Выберите любых 2 вопроса и ответьте на них. С интернета не скачивайте готовый материал
Кез келген 2 сұрақты таңдап, оларға жауап беріңіз. Дайын материалды интернеттен жүктеп алмаңыз
Аралық бақылауға арналған сұрақтар
1. Бейіндік оқытудың нормативтік құқықтық базасы
Елімізде білім беру үдерістерін реттеуші негізгі құжат болып 2007 жылы қабылданып, 2011 жылы өзгертулер енгізілген ҚР «Білім туралы» Заңы табылады.
Сонымен бірге бейіндік оқытудың нормативтік-құқықтық негізіне:
Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 11 шілдесінде қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 8 тамызында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» №345 Заңы;
Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»;
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы;
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012- 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары;
«Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
30 желтоқсандағы № 1684 Қаулысы.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында 2015 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептердің, интеллектуалдық мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың жоғарғы сыныптарында бейіндік оқытуға арналған «Бейіндік мектеп» бағдарламасы іске қосылады деп атап көрсетілген. Бейіндік мектепке қабылдау ұлттық тестілеу негізінде жүзеге асырылады.
Бейіндік мектепте 10 сыныпты аяқтаған түлектердің 60% оқиды деп күтіледі. Бұл ретте бейіндік мектептер ашып, олардың жанынан жатақханалар ашылып, олардың жартысынан көбі – ауылдық жерлерде болады деп күтілуде. Осымен бір мезгілде, базаларында бейіндік оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын мектептер ашылатын 40 базалық ЖОО анықталған (11-12 сынып).
Жинақталған тәжірибе мен халықаралық практиканы ескергенде, Қазақстанның білім беру жүйесі 2015 жылдан бастап БХСЖ сатыларына сәйкестендіріледі. Арнайы техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі білім жіктелісі қайта қарастырылатын болады. Жекелеген орта кәсіби білім бағдарламалары үшіншілік білім беруге (қолданбалы бакалавриатқа) жатқызылатын болады, сөйтіп колледждердің мәртебесі жоғарылайды.
Қолданбалы бакалавриат бағдарламаларына оқуға түсу үшін толық жалпы орта білімді аяқтау міндетті болып табылады.
Әлемдік тәжірибені ескере отырып, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі дамытыла бастайды. Ұлттық тестілеу бастауыш, негізгі және бейіндік мектепті аяқтаған соң жүргізілетін болады:
бастауыш мектепте – оқушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жасау мақсатымен іріктелініп жүргізіледі;
негізгі мектепте (10 сыныптан соң) оқытудың әрі қарайғы траекториясын анықтау мақсатымен жүргізіледі;
бейіндік мектепте – алынған білім мен білік деңгейлерін бағалау мақсатымен жүргізіледі.
2015 жылға қарай білім алушылардың құзыреттілігі қалыптасу деңгейін анықтауға арналған, жазба тапсырмалар қосылған тестілік тапсырмалардың қоры қалыптасады.
Сыртқы емтихандар жаңа ақпараттық технологиялар негізінде жүргізілетін компьютерлік тестілеу бойынша жүргізіледі. Жоғары білім алуға үміткерлер тәуелсіз ұлттық тестілеу формасындағы қосымша бейіндік емтихандар тапсырады.
Достарыңызбен бөлісу: |