Аралық бақылауға арналған сұрақтар Бейіндік оқытудың нормативтік құқықтық базасы


Кəсіптік оқыту мамандығы бойынша типтік оқу жоспарының жалпы білім, базалық жəне бейіндік циклдары пəндерінің, таңдау пəндерінің мазмұнын ашып көрсетіңіздер



бет23/25
Дата23.05.2020
өлшемі69,61 Kb.
#70790
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
5, 5
21. Кəсіптік оқыту мамандығы бойынша типтік оқу жоспарының жалпы білім, базалық жəне бейіндік циклдары пəндерінің, таңдау пəндерінің мазмұнын ашып көрсетіңіздер.

ТОЖ (типтік оқу жоспары) - білім саласының өкілетті органда-

ры арқылы бекітілетін оқу орындарында оқылатын оқу пəндерінің

құрамын анықтайтын нормативтік құжат. пəнінің міндетті компонентін жəне оқу іс-əрекеттерінің (практика,

мемлекеттік емтихандар, дипломдық жұмыстарды орындау жəне

қорғау) еңбек етуге жұмсалатын көлемі кредиттер арқылы, ал əрбір

оқу пəндері бойынша таңдау компоненттерінің көлемі кредиттердің

жалпы санымен анықталады. Оқу жоспары типтік оқу жоспары (ТОЖ) жəне студенттердің

жеке оқу жоспары (СОЖЖ) деп бөлінеді. Нақты мамандықтар

бойынша ТОЖ, ОЖЖ, ЖМБС-да (жалпыға міндетті мемлекеттік

білім стандарты) негізінде өңдемеленеді жəне білім саласының

өкілетті органдары арқылы бекітіледі. ЖМБС оқытылатын əрбір оқу пəнінің міндетті компонентін жəне оқу іс-əрекеттерінің (практика,

мемлекеттік емтихандар, дипломдық жұмыстарды орындау жəне

қорғау) еңбек етуге жұмсалатын көлемі кредиттер арқылы, ал əрбір

оқу пəндері бойынша таңдау компоненттерінің көлемі кредиттердің

жалпы санымен анықталады.

Жоғары оқу орындары жыл сай-

ын барлық пəндердің жүйеленген аннотациялық тізімі ретіндегі

элективтік пəндер каталогы (ЭПК) түріндегі ЖМБС-ға қосымшалар

өңдемелейді. ТОЖ-ы жəне ЭПК-лар негізінде эдвайзерлердің

көмегімен əрбір студенке жеке-жеке СОЖЖ-ы құрастырылады.

Жұмыс оқу жоспары (ОЖЖ) ТОЖ-ы негізінде өңдемеленеді

жəне Ғылыми Кеңестің шешімімен білім мекемесінің жетекшісі

бекітеді.

ТОЖ-ы сабақ кестесін құрастыруға жəне оқытушылардың оқу

жұмысының жүктемесін есептеуге негіз болады. ЖОЖ жəне СЖОЖ-

лардың формасын, құрылымын, өңдемелеуін жəне бекітілуін жоғары

оқу орындары өз бетімен анықтайды.

Барлық пəндердің мазмұны оқу бағдарламалары арқылы

белгіленеді. ТОЖ-ыміндетті компоненттің пəндері бойыншажасала-

ды жəне білім саласындағы өкілетті органдар арқылы бекітіледі. Оқу

жоспарында қарастырлған пəндер бойынша жасалатын силлабустар-

ды жоғары оқу орны бекітеді. Силлабустарда кіргізілетін міндетті

компоненттегі пəндер ТОЖ негізінде, ал таңдау компонентіндегі

пəндерді жоғары оқу орны дербес анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет