VIII. БӨЛІМ ҚОСЫМША ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСЫ
Цифрлы Қазақстан
Оқыту үрдісін ақпараттандыру
IX. БӨЛІМ МЕКТЕПТІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ – ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫН ДАМЫТУ
Мектептің материалдық-техникалық базасын дамыту
Дәрігер жұмысының жоспары
2022 -2023 оқу жылындағы оқу- тәрбие жұмысына талдау
Жалпы мәлімет
К.Ушинский атындағы орта мектебі Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Лепсі ауылының аумағында орналасқан.
Ашылған уақыты 1984 жылдың қыркүйек айы. Мектепте 37 жоғары білімді 14 арнаулы орта білімді мұғалімдер қызмет атқарып жүр.
2022-2023 оқу жылын 24 сынып комплектісі (оның ішінде екеуі – мектепке даярлық сыныбы). 207 оқушымен бастады. Сыныптағы оқушылар құрамы-9. Мектебіміз 2 ауысымда 5 күндік жұмыс кестесімен ұйымдастырылды. Жыл бойы мектебімізге 8-оқушы сырттан келіп, 5- оқушы басқа мектептерге орын ауыстырды. Оқу жылын 210 оқушы 66% сапа көрсеткішпен аяқтады.
2022-2023 оқу жылындағы оқу – тәрбие жұмысы жыл басында бекітілген жоспар бойынша жүргізілді. Оқу жылының басында мынандай міндеттер алға қойылған болатын:
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №726 қаулысы.
Мектеп жасындағы балаларды жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту. Алға қойған міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, мемлекеттік стандарты, Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру тиесілі құқықтық құжаттары басшылыққа алынды.Қазақстан Республикасының Конституциясын 30-бабында «Қбликасының әр азаматы тегін орта білім алуға құқылы», -деп атап көрсетілген. Осыған орай жалпыға білім беру мәселесі толығымен жүзеге асуда. «Жалпыға бірдей білім беру» айлықтарының жоспары құрылып, іс-шаралар жасалып, жұмыстар жүргізілді. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алу, оларды міндетті орта білім алғанға дейін оқыту ұйымдастырылды. Сонымен қатар 9-сыныпты бітірген оқушыларға ерекше көңіл аударылды.
Мектепке қатысты аудан есебі бойынша оқушылардың 0-17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің есебін жүргізу тәртібінің ережесіне сәйкес ауыл бойынша балалардың тізімі бар. Оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуы қатаң бақылауға алынды. Ата-аналар мен ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен біріге отырып мөлтек аудандарды аралап, рейдтер жүргізілді. Жаз бойы келген, кеткен оқушылар мен сыртта оқитын оқушылардың анықтамалары түгелденді.
Мектепке қатысты аудан есебі бойынша бала саны –325 . Оның ішінде мектепке дейінгі жасөспірімдер – 113, оқушылар саны – 207, сыртта оқитын -5 оқушы.
Мектеп бойынша тұрмыс жағдайына байланысты аз қамтылған-16 оқушы тіркелді, көп балалы отбасы балалары-47. Жетім-1. Басқа категориядағы бала саны- 14. Тізімдегі 78 оқушы ата-аналар жиналысының шешімі бойынша іріктеліп, ауыл әкімімен келісілді. Осы 78 оқушы мектеп кітапханасының оқулықтарымен толық қамтылды. Бастауыш сыныптарда, жоғары сыныптарда оқулық түгел. Биылғы жылы мектеп кітапханасына 4,8, 10 сыныптарға жаңа оқулықтар келді. Ал басқа оқулықтар мүмкіндігінше таратылып берілді, оқушылар 100 пайызға оқулықпен қамтылған. 10-сынып оқушыларына жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқулықтар толық.
Жалпыға бірдей білім беру қорының комисиясының шешімімен 78 оқушы іріктеліп, мектеп асханасынан тегін ыстық тамақпен жыл бойы қамтылады. Жалпыға бірдей білім беру қорынан 2023 жылы 1 473 200 теңге бөлінді
Мектепшілік №77 бұйрық 5 қыркүйек 2022 жыл «Мектепке жол» акцияны өткізуіне байланысты ұйымдастыру комитеті құрылып, бекітіліп, іс-шаралар жасалынды.
Акция барысында мектебімізде мұғалімдер арасынан ауыл көшелеріне рейдтер жүргізу мақсатында кезекшілік ұйымдастырлды. Жауапты мұғалімдер белгіленіп берілген жерлерді аралап, тексеріп шықты. Тексеру барысында мектептен тыс жүрген қараусыз, қадағалаусыз, заң бұзушылықпен айналысатын балалар болған жоқ. Акцияға байланысты ауыл азаматтарын қайырымдылыққа тарту, меценаттылықты дамыту мақсатында, қамқоршылар акциясы ұйымдастырылды. Акцияға белсенді қатысқан азаматтар көмекті қажет ететін оқушыларға киімдер алып берді. Бұл бағыттағы жұмыс әлі жалғасады.
2022-2023 оқу жылының ұйымдастырушылық –тәжірибелік шараларының кешенді жоспарына сәйкес, оқушылардың сабаққа толық қатысулары қамтамасыз етіліп, кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімімен бірлесіп оқушылардың оқудан бұлтару деректерінің алдын алу мақсатында рейдтер ұйымдастырылды. Рейд қорытындысы бойынша әр мөлтек аудандағы барлық оқушылардың және сыртта оқитын оқушылардың түгел оқумен қамтылғаны анықталды. Оқудан бұлтарған оқушы болған жоқ. Мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын күнделікті қадағалап, талдау жұмыстары жасалынды. Талдау нәтижесі бойынша сабақты себепсіз босататын оқушы жоқ.
Осы айлықтың есебі бойынша мектепке қатысты 78 бала бар. Біздің мектепте 78 оқушы білім алады. Әрбір баланың оқуына қолайлы жағдай жасау мақсатында 6-17 жас аралығында балалардың толық тізімі алынып, олардың толық оқуға тартылуы бақыланды.
Бақылау қорытындысы бойынша әр айдың 3-і күні мектеп оқушыларын оқумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жайлы (№2 форма,тізімдер) аудандық білім бөліміне есеп беріліп отырды.
Жалпыға бірдей білім беру қорының жұмсалуы.
Достарыңызбен бөлісу: |