Аралық бақылауға арналған сұрақтар Бейіндік оқытудың нормативтік құқықтық базасы


Бейіндік мектептегі оқытудың түрі мен әдістері



бет6/25
Дата23.05.2020
өлшемі69,61 Kb.
#70790
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
5, 5
Бейіндік мектептегі оқытудың түрі мен әдістері

Оқытудың түрі – бұл білім алушы(оқушы) мен оқытушының (мұғалім) ұйымдасқан іс –әрекеті. Бұл жерде негізгі мәселе оқытушы мен білім алушының (немесе білім алушылардың арасында) оқу барысында алынған білім мен дағды, икемдерін қалыптастыру.

Оқытудың түрлері: күндізгі, сырттай, кешкі, білім алушының жеке жұмысы (оқытушының бақылауымен және бақылауынсыз), сабақ, дәріс, семинар, дәрісханадағы (шеберханадағы) тәжірибелік сабақтар, саяхат, өндірістік тәжірибе, факультатив, кеңес, сынақ, емтихан, жеке, жалпы, жеке-топтық.

Олар білім алушыларды теориялық бағытта дайындауы мүмкін, мысалы: сабақ, дәріс, семинар, саяхат, конференция, «дөңгелек үстел», кеңес және білім алушылардың жеке жұмыстарының түрлері. Сонымен қатар, тәжірибелік бағытта да дайындайды, мысалы: тәжірибелік және зертханалық сабақтар, жобалаудың түрлері (жоба, реферат, баяндама, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар) және тәжірибенің барлық түрлері.

Оқытудың жеке түрі - білім алушының жеке жұмыс жасауына, оқу материалдарының жеткілікті болуы және білім алушыға қолжетімділігінде.

Оқытудың бұл түріндегі танымдық тапсырмалар сынып алдында жалпы беріледі және әрбір оқушының өз күшімен жеке орындалады.

Оқытудың жеке түрі, әсіресе, физика, химия, математика тапсырмаларын және орыс тілі, шетел тілдерінен жеке жаттығулар орындағанда сәтті қолданылады. Оқытудың бұл түріндегі танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың педагогикалық құндылығы, ол білім алушының ерекшелігін жақсы ескеретіндігінде.

Оның жетістігі сараланған тапсырмалардың дұрыс таңдап алынуымен және оны орындауда мұғалімнің жүйелік бақылау жасауымен анықталады.

Сонымен қатар, саралай оқыту оқушыға көмек көрсету шараларымен де көрінеді.

Ол тек дағды, икем және білімді саналы және берік меңгертіп қана қоймай, сонымен қатар ұйымдастырушылық, мақсатқа жетуде беріктілік, қайсарлық, тапсырылған істі жауапкершілікпен атқару және басқа жеке қасиеттерін қалыптастырады.

Оқытудағы танымдық іс-әрекеттің жеке түрінің өз шектеулері де бар.

Бұл ұйымға уақыт көп шығындалады және мұғалімдердің күші көп қажет болады. Ол оқытуда ұжымдық дамуға ықпал ете алмайды .



Танымдық қызметтің жаппай түрі – сыныптағы барлық оқушылардың ортақ танымдық тапсырманы бір мезетте орындауын танытады. Бұл – танымдық қызметті ұйымдастырудың кең тараған формасы, ол сабақтарда, семинарларда, саяхаттарда, конференциялар мен көптеген нақты оқу сабақтарында қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет