Арал теңізі – жас Тұран тақтасының үстінде орналасқан тұйық көл. Ауданы: 66 мың км²



Дата28.02.2020
өлшемі1,23 Mb.
#59227
Байланысты:
2 ¦С¦¬¦-¦-¦¬TГ¦-¦-TВTпTА¦¬TЦ¦¬TЦ¦¦ 2 4-TБ¦-¦-¦-TЫ 8TБTЛ¦-TЛ¦¬ ¦в1 ppt

  • Арал
  • теңізі
  • Арал теңізі – жас Тұран тақтасының үстінде орналасқан тұйық көл.
  • Ауданы: 66 мың км²
  • Суының көлемі жағынан Қазақстанда, тіпті бүкіл ТМД елдерінде 2-ші, ал Дүниежүзі бойынша 4-ші орынға ие көл.
  • Ұзындығы 428 км, ені 235 км.
  • Қазіргі Аралдың жасы 8-10 мың жыл шамасында.
  • Арал теңізінің тұздылығы табиғи жағдайда 9-11‰ болатын. Соңғы 40 жылда суармалы жер ұлғайды, Шардара, Арнасай, Сарықамыс бөгендері пайда болды. Соған байланысты теңіздің тұздылығы 35 ‰-ге жетті.
  • Теңіз суының түсі қара көк, мөлдірлігі 25 м. Теңіз суы тұнық. Бұндағы органикалық дүние Каспий теңізіне қарағанда әлдеқайда кедей. Теңізде балықтың 20-дай түрі бар. Кәсіпшілік жөнінен құндылары: бекіре, сазан, қаяз, шабақ, ақмарқа ауланады. Жерсіндірілген балықтардан каспий шоқыры мен балтық салакаласын атауға болады.
  • Арал теңізінің
  • тартылуы
  • 1957 ж
  • 1987 ж
  • 1998 ж
  • 2002 ж
  • Арал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны белгілі. Алайда олардың көпшілігі тенізді толтыруды емес, оны тек бүгінгі деңгейде ұстап қалуды көздейді. Ол ұсыныстар мынандай болатын:
  • 1. Сыр және Амудария өзендерінің суларын тиімді пайдалану;
  • 2. Оңтүстіктен солтүстікке карай Возрождение аралын пайдаланып дамба салу. Кіші Аралдан тұз өндіріледі, ал Үлкен Арал Сыр және Амудария есебінен сақталады;
  • 3. Жел тұрғанда аспаннан тұз жаумас үшін жағалауларға сексеуіл т.б. жасыл желек ағаштарды отырғызу;
  • 4. Арал аймағын Иран еліндегідей жер асты суларымен камтамасыз ету;
  • 5. Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға бұру.
  • Бұл шаралардың теңізді бұрынғы қалпына келтіре алмайтыны анық. Әрине Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға тартуға болар еді, бірақ ол біріншіден қымбатқа түседі, екіншіден Ресей оған келісе коймайды.
  • АҚШ, Жапония, Канада ғалымдарының Арал теңізінің суын бұрынғы деңгейіне жеткізу үшін 200 миллиард доллар қажет дейтін көрінеді. Аралды бұрынғы қалпына келтіру үшін іргелі зерттеу жолымен Каспий-Арал каналының ғылыми-техникалық дәлелдемесі жасалынады. Сол жоба бойынша Арал апатын шешу үшін 300 млн доллар жеткілікті екеніне көз жеткізген.
  • Тыңдағандарыңызға рақмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет