Аралас пиодермиялар Орындаған:Абдулдаев Д Тобы:ЖМ18-007 Қабылдаған:Сагидолдина Л.К. Анықтама - Іріңдікті тері ауруларының бұл тобына этиологиялық фактор стафилококк пен стрептококк болып табылады.
Классификация Аралас пиодермияның беткей және терең түрін ажыратады. Беткей: - Вульгарлы немесе стрепто-стафилакоккты импиего
Атипті терең: - Созылмалы жаралық-вегерирлеуші пиодермия
- Шанкр тәрізді пиодермия
- Пиогенді гранулема
Вульгарлы немесе стрепто-стафилококкты ипиего - - бұл патологиялық процеске майлы-түкті аппараттар да қатысатын терінің іріңді зақымдануы.Фликтеналар үлкенірек және олардың беті тығызрақ,олар тез лайланады.
Патогенез - Ықпал етуші факторлар бұрыңғы немесе қазіргі уақытта қышунуымен жүретін тері аурулары (қотыр,экзема,атопиялық дерматит).Сонымен қатар тері жарақаттары,қатты кірленуі,терінің сілекеймен не басқа бөлініспен мацерациялануы.
Клиникасы - Алдымен қызарған,аздап ісінген теріде аз уақыт ішінде стрептококкты импиего-фликтена түзеді.Ішіндегі сүйықтығы стафилококк қосылып,лайланады,іріңдіге айналады.Содан бөлініс кеуіп,қалың бал-сары немесе сары-жасыл түсті қабыршақ түзеді.
Клиникасы - Импиего жиі ерін,көз саңылауы,танау айналасына таралып,көбінесе кішкентай балалар,қыздар мен жас әйелдерде кездеседі. Бір элементтің бүкіл даму циклі 8-15 күнге созылады, содан кейін теріде уақытша пигментация қалады.
Созылмалы жаралық және жаралы-вегетациялық пиодермия - пиококкты микрофлорасы иммунитет бұзылуын тудыратын,терінің терең іріңдікті ауруы
Патогенез - Организмнің пиококк инфекциясына төзімділігінің төмендеуі, сондай-ақ аурудың ұзақ созылмалы ағымына әкелетін қоздырғыштың патогендік қасиеттерінің әлсіреуі, организмнің күшті реакциясының болмауы маңызды рөл атқара. Аурудың қолайлы факторлары ішкі ағзалардың, жүйке және эндокриндік жүйелердің дисфункциясы болып табылады. Қанмен қамтамасыз етудің бұзылуы, жарақат, гипотермия, қан тамырларының өткізгіштігі және гиповитаминозға немесе өткен инфекцияларға төзімділік нәтижесінде тамыр жүйесінің жергілікті нейротрофиялық бұзылыстары маңызды рөл атқарады. Созылмалы пиодерматит негізінен аяқтардың терісінде, сирек қолдың артқы жағында локализацияланған. Негізінен 40-60 жас аралығындағы ер адамдар ауырады.
Клиника - Ауру стрептококкты эктима,фурункул немесе тез некрозданып,жараға айналатын терең инфильтрат түзілуінен басталады.Жараның мөлшері үлкен,дөңгелек не сопақша немесе айқын шектеулі,сіңбелі,беті бүртікті,кейбір жерлері іріңді қабықпен көмкерілген қабынулық табақшалар көрінеді.Оларды басқанда бүртіктердің арасынан,терең жыртықтардан және тесіктерден ірің тамшылары байқалады.
Клиника Клиника - Негізгі ошақтың айналасында терең іріңдіктер қуысын байқауға болады.Инфильтрат түбінде терең бір-бірімен байланысып жатқан іріңдіктер қуысы көрінеді.Қабыршақ астында жаралық процесс әртүрлі көлемді болады және ақырындап шетіне қарай өсіп,үлкейеді.Негізгі ошақ шеттерінде іріңді жаралық еруге бейім жаңа фликтена немесе фустулалар түзіледі.
Шанкр тәрізді пиодермия клиникалық көріністе мерездік қатты шанкрға ұқсас болып келетін,стрептококктар және стафилококктармен шақырылатын,атипті терең пиодермиялар Патогенез - Ауру дамуына гигиена сақатамауы,майлар жиналып қалып,жыныс мүшесінің басының терісі тітіркендіріп,іріңдетіп,эрозия мен жара түзілуін туғызатын препуциальді сақинаның тарлығы,фимоз әсер етеді.
Клиника - Эрозивті,жиі анық шектеулі табақшаға ұқсас,дөңгелек немесе сопақтау,түбі ашық-қызыл түсті,іріңмен,кейде гангренозды қабықпен жабылатын жаралық зақымдану орын алады.Жара жиі бірен-сараң,кейде көп көлемде шығады.Негізінен жыныс бездерінде,бірақ кейде бет,ерін,ұрт,тілде де орналасуы мүмкін.
Клиника - Жара негізіндегі инфильтрат тығыздығына жараның ауырмауына,аймақтық лимфа түйіндерінің ұлғаюына байланысты қатты шанкрге ұқсайды.Шанкр тәрізді пиодермия 2-3 айға созылуы мүмкін және тыртық түзумен жазылады.
Пиогенді гранулема - Пиогенді гранулема (ПГ; синонимдері – телеангиэктатикалық гранулема, ботриомикома, грануляциялық типті гемангиома) – тері мен шырышты қабықтың реактивті қатерсіз ісік тәрізді түзілістері болып табылатын кең таралған ауру.
Этиология - Стафилококктар мен вирустар
Клиника - Беткей орналасқан тамырлардың көп саны бар қанық қызыл түсті ісік тәрізді түзілістің жоғарлауы байқалады,сондықтан ботриомикома гемангиомаға жатады.Пиогендік гранулемалардың мөлшері тары дәнінен фундукұа дейін өзгереді.Оның беті біркелкі емес,жиі бөлінген.Орналасуы:бетте,еріннің қызыл шекарасында,ауыздың шырышты қабатында.
Пиоаллергиды - Пилоаллергидтер-терең пиодермиялардың ұзақ ағымы нәтижесінде,өзіндік екіншілік аллергиялық терінің зақымдануы.
Клиника - Пиоаллергидтер дененің және аяқтың терісінде симметриялы орналасқан эритематозды қабыршақты дақтардың,папуловезикулалардың және пустулалардың кенеттен пайда болуымен сипатталады.Алақандар мен табанды ұстағанда тығыз көпіршіктер мен көпіршікшелер.Бөртпелер дене температурасының көтерілуімен жүруі мүмкін.Бөртпе қышу сезімімен жүреді.
Клиника Бөртпе элементтері негізгі зақымдану ошақтарынан алыс терінің үлкен аймақтарына таралуы мүмкін. ½-2 апта аралығында зақымдану ошақтары регрессияға ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |