындар айтысы ұйымдастырылды. Мүшәйрадан І орын алған №262 мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы Жеткерова Ақтоты облыстық кезеңге қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді.
Ақындар айтысынан І орын алған №220 орта мектептің 7-сынып оқушысы Сламов Данияр облыстық кезеңге қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді.
4 қазан күні № 260 орта мектебі базасында 5-8 сынып оқушыларына арналған «Мемлекеттік рәміздер – асыл мұрамыз» атты аудандық ғылыми жоба конкурсы өтті. Конкурстан І орын алып, облыстық сайысқа қатысқан №260 орта мектептің 8-сынып оқушысы Қуанышева Ләззат облыстық кезеңнен ІІІ орын иеленді.
Аудандық прокуратураның қатынасына сәйкес, 9,10,11-сынып оқушылары арасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша қашықтық Эссе байқауы 6-9 қазан аралығында ұйымдастырылып, 2017 жылдың 10 қазанында қорытындыланды.
Жалпы білім беретін мектептердің 8-10-сынып оқушыларына арналған
Республикалық лингвистикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде жеңімпаз атанып, облыстық олимпиадаға қатысқан оқушылар: №14 мектеп-лицейдің оқушылары Қожантаева Ұлболсын ІІ орын (9-сынып), Жетес Ақгүл ІІІ орын (8-сынып), Көмекбаева Жансая ІІІ орын (10-сынып) иеленді.
Желтоқсан айында облыстық Әбіш оқуларына қатысқан оқушылар арасынан №19 орта мектептің 8-сынып оқушысы Әбдісадықов Қолғанат жазушының прозалық шығармаларын мәнерлеп оқу сайысы бойынша ІІ орын алды. №13 орта мектептің Ә.Кекілбаев шығармаларынан сахналық қойылым қойған оқушылары өз өнерлерімен жұртты тәнті етіп, ІІ орынды иеленді.
Облыстық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсына қатысқан 4 оқушы ІІІ орын алып, аудан мерейін көтерді.
«Кеудесі шын ақынның күй сарайы, алады төгіп-төгіп келсе орайы» атты облыстық шығармалар байқауында жергілікті ақын Т.Абылаев еңбектері бойынша шығарма жазып, байқауға қатысқан №13 орта мектептің 9-сынып оқушысы Н.Өмірзақова ІІ орынға ие болды.
«Жаныңда жүр жақсы адам» атты облыстық (сырттай) эсселер байқауына қатысқан оқушылар жеңімпаз атанып, ІІ,ІІІ орындарға ие болды.
2017 жылдың сәуір айында ағылшын тілі пәні бойынша «Ағылшын тілі сабағындағы оқу іс–әрекетін ұйымдастыру және жүргізу барысына педагогикалық-психологиялық тұрғыдан талдау» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды.
2016 жылдың ақпан айында орыс тілінен 9-сынып оқушылары арасында «Самый грамотный ученик» тақырыбындағы жат жазудан байқау ұйымдастырылды. Жас мамандар арасында олимпиада өткізіліп, жүлдегерлер білім бөлімінің дипломымен марапатталды. Сонымен бірге №14 мектеп-лицейде К. Чуковскийдің шығармашылығы бойынша көркем сөз оқудан сайыс ұйымдастырылды. Орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері білім мазмұнын жаңарту аясында біліктілігін арттырып, сәуір, мамыр айларында көшпелі курсқа 50 тыңдаушылар қатысып, сертификат алды. Қаңтар – мамыр айларында мұғалімдер үшін білім мазмұнын жаңарту бағытында оқыту семинарлары өткізіліп, пікіралысу жүргізілді.
Аудандық «Үздік география пәні мұғалімі – 2017» байқауы өткізіліп, жеңімпаз танылған №57 орта мектептің география пәнінің мұғалімі Ж.Жұмашова облыстық кезеңнен ІІІ орын иеленді.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің 80 жылдығына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен 9-11 сынып оқушылары арасында аудандық олимпиада өткізіліп, облыстық ІІ кезеңге 9-сыныптан 2 оқушы қатысып, 1 оқушы ІІІ орын, 1 оқушы алғыс хат, 10-сыныптан 2 оқушы қатысып, 2 оқушы алғыс хат, 11-сыныптан 2 оқушы қатысып, 1 оқушы ІІ орын, 1 оқушы ІІІ орын иеленді.
Облыстық «Зерде» конкурсында №83 мектептің 3-сынып оқушысы А.Бекмырзақызы І орын, № 83 мектептің 2-сынып оқушысы Ә.Әкімшаев І орын, № 67 мектептің 6-сынып оқушысы М.Ержанова ІІ орын, № 220 мектептің 4-сынып оқушысы С.Серікқызы ІІІ орын алды. №13 мектептің 7-сынып оқушысы Ж.Қонысбай «Өзін-өзі тану» бойынша ІІ орын алып, республикадан І орын алды.
2017 жылдың 15-17 наурыз аралығында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» конкурсына Арал ауданы бойынша 2 оқушы қатысып жүлделі орындарды иеленді.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің 80 жылдығына арналған Олимпиада «Қазақстан тарихы» пәнінен 9-11 сынып оқушылары арасында аудандық І-ші кезеңі өткізіліп, облыстық ІІ кезеңге 9-сыныптан 2 оқушы қатысып 1 оқушы ІІІ орын,1 оқушы алғыс хат, 10 сыныптан 2 оқушы қатысып 2 оқушы алғыс хат, 11-сыныптан 2 оқушы қатысып 1 оқушы ІІ орын, 1 оқушы ІІІорын иеленді.
№62 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы Бармағамбетов Сағыныш республикалық олимпиадаға математика пәні бойынша қатысып, Алғыс хат иеленді.
Алматы қаласында өткізілген ғылыми жобалардың республикалық кезеңіне №83 орта мектептің оқушысы 10 сынып оқушысы Ғалымжанқызы Гүлдана қатысып, жүлделі орын иеленді.
Ы.Алтынсарин олимпиадасының аудандық кезеңі өткізіліп, 88 оқушы қатысты.
«Күнделік» жобасы электрондық форматы бойынша ауданымыздың 11 мектебі жұмыс жасауда.
2017 жылдың 22 тамызында «Мен Абайды оқимын!» атты жастар арасындағы ағартушылық акциясы қаладағы орталық паркте ұйымдастырылды. Акция аясында жас мұғалімдер Ұлы ақынның өлеңдерін, қара сөздерін, жатқа оқып, әндерін шырқады. Көпшілік орындағы басқа да жастарды әңгімеге тартып, Абай мұраларын еске түсірді.
Қызылорда облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік авторлық бағдарлама – 2017» облыстық байқауынан № 62 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Киікбаев Алтынбек І орын, «Мың бала» республикалық мәдени – ағарту шарасы аясындағы «Тіл мектебі» қазақ тілін оқыту бойынша «Үздік авторлық бағдарлама – 2017» облыстық байқауынан № 14 мектеп – лицей мұғалімі Құрымбаева Ғалия ІІ орын, Қызылорда облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік математика пәнінің мұғалімі – 2017» облыстық байқауынан № 13 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Раханова Қарлығаш ІІ орын иеленсе, «Үздік авторлық бағдарлама – 2017» облыстық байқауынан № 248 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құлмағанбетова Бақыткүл арнайы сертификатпен, және №13 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Шүкірова Гүлмира арнайы сертификат алды. «Жаңа үлгідегі биология сабағы – 2017» облыстық байқауынан № 62 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Қуатбаева Клара арнайы сертификатқа ие болды.
Арал аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 19-23 желтоқсан аралығында барлық білім беру ұйымдарында «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Арал топырағында туып-өсіп, қазақ әдебиетінің абызына айналған, әлемдік ақыл-ойдың қазынасына өлшеусіз үлес қосқан белгілі қаламгер, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ә.Нұрпейісов – әлемге танымал тұлға» тақырыбында апталық өтті. Жоспарға сәйкес апталықтың алғашқы күні оқушылар жиыны, «Ә.Нұрпейісовтің даналық тағылымы» тақырыбында дөңгелек үстел, «Адамзат тағдырының жанашыры» атты оқырмандар конференциясы, «Қазақ әдебиетінің ғажайып мұрасы» тақырыбында жазушының прозалық шығармаларынан мәнерлеп оқу сайысы және «Қазақ әдебиетінің абызы» атты әдеби-танымдық кеш ұйымдастырылды.
Кәсіби семинарлар мен байқаулар бойынша 2017 жылдың 27 наурызы күні Арал қаласындағы №64 орта мектеп базасында бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасарлары мен бастауыш сыныптағы бірлестік жетекшілері, 1 сынып мұғалімдеріне арнайы «Білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау» тақырыбындағы іс-шара өткізілді.
2017 жылдың 23 ақпаны күні №71 орта мектеп базасында «Алаштың ұлы-тарихтың көзі» тақырыбында ғылыми жоба байқауы өткізілді.
28 сәуірде №177 орта мектеп базасында «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалім құзыреттілігін арттыру-табысты оқыту кепілі» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинар бағдарламасы бойынша сабақ жүргізген, шығармашылық жобасымен таныстырған, сыныптан тыс жұмыстар көрсеткен барлық мұғалімдер арнайы Қызылорда облыстық білім басқармасы жанынан ашылған Облыстық Оқу орталығының арнайы сертификатымен марапатталды.
2017 жылдың 24 ақпанында №64 орта мектеп базасында Арал аудандық білім бөлімі облыстық білім басқармасы аймақтық дене тәрбиесі орталығымен «Ұлттық ойын-өнер мен тәрбие қайнары» атты дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар ұйымдастырылды.
2017 жылдың 3 наурызында Арал қаласында №262 мектеп-гимназия базасында «Үштілділікке батыл қадам: жаратылыстану-математика пәндеріне тілдік дағдыларды ендіру және тілдің үштұғырлылығын қолдау мәселелері» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
2017 жылдың 17 наурызы күні Арал қаласында №62 мектеп-лицей базасында «Білім мазмұны жаңару жағдайында-«Өзін-өзі тану» пәнінің әдістемесі мен оқыту ерекшеліктері» тақырыбындағы облыстық семинар-практикумға өткізілді.
2017 жылдың 15 наурызы күні «Кәмелеттік жасқа толмағандардың қызығушылығын заңды түрде қорғау» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.
Ұйымдастырылған облыстық семинарлардың барлығы жоғары дәрежеге бағаланды.
Аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Н.Молжігітова және Б.Құдайбергенова Облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
Облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) мен М.Маметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі бірлесіп ұйымдастырған «Жаңартылған білім мазмұны: инновациялар және білім берудегі тәжірибе» тақырыбындағы облыстық дәстүрлі ІІІ Педагогикалық Мағжан оқуларына қатысқаны үшін №220 орта мектептің мұғалімі Наукеева Лайық арнайы сертификатпен марапатталды.
2017 жылдың сәуірінде «Үздік авторлық бағдарлама – 2017» облыстық байқауына аудандық сайыстың жеңімпаздары боп танылған 5 мұғалім қатысты. «Үздік педагог – 2017» облыстық сайысының жеңімпаздары, №262 мектеп-гимназияның мұғалімдері: А.Сермаханова (қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі) мен А.Жұбаниязова (информатика пәні мұғалімі) республикалық сайысқа жолдама алды.
2017 жылдың 27 қаңтары күні Арал қаласындағы №260 орта мектеп базасында аудандық Мультимедиялық фестиваль өткізілді. Бес формат бойынша 3D, кинофильмдер анимациясы, бағдарламалау, флэш-презентация бағыттарындағы үздік жұмыстар сарапқа салынды.
Аудандық білім бөлімі 2017 жылдың наурыз айында №262,19,87,67 мектептер базасында жаңа инновациялық технологиялар бойынша «Робототехника әлемі» тақырыбында көрмелер мен семинарлар өткізілді.
Аудандық Қ.Игенбаев атындағы 7-8 сынып оқушылары арасында математика пәнінен олимпиада өткізілді. Жеңімпаздар облыстық кезеңге қатысып 3 оқушы жүлдегер атанды.
Ресей Федерациясының оқу орындарына аудан мектептерінің оқушылары тест тапсырып, №14 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Жамашева Аружан Губкин атындағы Ресей университетінің грантын иеленді.
Республикалық интеллектуалды ойындар «Русский медвежонок», «Золтое руно» т.б. конкурстарына аудан мектептерінің оқушылары қатысып, жүлдегер 164 оқушы арнайы дипломдармен марапатталды.
Информатика пәні мұғалімдерінің арасында программалауды жетілдіру бағытында «Компас-ЭКСПО» атты олимпиадасы өткізілді.
2017 жылдың 3 қазан күні №64 орта мектеп базасында аудандық «Сындарлы сабақ – 2017» мұғалімдер байқауы өткізілді. Байқау қорытындысында І орын иеленген №177 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Өтегенова Мейрамкүл облыстық кезеңнен ІІІ орын алды.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен үш тілді қатар меңгерген жастарды анықтау және қолдау, тілдік мәдениетті тәрбиелеп, өзге халықтардың тілі мен мәдениетін құрметтеуді қалыптастыру мақсатындағы «Тілдарын» республикалық олимпиадасына №14 мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айдана Әбубәкірова қатысып, І орын иеленді.
2017 жылдың 26 қазанында «Үздік ағылшын тілі пәнінің мұғалімі – 2017» байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Облыстық кезеңге №83 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сәдуақасова Гүлдана қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.
Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейдің информатика пәнінің мұғалімі Киікбаев Алтынбек «Үздік авторлық бағдарлама – 2017» атты республикалық байқауға қатысып, "Үздік жоба"атағын жеңіп алды және вице-министр Аймағамбетованың І дәрежелі дипломымен марапатталды.
2017 жылы химия пәні мұғалімдерінің аудандық олимпиадасына білім беру ұйымдары бойынша 38 мұғалім қатысып, ІІ кезеңге 16 мұғалім өтті. Қорытындысы бойынша жүлдегерлерге ақшалай сыйлық тапсырылды. Жеңімпаз деп танылған №83 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Махамбетжанова Назгүл жеңіл автокөлікке ие болды.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жыл басынан бері озат тәжірибелі тәрбиешілердің шығармашылығын, жаңа технологияларды игеру деңгейін анықтау және насихаттау мақсатында барлық балабақшада «Үздік тәрбиеші-2017» байқауы өткізілді. Байқау шарттары бойынша тәрбиешілеріміз өзара бақ сынасып, үздік деп танылғандары алдағы күзде жоспарланып отырған аудандық кезеңге жолдама алды.
Ағымдағы жылдың 14 ақпаны күні аудандық мәдениет үйінде «Ғажайыптар әлемі» атты байқау өткізілді.
Байқаудың мақсаты, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілері арасынан дарынды балаларды іріктеп, шығармашылық қабілеттерін дамытып, ертегіге деген көзқарасын қалыптастыру, орындау шеберлігіне жол ашу. Және де дарынды балаларды аудандағы мәдени шараларға белсене араласуына мүмкіндік жасап, жас таланттарды насихаттау.
Байқауға әр балабақшадан 4 жастан 6 жасқа дейінгі тәрбиеленушілер қатысып, бір ертегіден қойылым қойып, балалар өздерінің орындаушылық шеберліктерін барша көрермен алдында паш етті. Әрбір ертегілік қойылым өзіндік ерекшелігімен, жақсы дайындықпен өте жоғары деңгейде көрсетілді.
Байқауға мемлекеттік 11 балабақша, жекеменшік 2 балабақша, мектеп жанынан ашылған 5 толық күндік шағын орталықтар, барлығы 18 мектепке дейінгі білім беру ұйымы қатысып, өзара бақ сынады.
Байқау қорытындысына тоқталар болсақ, І ші орынды Сексеуіл кентінен келген «Жауқазын» балабақшасы мен «Сартай» бөбекжайы теңдей бөлісті. Ал одан кейінгі орындарға Жалаңаш ауылдық округіне қарасты «Желкен» бөбекжайы, «Балдырған» балабақшасы, Аманөткел ауылдық округінен №73 мектеп жанынан ашылған «Әсем-ай» шағын орталығы жайғасып, бұлардың іздерін «Қарлығаш», «Алтын балық», «Жазира», «Нұр-Ай», №62 мектеп-лицей жанынан ашылған «Балауса» шағын орталықтары басып келеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қазылар алқасының шешіміне сәйкес аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің сыйлықтары мен диплом, алғыс хаттарымен марапатталды.
Наурыз айының ішінде қаладағы «Гүлдер» бөбекжайында мектеп жасына дейінгі балалармен үш тілде жұмыс жүргізуде кәсіби құзырлылығы жоғары тәрбиешілердің тәжірибелері мен ізденістерін насихаттау мақсатында «Мектеп жасына дейінгі балаларды үш тілде жан-жақты дамыта отырып, жаңа инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарға аудандағы барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог мамандары қатысып, тәжірибе алмасты.
Облыстық оқу орталығының тапсырмасына сәйкес, 17-22 сәуір аралығында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары-қазақстандық патриотизм негізі» тақырыбында барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында шығармашылық апталық өткізіліп, қорытындысымен үздік деп танылған жұмыстар облыстық кезеңге жіберілді.
Облыстық кезеңге жолдама алғандар ішінен тәрбиешілер шығармашылығы бойынша «Инновациялық идея» көрмесін жоғары деңгейде дайындаған деген арнайы сертификатқа «Желкен» бөбекжайы ие болса, «Гүлдер» бөбекжайының тәрбиешісі Г.Лекерова ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерінің фестиваліне қатысып, «Менің елім-Мәңгілік ел» тақырыбында өткізілген кіріктірілген оқу қызметінен шеберлік танытқаны үшін сертификатталды.
Ауданымызда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні кең көлемде аталып өтілді. Орталық алаңда «Сәбилердің күлкісі – көркі, сәні әлемнің» атты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өз деңгейінде өткізіліп, қала тұрғындарының ықылас, қошеметіне бөленді.
Қыркүйек-қазан айлары ішінде Қызылорда облыстық оқу орталығының ұйымдастырумен өткізілген «Үздік тәрбиеші-2017», «Үздік әуез жетекшісі-2017», «Үздік дене шынықтыру нұсқаушысы-2017» облыстық байқауларына ауданнан үздік деп танылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтері қатысып, нәтижесінде Шижаға елді мекеніндегі «Ақбұлақ» балабақшасының әуез жетекшісі Г.Жолдасова «Үздік әуез жетекшісі-2017» байқауының, қаладағы «Алтын балық» бөбекжайының дене шынықтыру нұсқаушысы Д.Серікбаева «Үздік дене шынықтыру нұсқаушысы-2017» байқауының 1 орын иегерлері атанса, «Сартай» бөбекжайының тәрбиешісі Б.Қанатбекова «Үздік тәрбиеші-2017» байқауына қатысып қайтты.
Инклюзивті оқыту: Арал ауданы бойынша 2017-2018 оқу жылында Қазалы аудандық Педагогикалық – медициналық – психологиялық кенесінің шешіміне сәйкес 517 бала мүмкіндігі шектеулі болып танылды. Қазіргі таңда мектеп партасында оқитыны – 228; үйден оқитыны – 96 бала, түзету кабинетінен қосымша түзету көмегін алатын – 71 бала, әлеуметтік қызмет алушы – 97; логопедиялық пунктте – 25 бала.
Қаладағы «Алтын балық» балабақшасында логопед маман жұмыс жасайды. № 262 мектеп-гимназия жанынан логопедиялық пункт ашылды. Инклюзивті білім беруге байланысты № 220 орта мектептен ойлау қабілеті бұзылған (ЗПР) 4 сыныбы ашылып, 38 баламен жұмыс жасауда. Осы оқушыларға 5,400 мың теңгеге компютерлік техника кешені мен бағдарламалық қамсыздандыру құралдары алынды. № 83 орта мектепте мүмкіндігі шектеулі бала саны көбеюіне байланысты сапалы инклюзивті жұмыс жасау үшін қосымша дефектолог маманы штаты берілді. Үйден оқытылатын балалардың барлығы мектеп тарапынан материалдық-техникалық құралдар парта, орындық, тақталармен қамтылған. Балаларға денсаулығына байланысты дер кезінде немесе алдын ала көмек беру жұмыстарын түсіндіру мақсатында аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті мамандары ай сайын семинарлар мен кеңес беру жұмыстарын жүргізіп келеді.
Аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне 300 мың теңгеге дидактикалық материалдар алынып, жұмыс жасауда.
Қосымша білім беруді ұйымдастыруда аудандық Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының арасында үштілділікті насихаттау мақсатында «Тіл білгірі-2017» қалалық сайысы өткізілді. Сайыс қорытындысымен І орынды №64 мектеп оқушысы Балымбетов Қуаныш, ІІ орынды №220 мектеп оқушысы Базарбаева Гүлсәби, ІІІ орын №13 мектеп оқушысы Ержігітқызы Назерке иеленді.
Үйірме мүшелері арасында «Болашаққа үш тілмен бірге» атты сайыс ұйымдастырылды. Сайыс қорытындысымен «Ағылшын тілі» үйірмесінің 1-тобы І орын, «Жас математик» үйірмесі ІІ орын және «Ағылшын тілі» үйірмесінің 2-тобы ІІІ орынды иеленді.
Оқушылардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімін арттыру мақсатында мамыр айында үйірме мүшелері «Туған өлкем – тұнған шежіре» тарихи-өлкетану және балықшылар мұражайына, тарихи-мәдени ескерткіштерге саяхат жасап, Арал өңірінің тарихымен танысты.
Аудан мектептеріндегі «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері арасында «Қазақстың 100 әні» фестивалі, «Ғани ғұмыр жаңғырып-тарихта қалар мәңгілік» апталығы, «Туған өлкем-тұнған шежіре» туған өлкеге саяхат, «Ата мұрам – асыл қазынам» спорттық-интеллектуалдық ойындары ұйымдастырылды.
Спорттық жарыстар бойынша мектеп оқушыларының облыстық көктемгі спартакиадасында аудан командасы ІІІ орын, облыстық «Айбын-2016» облыстық әскери-патриоттық жарысына қатысып ІІ орын иеленді. Облыстық «Әскерге шақырылушы-2016» облыстық әскери қолданбалы спорт түрі жарысына ауданнан № 13 орта мектептің «Барыс» командасы І орын, облыстық «Мерген Ару-2016» пневматикалық винтовкадан ату жарысына № 13 орта мектептің командасы қатысып І орын алды.
2017 жылдың наурыз айында аудандық «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі-2017» байқауының жеңімпазы №14 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Е.Айекешов Қызылорда қаласында өткен облыстық кезеңде І орынмен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл толуына арналған Республикалық «Айбын-2017» әскери-патриоттық жастар жиыны 21-22 сәуір күні ұйымдастырылып, облыс құрамында №14, №71 орта мектептен 2 оқушы мен №13 орта мектептің АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы 12-17 маусым аралығындағы Халықаралық «Айбын-2017» әскери-патриоттық жиынына қатысты.
2017 жылы 10-11 сынып оқушылары арасында «Жас Мерген-2017» әскери спорттық жарысы ұйымдастырылып, 14 команда қатысты.
2017 жылдың 23 қарашасы күні қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери патриоттық орталығындағы «Ұлтжанжы жас сарбаз - «Мәңгілік ел» ұланы» атты Республикалық іс-шарасына №13 орта мектептің БӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы А.Өтегенов пен 11-сынып оқушысы Ш.Нұрбай қатысып қайтты.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Тұңғыш Президенті күніне орай облыстық Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары арасындағы әскери қолданбалы спорт түрлері бойынша ауданның «Сұңқар» құрама командасы І орынды иеленді.
Кітапхана ісі бойынша. Оқушылар арасында қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу мақсатында мектеп оқушылары оқуы тиіс 100 кітап аясында «Ізгілікті істер» жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке барысында оқушылар бір-бірлеріне кітаптың құндылықтарын, кітаптың адам өмірінде ерекше орын алатынын түсіндіріп, өздерінің оқыған кітаптарын бір-біріне сыйлыққа берді.
Барлық мектептерде көпшілік жұмыстар, әдебиеттік шолу, оқырман конференциялары, ауызша журнал, әдеби кештер, пікір таластар, дөңгелек үстелдер, ата-аналар, ұстаздармен кездесулер, кітапхана сағаттары, өзара пікір алмасу,түрлі іс-шаралар өткізіліп, пән мұғалімдері және сынып жетекшілерімен бірлесе отырып «Жақсы кітап –жан азығы», «Кітапты күтіп ұстайық», «Жаңа кітап - жаңалығы», «Кім білімді?» т.б. айдарымен кітап көрмелері ұйымдастырылды.
Оқырмандарға сапалы қызмет көрсету, оқырманның қызығушылығын арттыру, кітапханада мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру, оқырмандарды кітап оқуға тарту, мәдениетті, парасатты ұрпақты тәрбиелеу мақсатында 23 сәуір – Халықаралық кітап күніне орай «Кітап – өмірлік асыл мұрам» тақырыбында М. Әуезов атындағы балалар кітапханасымен бірлесе отырып аудандық семинар өткізілді.
Оқырман қауымға жаңа қоғамның өмірін армандап кеткен дара тұлға Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында 22 сәуір 2017 жылы №83 орта мектепте ақынның «Қамар сұлу» романы бойынша аудандық оқырмандар конференциясы өткізілді.
2016-2017 оқу жылының қорытындысы бойынша 39 оқушы Алтын медаль иегері атанды. 9 оқушы Үздік аттестат алды.
Ұлттық Бірыңғай Тестілеу туралы.
2016-2017 оқу жылында 36 орта мектеп бойынша 11-сыныпты 746 оқушы тәмамдады, 3 орта мектепте (№№68 Қосаман,72 Райым,77 Құланды) 11-сынып бітірушілер жоқ. Биылғы ерекшелік бойынша мектепте барлық 11-сынып оқушылары емтихан тапсырып, емтихан қорытындысымен 746 оқушы 2017 жылдың 12 маусымы күні мектеп қабырғасында аттестаттарын алса, оның ішінде осы емтихан қорытындысымен 39 оқушы «Алтын белгі» иегері, 9 оқушы "Үздік аттестат" иеленді.
Арал ауданы бойынша 2017 жылдың 21 маусымы күні ҰБТ өтетін күн болып белгіленсе, 19 маусым күні 50 км-ден алыс елді-мекендерден 150 оқушы автобустармен тасымалданып, Арал қаласындағы №2 санаториялық мектеп-интернатқа орналастырылды. 4 мезгіл тамағы (50 км-ден бері 36 оқушы, жалпы 186 оқушы тамақтанды) және ораза ұстаған 24 оқушыға арнайы уақытында тамақтандыру ұйымдастырылды («Достар» мейрамханасында).
21 маусым күні ҰБТ-ге 375 оқушы қатысса, 186 - і ауылдық елді мекендерден, 189 оқушы қала мектептерінен. Оқыту тілі бойынша 353 оқушы қазақ, 22 оқушы орыс тілінде тапсырды. 18 оқушы (4,8 пайызы) шығармашылық емтихан таңдады (тек қазақстан тарихы мен оқу сауаттылығынан тапсырғандар): №13 – 5 оқушы, №71,220,260,61 мектептерден – 2 оқушыдан, №62,262,231,14,81 мектептерден – 1 оқушыдан. Тест нәтижесімен ауданның орташа балы – 82,76 балл құрады. Облыстың орташа балы – 82,4 балл құрап, ауданымыз алдыңғы үштік қатарынан орын алды.
Негізгі пәндербойынша сараласақ:
Қазақстан тарихынан облыстың орташа балы – 14,3 болса, ауданның орташа көрсеткіші – 14,48 балл; Қазақстан тарихы пәнінен облыс бойынша ең үздік он мектеп қатарына ауданымыздың №№22,71 мектептері еніп тұр.
Математикалық сауаттылық бойынша облыс – 10,8 балл, аудан – 11,05 балл; Математикалық сауаттылықтан облыстың ең үздік 10 мектебі қатарына ауданымыздың 4 мектебі енді: №№75,20,65,13 мектептер.
Оқу сауаттылығынан облыс орташа балы – 16,3 балл, ауданның орташа балы – 16,69 балл; Оқу сауаттылығынан облыстың үздік 10 мектебі тізіміне 3 мектебіміз енді: №№60,20,71 мектептер.
Бірінші таңдау пәндері орташа балы – 21,28 балл;
Екінші таңдау пәндері орташа балы – 19,31 балл.
Таңдау пәндеріне нақтырақ тоқталсақ:
Қазақ тілі мен әдебиеті – 25 балл; Қазақ тілі пәнінен облыстың үздік 10 мектебі тізіміне №262 мектеп-гимназия мен №220 мектеп еніп отыр.
Ағылшын тілі пәні орташа балы – 21 балл; Ағылшын тілінен облыстың үздік 10 мектебі көшін №220 орта мектебі бастап тұрса, осы үздіктер тізіміне №13 мектеп те еніп отыр.
Биология пәні – 21,92 балл;
География пәні – 20,52 балл; География пәнінен облыстың үздік 10 мектебіне ауданымыздың №62 мектеп-лицейі енген.
Жалпы тарих пәні – 19,94 балл; Жалпы тарих пәнінен облыстың үздік 10 мектебі көшін ауданымыздың 2 мектебі: №№74,61 орта мектептер көшбасын бастап, үздіктер қатарына енген.
Математика пәні – 18,30 балл; Бейіндік математика пәнінен облыстың үздік 10 мектебі қатарына: №№75,13 мектептер енсе.
Физика пәні – 19,20 балл құрап, осы пән бойынша облыстың үздік 10 мектебі тізіміне Арал қаласындағы №64 орта мектеп енген.
Химия пәні – 18,40 балл; Химия пәнінен №71 мектеп облыстың үздік 10 мектебі қатарына енді.
Адам/қоғам/құқық пәні– 28,25 балл. Адам/қоғам/құқық пәнінен облыстың үздік 10 мектебі көшін ауданымыздың №13 орта мектебі бастап тұрса, осы үздікке №59 орта мектепте еніп отыр.
2017-2018 оқу жылындағы аудандық пән олимпиадасы 2017жылғы 7- 8 желтоқсанда №262 мектеп-гимназия базасында өткізілді. Олимпиадаға 844 оқушы қатысты. І орын алған жеңімпаз 15 оқушы олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысуға жолдама алды. Оның ішінде облыстық пән олимпиадасынан қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша №83 орта мектептің 11-сынып оқушысы Алдажұмаева Майра ІІІ орын, №73 орта мектептің 10-сынып оқушысы Шынбергенова Аяжан ІІІ орын; тарих пәні бойынша №220 орта мектептің 11-сынып оқушысы Сүлейменова Ақнұр ІІ орын, №2 мектеп-интернаттың 10-сынып оқушысы Есенәлиев Нұрдәулет ІІІ орын; география пәні бойынша №82 орта мектептің 9-сынып оқушысы Каримов Рамазан ІІІ орын; құқық пәні бойынша №13 орта мектептің 11-сынып оқушысы Берекеқызы Айдана ІІІ орын; орыс тілі пәні бойынша №14 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы Жасекенова Аида ІІІ орын алды.
«Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығында ҰБТ-ге дайындық курсы 2017-2018 оқу жылында қазан айынан бастап ұйымдастырылды. Жалпы 12 лек ұйымдастырылу жоспарлануда. Соның 5 легі - Қазалы ауданы, 7 лек - Арал ауданының оқушылары.
Қазіргі таңда І лекте Қазалы ауданының 100 оқушысы, ІІ лекте 71 оқушысы қамтылса, ІІІ лекте Арал ауданының 113 оқушысы, ІV лекте 111 оқушысы қамтылды.
2018 жылға Арал ауданының 416 баласын ҰБТ-ге дайындық курсынан өткізу үшін 10 млн 400 мың теңгеге аудандық білім бөлімі бюджеттік өтінім берді.
Қорғаншылық пен қамқоршылық:
Қазіргі таңда Арал аудандық білім бөлімінің жанындағы қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын атқарушы органының есебінде тұрған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны - 63, оның ішінде жетім бала –33, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – 30 (қамқоршылықта – 4 бала, қорғаншылықта – 59 бала, патронаттық тәрбиеде бала жоқ, балалар үйіне қайтарылғандар жоқ).
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 63 баланың 13-де ата-анасынан қалған үлестік үй бар, 1-де жеке үйі бар. 47 бала «Аудандық тұрғын коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне» тұрғын үйге кезекке қойылған.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, есепте тұрған 63 баланың 50-і мектепте оқиды, олардың бәрі де жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан оқулықтармен, киіммен және ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр.
Балалар асыраушысынан айырылуына байланысты, қамқоршылыққа байланысты, мүгедектігіне байланысты тиесілі әлеуметтік көмектерін алып тұрады.
Олардың 52-і де «Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметі арқылы уақытылы ай сайын 10 АЕК есебінде жәрдемақы алады.11 бала ата-анасының келісімімен туыстарына уақытша қамқоршылыққа берілген. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамқорлыққа, қорғаншылық тәрбиеге беру кодексте және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген негіздемелерге сәйкес жүзеге асырылып отырады.
2017 жылы 11 айында Арал ауданы бойынша 15 бала асырап алуға беріліп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |