Аралас тасымалдау жүкті екі немесе одан көп тізбектей жұмыс істейтін көлік түрімен тасымалдау



Дата26.01.2020
өлшемі13,06 Kb.
#56500
Байланысты:
Арайлым реферат

Аралас тасымалдау – жүкті екі немесе одан көп тізбектей жұмыс істейтін көлік түрімен тасымалдау.

Аралас тасымалдау операторы – өз атынан немесе басқа оның атынан әрекет ететін тұлға арқылы жүк иесімен аралас тасымалға келісім-шартқа отырады, желісім-шарт тарабынан өкілдік етеді және оның орындалуына жауапекршілікті өзіне қабылдайды.

Тікелей аралас тасымалдау – барлық жүру жолында бір тасымалдау құжатымен рәсімделеді, мысалы теміржолдық, автокөліктік немесе ішкі су көлігімен.

Аралас тасымалдауды ұйымдастырудың дәстүрлі және логистикалық тәсілдердің салыстырмалы сипаты 5.1-кестеде келтірілген



5.1-кесте - Аралас тасымал мен интермодальдық тасымалдың салыстырмалы сипаты

Аралас тасымал

Интермодальдық тасымал

Екі я одан да көп көлік түрлері

Екі я оданда көп көлік түрлері

Тасымалдау үрдісінің жалғыз операторының болмауы

Тасымалдау үрдісінің жалғыз операторының болуы

Бірнеше көлік құжаттары

Жалғыз көлік құжаты

Бірыңғай фрахт тарифтік қойылымының болмауы

Бірыңғай фрахт тарифтік қойылымының болуы

Қатысушылардың өзара әрекетінің реттелген схемасы

Қатысушылардың өзара әрекетінің орталықтан реттелген схемасы

Жүкке деген бөлінген және нәтижесінде азайған жауапкершілік

Жүкке деген бірыңғай және нәтижесінде жоғарылаған жауапкершілік

Нәтижесі: «логистиканың алты ережесінің» орындалуының  аз ықтималдығы

Нәтижесі: «логистиканың алты ережесінің» орындалуының жоғары ықтималдығы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет